Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 528 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 7 наурыздағы N 298 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 528  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 55, 599-құжат; 2006 ж., N 43, 472-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi Қорының Жарғысында:
      18-тармақта:
      төртiншi абзацтағы "қалыптастыру" деген сөз "қалыптастыру тәртiбiн айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "заңнамалық актiлермен белгiленген шектерде Қордың өзге заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкiлеттiктерiн құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау.";

      21-28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Қорды басқарудың тұрақты қызмет ететiн алқалық органы төрағаны қоса алғанда, тоғыз адамнан тұратын Қордың Қамқоршылық кеңесi болып табылады.
      Қамқоршылық кеңестiң төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқарушысы болып табылады.
      Қамқоршылық кеңесiнiң құрамын оның төрағасы қалыптастырады және Құрылтайшы бекiтедi.
      22. Қамқоршылық кеңес мүшелерiнiң көпшiлiгi некеде тұратын және жақын туыс адамдар, сондай-ақ Қордың штаттағы қызметкерi бола алмайды.
      23. Қамқоршылық кеңестiң ерекше құзырына:
      Қор қызметiнiң оның жарғылық мақсаттарына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;
      атқарушы директорды тағайындау;
      Қордың ұйымдық қызмет ету мәселелерiн шешу және тиiстi құжаттарды бекiту жатады.
      Қамқоршылық кеңес өз қарауына Құрылтайшының құзырына жататын мәселелерден өзге Қордың қызметiне байланысты кез келген мәселелердi қабылдауға құқылы.
      24. Қамқоршылық кеңестiң отырысы қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және мүшелерiнiң көпшiлiгi қатысқан жағдайда құқылы болып табылады.
      Қамқоршылық кеңестiң шешiмдерi отырысқа қатысқан мүшелерi санының қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады. Қамқоршылық кеңестiң әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие. Дауыстар тең бөлiнген жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының даусы шешушi болып табылады.
      25. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасына Қамқоршылық кеңестiң төрағасы және Қамқоршылық кеңес отырысының хатшысы қол қояды.
      26. Құрылтайшы тағайындайтын директор Қордың жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады.
      Директор:
      Қордың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындайды;
      Қазақстан Республикасының Парламентiмен, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен, саяси партиялармен, өзге де қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынаста Қордың мүдделерiн бiлдiредi.
      27. Қордың жеке-дара атқарушы органы Қамқоршылық кеңестiң төрағасы тағайындайтын атқарушы директор болып табылады.
      28. Атқарушы директор:
      Құрылтайшының, Қамқоршылық кеңестiң және директордың шешiмдерi негiзiнде және оларды орындау мақсатында әрекет етедi және оларға есеп бередi;
      Қордың қызметiн ұйымдастырады және оның нәтижесi бойынша Құрылтайшы мен Қамқоршылық кеңес алдында жауап бередi;
      Қор қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiн белгiлейдi;
      Қамқоршылық кеңестiң шешiмдерiне сәйкес Қордың қаражатына және өзге де мүлкiне иелiк етедi;
      Қордың қызметкерлерiн қызметке қабылдайды және қызметiнен босатады, олардың арасында мiндеттердi бөледi;
      Қордың барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      Қордың атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, оның мүддесiн Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарда, өзге де мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда және шет елдерде бiлдiредi;
      Қордың атынан мәмiлелер жасасады, сотта сөз сөйлейдi, сенiмхаттар бередi, Қор қызметiнiң мәселелерi бойынша өзге де функцияларды орындайды;
      Құрылтайшының, Қамқоршылық кеңестiң, директордың тапсырмасы бойынша өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";

      29-тармақ алып тасталсын;

      31 және 32-тармақтардағы "Атқарушы комитеттiң" деген сөздер "Қамқоршылық кеңестiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады