Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы N 725 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.04.02 № 962 Жарлығымен

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 35, 480-құжат; 2007 ж., N 17, 186-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасында :
      5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ұлттық қордың активтерін басқару
      Ұлттық қорды басқару кезінде инвестициялық операциялардың негізгі мақсаттары:
      Ұлттық қор активтерінің сақталуы;
      Ұлттық қордың активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;
      тәуекелдің қалыпты деңгейі жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету болып табылады.
      Ұлттық қор активтерінің ұйымдық құрылымы Ұлттық қордың мақсаттарына сәйкес айқындалады.
      Ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету кірістіліктің қысқа мерзімді ауытқуын көздейді.
      Ұлттық қордың активтерін басқару алдыңғы қатарлы практикаларды пайдаланумен осындай қорларды басқарудың әлемдік тәжірибесі ескеріле отырып және әлемдік қаржы нарықтарының конъюнктурасы ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
      Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
      Ұлттық қордың активтерін орналастыру Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қаржы құралдарына жүзеге асырылуы тиіс. Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес - материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңес органы.";
      көрсетілген Тұжырымдаманың қосымшасында "Ұлттық қордың орта мерзімді кезеңге арналған негізгі көрсеткіштер (2007-2009 жж.)" деген кесте алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады