Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі N 316 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат; 2005 ж., N 21, 244-құжат; 2006 ж., N 20, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Мәсімов               - Қазақстан Республикасының
      Кәрім Қажымқанұлы       Премьер-Министрі, төраға,

      Оразбақов             - Қазақстан Республикасының Индустрия
      Ғалым Ізбасарұлы        және сауда министрі, төрағаның
                              орынбасары,

      Мамытбеков            - Қазақстан Республикасы Президентінің
      Еділ Құламқадырұлы      Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
                              талдау бөлімінің меңгерушісі,

      Сапарбаев             - Қазақстан Республикасының Экономика
      Бердібек Машбекұлы      және бюджеттік жоспарлау
                              вице-министрі;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Д.К. Ахметов, В.С. Школьник, М.Н. Мұханов, Б.Ә. Палымбетов, В.В. Храпунов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады