Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 221 Жарлығы

 Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшілігі етіп қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады