Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2008 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 шілдедегі N 635 Жарлығы

  Республикалық баспасөзде  
жариялануға тиіс      

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының  2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  69-бабына  сәйкес, 2002 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады