Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы N 158 Жарлығы

 "Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс   

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  3-бабының  3-тармағына,   10-бабының 1-тармағына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :

      1. Алматы қаласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың азаматтық-құқықтық дауларын қарауға уәкiлеттi, облыстық сотқа теңестiрiлген мамандандырылған қаржылық сот құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлыққа сәйкес құрылған соттың төрағасы мен судьяларының лауазымдарына кандидаттарды iрiктеу жөнiнде заңнамада белгiленген тәртiппен шаралар қабылдасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына осы соттың кадр құрамы жөнiнде ұсыныстарды табыс етсiн.

      3. Алматы қаласының әкiмi осы Жарлыққа сәйкес құрылатын сотқа 2006 жылғы 1 қыркүйекке дейiн ғимарат бөлудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi 2006 жылғы 1 қазанға дейiн осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат; N 48, 590-құжат; 2005 ж., N 16, 189-құжат; N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; N 49, 623-құжат; 2006 ж., N 7, 50-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:
      "Облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкiмшілер" деген жолда "2335" деген цифрлар "2337" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар" деген жолда "1470" және "572" деген цифрлар "1492" және "579" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады