Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 5 шiлдедегi N 648 және 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 1611 жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 8 шiлдедегi N 145 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi N 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 27, 331-құжат; N 39, 397-құжат):

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Қазақстан Республикасы Президентiнiн жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына қатысты емес" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.11.28 N 698 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Жарлығымен).

      2. Осы Жарлық 2006 жылдың 1 шiлдесiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
            Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады