Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Азаптауларға қарсы комитеттің 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21 және 22-баптарында көзделген құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасы мәлімдемесінің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы Қазақстан Республикасының атынан Азаптауларға қарсы комитеттің 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21 және 22-баптарында көзделген құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қойсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қол қойылған Мәлімдемені сақтауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 493 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
жоба
Азаптауларға қарсы комитеттің 1984 жылғы 10 желтоқсандағы
Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын
және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне
қарсы конвенцияның 21 және 22-баптарында көзделген құзыретін
тану туралы Қазақстан Республикасының
МӘЛІМДЕМЕСІ
1984 жылғы 10 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы осымен 21-бапта баяндалған ережелерге сәйкес Азаптауларға қарсы комитеттің осы Конвенция бойынша Қазақстан Республикасы өз міндеттемелерін орындамай отырғандығы туралы бір қатысушы мемлекеттің мәлімдемесіне қатысты хабарламаны алу және қарау құзыретін таниды.
1984 жылғы 10 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы осымен 22-бапта баяндалған ережелерге сәйкес Азаптауларға қарсы комитеттің Конвенция ережелерін Қазақстан Республикасының бұзуының құрбаны болып табылатындығына сендіретін олардың заңи құзыретіндегі адамдардың хабарламасын немесе оның атынан түсетін осы тектес хабарламаларды алу және қарау құзыретін танитындығын мәлімдейді.