Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының Грузиямен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Грузиядағы Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті