Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 659 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 3, 36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сарбасов                               - Қазақстан Республикасы Еңбек
Ақмәди Әділұлы                           және халықты әлеуметтік
                                         қорғау министрлігінің
                                         департамент директоры,
                                         комиссия хатшысы,

Күрішбаев                              - Қазақстан Республикасы
Ақылбек Қажығұлұлы                       Ауыл шаруашылығы министрі,

Школьник                               - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич                       Индустрия және сауда
                                         министрі;

      көрсетілген комиссияның құрамынан А.С. Есімов, Ғ.І. Оразбақов, Е.М. Рахымбергенов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады