Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі N 3593 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 мамырдағы N 122 Жарлығы

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс    

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі N 3593  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 32, 291-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың бесінші абзацында "оның қоспаларын" деген сөздерден кейін ", сирек кездесетін металдарды" деген сөздермен, "өңдеуді" деген сөзден кейін ", сирек кездесетін металдардың экспорты мен импортын, уранды, оның қоспаларын және сирек кездесетін металдарды өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барлауды және өндіруді" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады