Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2006 жылғы есепті бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N 343 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің  130-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2006 жылғы есеп бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2006 жылғы есеп пен сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын және мәлімет үшін оның Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2007 жылғы 5 маусымдағы 
N 343 Жарлығымен   
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы 2006 жылғы
ЕСЕП

Астана, 2007 жыл
 
  Мазмұны

1-бөлім . Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны
         пайдалану туралы 2006 жылғы есеп
2-бөлім . Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару
         жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі
         туралы 2006 жылғы есеп
3-бөлім . Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі
         2006 жылғы өзге де деректер

    1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері
        және оны пайдалану туралы 2006 жылғы есеп

Р/с
N

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры
қаражатының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы

сомасы
(мың теңге)

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
есепті кезеңнің басындағы қаражаты

1 080 010 632*

2.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына
түсімдер:

774 306 672

оның ішінде:
мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін
тікелей салықтар (жергілікті бюджеттер-
ге есепке алынатын салықтарды қоспағанда)


  672 113 949

оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы


  470 510 260

үстеме пайдаға салынатын салық

75 652

бонустар

311 479

роялтилер

177 994 581

өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан
Республикасының үлесі

22 979 303

экспортталатын шикі мұнайға, газ конден-
сатына салынатын рента салығы

242 674

республикалық меншіктегі және тау-кен
өндіру мен өңдеу салаларына жататын мем-
лекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін
түсімдер

12 563 028

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаске-
лерін сатудан түсетін түсімдер

3 976 027

шикізат секторы ұйымдарынан республикалық
бюджетке түсетін республикалық бюджетте
жоспарланатын түсімдер сомасының он
проценті мөлшерінде есептелетін
республикалық бюджеттен берілетін ресми
трансферттер**

10 617 223

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқарудан түсетін инвестициялық кірістер

75 035 594

Қазақстан Республикасының заңнамасымен
тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен
кірістер

851

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
пайдаланылуы:

918 912

оның ішінде:
кепілдік берілген трансферттер


  -

нысаналы трансферттер

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті
өткізуге байланысты шығыстарды жабу

918 912

4.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты:

1 853398392***

       Ескертпе:
       * 2006 жылдың басындағы сальдо 1088710 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 50326 теңге айырма мен "Эрнст энд Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген және 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотына дебиторлық берешекті шегеріп тастағанда 376 мың теңге сомасында аударылды.
      ** Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастырудың жаңа тетігін 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізгенге дейін;
      ***2006 жылдың соңындағы сальдо 1457225 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 50326 теңге айырма мен "Эрнст энд Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген.
      2006 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 1080010632 мың теңгені құрады (1078922247 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 2006 жылғы 31 желтоқсанға - 1853398392 мың теңгені (1851941116 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен) құрады.
      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексі қолданысқа енгізілгеннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері мыналар болып табылды:
      1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін іс жүзіндегі түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
      2) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
      3) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелетін республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

   2006 жылғы 1-жартыжылдықта шикізат секторы ұйымдарынан
         республикалық бюджетке түсетін түсімдер
                        (мың теңге)    

Атауы

Жоспар

Бюджетке
есептелді

1

2

3

Шикізат секторы ұйымдарының заңды
тұлғаларынан алынатын
корпоративтік табыс салығы

71 612 349

143 025 635

Шикізат секторы ұйымдары төлем
көзінен ұстайтын резидент заңды
тұлғалардан алынатын
корпоративтік табыс салығы

2 110 960

5 471 109

Шикізат секторы ұйымдары төлем
көзінен ұстайтын резидент емес
заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтік табыс салығы

5 000 000

24 356 934

Шикізат секторы ұйымдарынан
алынатын өндірілген шикізат
тауарларына, көрсетілген
қызметтерге салынатын қосылған
құн салығы

-

-

Шикізат секторы ұйымдарынан
түсетін бонустар

-

-

Шикізат секторы ұйымдарынан
түсетін роялти

14 315 646

89 184 998

Шикізат секторы ұйымдарынан
түсетін жасалған келісімшарттар
бойынша өнімді бөлу жөніндегі
Қазақстан Республикасының үлесі

13 133 276

16 757 743

Республикалық бюджет бойынша
жиыны

106 172 231 278 796 419

      2006 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер республикалық бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін іс жүзіндегі түсімдердің олардың жылдық көлемінен - 172624186 мың теңге асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің, шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жоспарланатын түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелетін - 10617223 мың теңге республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің, 12560637 мың теңге - республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің, 1603534 мың теңге - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттен берілетін ресми трансферттердің, сондай-ақ 851 мың теңге - Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістердің есебінен қалыптастырылды.
      2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігінің өзгеруіне байланысты 2006 жылғы екінші жартыжылдықта күн сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 55 мұнай секторы кәсіпорынынан (бекітілген тізбе бойынша) түсетін тікелей салықтар, республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді аудару жүргізілді.
      2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастырудың жаңа тетігіне сәйкес 501864647 мың теңге аударылды, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтардың түсімі (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) - 499489763 мың теңге, оның 181423810 мың теңгесі (1445803 мың АҚШ долларына барабар) сол күні кезекті айырбастау/қайта айырбастау операцияларын жүргізу жолымен теңгемен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының тиісті шотына есептелген шетелдік валютадағы түсімдер, республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жатқызылған мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер - 2391 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер - 2372493 мың теңге.
      2006 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерінің ұлғаюы мұнай секторы кәсіпорындары санының өсуіне (6-дан 55 кәсіпорынға дейін) байланысты.
      Тұтас алғанда, 2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 774306672 мың теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер - 195802046 мың теңге, жергілікті бюджеттерден берілетін ресми трансферттер - 1603534 мың теңге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан аударымдар - 501864647 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер - 75035594 мың теңге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер - 851 мың теңге.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бюджеттердің
         бөлінісінде түсетін түсімдер (мың теңге)

Р/
с
N

Қазақстан
Республикасының
Ұлттық қорына
түсетін түсімдер

Оның ішінде

2006
жылда
түсімдер-
дің
барлығы

республи-
калық
бюджеттен

жергі-
лікті
бюджеттен

ҚР ҰҚ
ҚБШ**

1

2

3

4

5

6

1

Түсімдердің
БАРЛЫҒЫ:

195 802
046

1 603
534

501 864
647

699 270
227

оның ішінде:
мұнай секторы
кәсіпорындарынан
түсетін тікелей
салықтар (жергі-
лікті бюджеттер-
ге есепке
алынатын
салықтарды
қоспағанда)


  172 624
186


  -


  499 489
763


  672 113
949

оның ішінде:
корпоративтік
табыс салығы

94 130
368

-

376 379
892

470 510
260

оның ішінде:
КТС 101105*

71 413
286

-

320 751
527

392 164
813

КТС 101106*

3 360 149

-

16 199
487

19 559 636

КТС 101107*

19 356
933

-

39 428
878

58 785 811

үстеме пайдаға
салынатын салық

-

-

75 652 

75 652

бонустар

-

-

311 479

311 479

роялти

74 869
352

-

103 125
229

177 994
581

өнімді бөлу жөніндегі
Қазақстан
Республикасының
үлесі

3 624
466 

-

19 354
837

22 979 303

экспортталатын-ши
кі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

-

-  

242 674

242 674  

республикалық
меншіктегі және
тау-кен өндіру мен өңдеу салала-
рына жататын мем-
лекеттік мүлікті
жекешелендіруден
түсетін түсімдер

12 560
637

-

2 391

12 563
028  

ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерін сату-
дан түсетін түсімдер

-

1 603 534

2 372 493

3 976 027

шикізат секторы
ұйымдарынан
республикалық
бюджетке түсетін
республикалық бюджетте жоспар-
ланатын түсімдер
сомасының он про-
центі мөлшерінде
есептелетін рес-
публикалық
бюджеттен беріле-
тін ресми
трансферттер

10 617
223

-

-

10 617 223

       Ескертпе:
       * КТС 101105 - заңды тұлғалар - мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      КТС 101106 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      КТС 101107 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент емес заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      ** ҚР ҰҚ ҚБШ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

      Мұнай секторы кәсіпорындарынан 2006 жылы Қазақстан
      Республикасының Ұлттық қорына түсетін тікелей
                   салықтардың құрылымы

Салық төлемдерінің түрі

Сомасы
(мың теңге)

Жалпы көлемде
үлесі, (%)

1

2

3

Корпоративтік табыс салығы,
оның ішінде:

470 510 260

70,00

КТС 101105*

392 164 813

58,35

КТС 101106*

19 559 636

2,91

КТС 101107*

58 785 811

8,74

Үстеме пайдаға салынатын салық

75 652

0,01

Бонустар

311 479

0,05

Роялти

177 994 581

26,48

Өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан
Республикасының үлесі

22 979 303

3,42

Экспортталатын шикі мұнайға,
газ конденсатына салынатын
рента салығы

242 674

0,04

БАРЛЫҒЫ:

672 113 949

100,00

       Ескертпе:
       * КТС 101105 - заңды тұлғалар - мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      * КТС 101106 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      * КТС 101107 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент емес заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша).

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтардың түсімдерінде негізгі бөлігін (70,0 %) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан кейін үлесі түсімдердің жалпы сомасының 26,48%-ін құрайтын роялти алады. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түсімдердің жалпы сомасында 3,42%-ті құрады.
      Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке бюджеттік даму бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыруға кепілдік берілген трансферт түрінде жұмсалады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан 2006 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттің көлемі 76631000 мың теңге сомасында бекітілді.
      Сонымен бірге, 2006 жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті тартпауға мүмкіндік берді.

  2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметі туралы 2006 жылғы есеп

      "КПМГ Аудит" ЖШС жүргізген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.

                                                      1-нысан

   Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін
  сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
          Ұлттық Банкінің теңгерімі (мың теңге)

Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің теңгерімі

2006 жылы

2005 жылы

1

2

3

Активтер:
ақша және оның баламалары


  106 593 302


  29 180 345

туынды қаржы құралдарын
қоспағанда, пайда немесе шығын
арқылы әділ құны бойынша
ескерілетін қаржы құралдары

1 758 014 313

1 052 050 955

туынды қаржы құралдары

4 144 085

2 164 939

дебиторлық берешек

3 038 507

336 949

Активтердің барлығы

1 871 790 207

1 083 733 188

Міндеттемелер:
туынды қаржы құралдары


  2 761 288


  1 421 811

кредиторлық берешек және
есептелген шығыстар

17 087 803

3 389 130

Міндеттемелердің барлығы

19 849 091

4 810 941

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шотына енгізілген
таза активтер

1 851 941 116

1 078 922 247

Таза активтер

1 851 941
116

1 078 922 247

      2006 жылғы 31 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кредиторлық берешегінің және есептелген шығыстарының жалпы сомасы 17087803 мың теңгені құрады, одан:
      инвестициялық операциялар бойынша шетелдік валютадағы кредиторлық берешек - 15630578 мың теңге;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін кредиторлық берешек - 1457225 мың теңге, оның ішінде:
      активтерді басқарғаны үшін комиссия - 1333924 мың теңге, оның ішінде:
      1263404 мың теңге - сыртқы басқарушылардың қызметтері;
      70520 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиясы;
      басқа есептелген шығыстар - 123301 мың теңге, оның ішінде:
      97301 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы кастодианы "ABN AMRO Mellon Global Securities Services" қызметтері үшін;
      26000 мың теңге - аудиторлық қызметтер үшін.
      2006 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетелдік валютадағы дебиторлық берешекті білдіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 3038507 мың теңгені құрады.
      2006 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 28 наурыздағы N 53 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына 376 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешекті өтеуді жүргізді. 2005 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы дебиторлық берешек 2002 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиясы бойынша есептелген шығыстарды азайту арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерімен есеп айырысуды жүргізуден Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялық шығыстарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына өтеуге жататын сомаға құралды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың 2006 жылғы қорытындылар бойынша есептелген кірістер мен шығыстар бойынша негізгі көрсеткіштер мынаны құрады:
      1) басқару нәтижелері бойынша кірістер - 114067112 мың теңге;
      2) басқарудан шығыстар - 1287427 мың теңге;
      3) теңгемен қайта бағалау (қайта есептеу) жөніндегі айырма теңгемен - (39031518) мың теңге.
      Осылайша, шығыстарды шегергенге дейін таза активтердің нетто-өсімі 75035594 мың теңгені құрады, шығыстарды шегергеннен кейін таза активтердің нетто-өсімі 73748167 мың теңгені құрады, таза кіріс - 112779685 мың теңгені құрады.
      "ABN AMRO Mellon Global Securities Services" кастодиан банкінің деректері бойынша 2006 жылғы 1 қаңтар - 2006 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде функционалды (базалық) валюта - АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (жұмсалған және жұмсалмаған) 908740 мың АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты. Мәмілелер жасасуға арналған шығындарды ескере отырып түзетілген инвестициялық кіріс "ABN AMRО Mellon Global Securities Services" кастодиан банкінің деректері бойынша 2006 жылғы 1 қаңтар - 2006 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде 904648 мың АҚШ долларын құрады.

                                                       2-нысан

   Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін
   сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
   Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп
                         (мың теңге)  

Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының активтерін басқару
жөніндегі кірістер мен шығыстар

2006 жылы

2005 жылы

1

2

3

Кірістер:
сыйақы түріндегі кірістер


  41 106 540


  20 778 979

дивидендтер түріндегі кірістер

6 512 527

3 376 704

форвардтық валюталық келісім-
шарттарды қоспағанда, пайда
немесе шығын арқылы әділ құн
бойынша ескерілетін қаржы құралда-
рынан түсетін кіріс

17 738 988

28 082 011

туынды қаржы құралдарынан түсетін
таза кірістер (шығындар)

(12 910 636)

25 242 816

шетелдік валюталарды қайта
бағалаудан түсетін таза кірістер
(шығындар)

61 619 693

(51 898 589)

Кірістердің барлығы

114 067 112

25 581 921

Шығыстар:
активтерді басқарғаны үшін
комиссиялар


  1 083 937


  1 206 880

кастодиандық қызметтерге ақы төлеу
жөніндегі шығыстар

170 354

94 292

кәсіби қызметтерге ақы төлеу
жөніндегі шығыстар

13 000

13 000

бағдарламалық өнімдерді және ақпа-
раттық дерекқорды пайдаланғаны
үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар

20 136

18 249

Шығыстардың барлығы

1 287 427

1 332 421

Таза кіріс

112 779 685

24 249 500

       Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға байланысты жалпы сомасы 918912 мың теңге мынадай шығыстар төленді:
      439169 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік  басқарғаны үшін сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы, оның 135722 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 303447 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      309070 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы, оның 225548 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 83522 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      142989 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шетелдік кастодианы "ABN AMRO Mellon Global Securities Services" Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсеткені үшін төлем, оның 67864 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 75125 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      14723 мың теңге - "Barra International LTD" компаниясының бағдарламалық өнімін пайдаланғаны үшін төлем, оныі 10941 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 3782 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      11206 мың теңге - "Yield Book" компаниясының қызметтері үшін төлем, оның 8025 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 3181 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      1755 мың теңге - "Morgan Stanley Capital International" компаниясының қызметтері үшін төлем, оның 1169 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 586 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін.

                                                       3-нысан

   Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін
   сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің ақша қозғалысы туралы есептер
                       (мың теңге)

Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының ақша қозғалысы

2006 жылы

2005 жылы

1

2

3

Операциялық қызметтен болатын
ақша қозғалысы
таза кіріс


 

    112 779 685


 

    24 249 500

Түзетулер (пайда немесе шығын
арқылы әділ құн бойынша
есептелетін қаржы құралдарынан
болатын іске асырылмаған шығын
(кіріс)

(47 389 495)

7 239 941

Операциялық активтер мен
міндеттемелердегі
өзгерістерге дейінгі
операциялық қызметтен
болатын ақша қозғалысы

65 390 190

31 489 441

Операциялық активтердің азаюы
(ұлғаюы):
туынды қаржы құралдарынан басқа,
пайда немесе шығын арқылы әділ
құн бойынша есептелетін қаржы
құралдары


 

    (697 605 381)


 

    (385 501 766)

туынды қаржы құралдары

(1 979 146)

(354 382)

дебиторлық берешек

(2 701 558)

(225 445)

Операциялық міндеттемелердегі
ұлғаю (азаю):
туынды қаржы құралдары


 

    1 339 477


 

    (4 676 389)

кредиторлық берешек және
есептелген шығыстар

13 698 673

(5 737 098)

Операциялық қызметте ақшаны
таза пайдалану

(621 857 745)

(365 005 639)

Қаржылық қызметтен болатын
ақша қозғалысы



Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінен түсетін түсімдер

699 270 702

369 258 276

Ақшадағы және оның балама-
ларындағы таза ұлғаю (азаю):

77 412 957

4 252 637

Жыл басындағы ақша және оның
баламалары

29 180 345

24 927 708

Жыл соңындағы ақша және оның
баламалары

106 593 302

29 180 345

                                                       4-нысан

   Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін
   сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкінің таза активтеріндегі өзгерістер туралы
                  есептер (мың теңге)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры
қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы

Сомасы

2004 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

666 540 924

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен
түскен түсімдер

369 258 276

Таза кіріс

24 249 500

Валютаны қайта бағалаудың активтердің
бастапқы сальдосына әсері

19 329 687

Валютаны қайта бағалаудың таза кіріске әсері

(456 140)

2005 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

1 078 922 247

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен
түскен түсімдер

699 270 702

Таза кіріс

112 779 685

Валютаны қайта бағалаудың активтердің
бастапқы сальдосына әсері

(54 603 451)

Валютаны қайта бағалаудың таза кіріске әсері

15 571 933

2006 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

1 851 941 116

       Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2006 жылдың аяғында 1851941116 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), жылдық өсім 72%-ті құрады. Негізінен активтердің ұлғаюы мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) көлемінің өсуі есебінен болды.

  3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару
жөніндегі 2006 жылғы өзге де деректер

       1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару

      Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне сәйкес жеткілікті өтімділік деңгейінің тәуекел деңгейінің біркелкілігі жағдайында ұзақ мерзімде перспективада кірістіліктің жоғары деңгейінің сақталуын қамтамасыз ету, оны ұстап тұру, инвестициялық кірістер алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарына орналастырылады. Осыған байланысты, әлемдік экономика конъюнктурасының өзгеруі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметіне елеулі әсер етеді.
      Халықаралық капитал нарықтарының конъюнктурасы 2006 жылы қор нарығының инвесторлары үшін де, тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар нарығының инвесторлары үшін де қолайлы қалыптасты.
      Сонымен қатар қор нарықтарының акцияларына инвестициялардың кірістілігі тіркелген кірісі бар бағалы қағаздарға қаражат салудың кірістілігінен едәуір асып түсті. Мәселен, жинақтау қоржыны акцияларының қосалқы қоржынының кірістілігі 18,54%-ті, ал жинақтау қоржынының белгіленген кірісі бар бағалы қағаздар қосалқы қоржынының кірістілігі (облигациялар) 5,65%-ті құрады.
      Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару 2006 жылы әлемдік экономиканың өсуінің жалғасуы, АҚШ-та, Ұлыбританияда және Еуроаймақта проценттік ставкалардың өсуі және АҚШ долларының негізін валюталарға қатысты әлсіреуі жағдайында жүзеге асырылды. Базалық валюта - АҚШ доллары бағамының төмендеуі әлемдік капитал нарықтарында қалыптасқан қолайлы конъюнктурамен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінен 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы неғұрлым жоғары кірістілік алуға ықпал етті. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару нәтижелері бойынша 2006 жылы 8,67%-ті мөлшерінде кірістілік алынды, ал 2005 жылы кірістілік 3,29% құраған болатын.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие. 2006 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюта қоржынының жалпы нарықтық құны 14092776907 АҚШ долларына, оның ішінде тұрақтандыру қоржыны - 2327315662 АҚШ долларына (16,51%) және жинақтау қоржыны - 11765461245 АҚШ долларына (83,49%) тең болды.
      Бағалы қағаздар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қоржынының құрамына кіретін басқа қаржы құралдарының нарықтық құны Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының нарықтық құны Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кастодиан банкі "ABN AMRO Mellon Global Securities Services" деректеріне негізделеді.

  Қор құрылғаннан бергі кірістілігі, АҚШ долларымен

      Қағаз мәтінінен қараңыз

  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу
құрылымы, %-пен

      Қағаз мәтінінен қараңыз

  Тұрақтандыру қоржынының активтерін бөлу серпіні

      Қағаз мәтінінен қараңыз

  Жинақтау қоржынының активтерін бөлу серпіні

      Қағаз мәтінінен қараңыз

      Инвестициялық кіріс Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры  құрылған кезеңінен бастап 2006 жылғы 31 желтоқсан аралығында 1672 млн. АҚШ доллары болды. Қазақстан республикасы Ұлттық қорының кірістілігі құрылған кезеңінен бастап 2006 жылғы 31 желтоқсан аралығында 34,46%-ті құрады, бұл өткен жылдық көрсеткіште 5,44% болды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері мынадай   санаттар (инвестициялық қоржын түрлері) бойынша жіктелген:
      тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қоржыны;
      акциялар қоржыны;
      активтерді тактикалық орналастыру қоржыны;
      тұрақтандыру қоржыны.
      Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің әрбір сыныбы оның негізінде активтердің кірістілігі бағаланатын эталондық қоржынның индексіне қатысты басқарылады. Эталондық қоржын индекстері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асырудың ережесімен айқындалады.
      Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі толығымен оның дербес басқаруындағы тұрақтандыру қоржынының активтерін ақша нарығы құралдарына әрі АҚШ-тың Қазынашылық және агенттіктерінің мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырды.
      Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 4,82%-ті болды, осы кезеңдегі эталондық қоржынының кірістілігі (Merril Lynch 6-month US Treasury Bill Index) 4,81%-ті құрады.
      Жинақтау қоржынының кірістілігі 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 8,89% болды. Эталондық қоржынының кірістілігі осы кезең ішінде 9,36% болды. Жинақтау қоржынының үстеме кірістілігі 2006 жылы (-) 0,48%-ті құрады.
      Сонымен қатар жинақтау қоржынының активтерін басқару нәтижелері барлық мандат түрлері бойынша оң нәтижелер ретінде көрсетілген. Алайда, 2006 жылы кірістіліктің барынша үлкен көрсеткішіне "Жаһандық акциялар" мандат түрі бойынша және "Активтерді жаһандық тактикалық бөлу" мандат түрі бойынша активтерді басқару нәтижесіне қол жеткізілген. Осылайша, бірінші мандат түрі бойынша кірістілік 18,54%-ті құрады, ал екінші мандат түрі бойынша 2006 жылғы кірістілік 8,69%-ті құрады. "Жаһандық облигациялар" мандат түрі бойынша басқарылатын жинақтау қоржыны активтерінің кірістілігі 2006 жылы 5,65%-ті кірістілікті құрады.

  Мандат түрлері бойынша жинақтау қоржынының кірістілігі

      Қағаз мәтінінен қараңыз

  Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі

      Қағаз мәтінінен қараңыз

       2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнінде 2006 жылы өткізілетін іс-шаралар туралы қосымша ақпарат

      Қазақстан Республикасы  Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641  Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында мұнай түсімдерін бөлудің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеуінің жаңа жүйесі енгізілді.
      Жаңа тетіктің негізінде әлемдік оң тәжірибені ескере отырып, әзірленген теңгерімді бюджет әдісі алынды.
      Айталық, Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне сәйкес мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), республикалық меншіктегі және тау-кен және өңдеуші салаларға жатқызылған мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберіледі.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы аудитін жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаңа жұмыс істеу жүйесіне көшуі шеңберінде мынадай нормативтік құқықтық актілер әзірленді және қабылданды:
      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" сөйлеу белсенді диалог нысанында жүргізілді, оның барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атына айтылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берілді;
      2006 жылғы 12 мамырда Қазақстан киноматографистер одағының "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" бейнефильмін түсіру аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің киносұхбаты болды;
      2006 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі "Хабар" телеарнасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мәселелеріне арналған "Бетпе-бет" бағдарламасына қатысты және тікелей эфирде бағдарламаның жүргізушісі мен телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын 2005 жылда қалыптастыру мен пайдалану және сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы есеп "Егемен Қазақстан" газетінде 2006 жылғы 8 қыркүйекте N 214, "Казахстанская правда" газетінде 2006 жылғы 9 қыркүйекте N 208 жарияланды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің web-сайтында орналастырылды;
      2006 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрі "Литер" газетіне "Раскрываем секреты нефтяного фонда" тақырыбына сұхбат берді;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мәселелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Business Week" журналына берген сұхбатында да жарияланды;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметі туралы қажетті ақпарат, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметін реттейтін есептер, нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің web-сайтына (www.minfin.kz) орналастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады