Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 345 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбындағы "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия" деген сөздер "Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлері үшін" деген сөздер "Мәдениет саласында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;

      3) тармақшадағы "Мемлекеттік стипендияға" деген сөздер "мемлекеттік стипендияларға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады