Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2005 жылғы есебін қарай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2005 жылғы есебі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2005 жылғы есебін жарияласын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті