Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы N 128 Жарлығы

 ҚР ПҮАЖ-ында және     
республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс     

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 125-құжат; 2004 ж., N 15, 183-құжат; 2005 ж., N 21, 247-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:

Бақтыбаев               - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Ілияс Жақыпбекұлы         бірінші орынбасары,

Воронов                 - "Алматы заң корпорациясы" қоғамдық
Виталий Иванович          бірлестігінің президенті
                          (келісім бойынша),

Жолдасбаева             - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлығайым Шалданқызы     Сенатының депутаты (келісім бойынша),

Самақова                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Айткүл Байғазықызы        кеңесшісі - Қазақстан Республикасы
                          Президентінің жанындағы Отбасы істері
                          және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық
                          комиссияның төрайымы,

Шпекбаев                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Алик Жатқамбайұлы         вице-министрі

      енгізілсін;

"Әбділдин               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жабайхан Мүбәракұлы       Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс
                          және қауіпсіздік комитетінің төрағасы,
                          Комиссия төрағасы (келісім бойынша)",

"Юрченко                - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Раиса Николаевна          қылмыстық істер жөніндегі алқасының
                          төрайымы"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Әбділдин               - Қазақстан Республикасы Президенті
Жабайхан Мүбаракұлы       Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімі
                          меңгерушісінің орынбасары, Комиссия
                          төрағасы",

"Юрченко                - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Раиса Николаевна          судьясы";

      аталған Комиссияның құрамынан: Ә.Т.Жүкенов, Н.М.Оразалин, З.Қ.Тұрысбеков, Г.В.Цой шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады