Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 11, 120-құжат; N 38, 430-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында:
көрсетілген комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары,
Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі,
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ басқармасының төрағасы;
"Келімбетов Қайрат Нематұлы - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ басқармасының төрағасы" деген жол алып тасталсын;
көрсетілген комиссияның құрамынан Ә.Р.Жақсыбеков және Ғ.І.Оразбақов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев