"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге ("Оңтүстік - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі (ОАӨЭЫ - 1b және 6b)) қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 маусымдағы N 825 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің ("Оңтүстік - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі (ОАӨЭЫ - 1b және 6b)) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге ("Оңтүстік - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі (ОАӨЭЫ - 1b және 6b)) кол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2009 жылғы 13 маусымдағы
N 825 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН    

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім ("Оңтүстік - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс
Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі (ОАӨЭЫ - 1b және 6b))

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ("Қарыз алушы") мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ("Банк") арасындағы 200___ жылғы ___________ қарыз туралы келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы келісті:

I БАП
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы талаптар (осы Келісімге Толықтыруда анықталған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдердің оларға Жалпы ережелерде немесе осы Келісімге Толықтыруда жазылған мәндері болады.

ІI БАП
ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға екі миллиард бір жүз жиырма бес миллион АҚШ долларына тең (2 125 000 000 АҚШ доллары) соманы беруге келісті, осындай сома осы Келісімге 1-қосымшада сипаттамасы келтірілген жобаны ("Жоба") қаржыландыруда жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде сілтеме жазылған немесе бар мерзімге және шарттарда осы Келісімнің ("Қарыз") 2.07 бөлімінің ережелеріне сәйкес Валюталарды айырбастау арқылы мерзімді айырбасталуы мүмкін.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес алуға құқығы бар.
      2.03. Қарыз алушы төлеуі тиіс қарызды ашқаны үшін банктік комиссия Қарыз сомасының бір пайызының (0,25) төрттен бір бөлігін құрайды. Қарыз алушы Банкке қарызды ашқаны үшін қарызды орналастыру басталған күннен бастап 60 күннен кешіктірмей комиссия төлейді.
      2.04. Қарыз алушының төлеуі тиіс сыйақы әрбір пайыздық кезең ішінде Қарыз валютасы косу ауыспалы спред үшін LIBOR ставкасына тең ставка бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін Конверсиялау кезінде Қарыз алушы осындай сомаға Конверсиялау кезеңі уақытында төлеуге жататын сыйақы Жалпы ережелердің IV Бабының шарттарына сәйкес анықталуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қарыздың өтелмеген алынған қалдығының кез келген бөлігі уақтылы төленбей қалса және отыз (30) күннің ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуі тиіс сыйақы мөлшері Жалпы ережелердің 3.02 (d) Бөлімінің ережелеріне сәйкес есептелуі тиіс.
      2.05. Әр жылдың 15 мамыры және 15 қарашасы төлем күндері болып табылады.
      2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
      2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз шартының кез келген мынадай Конверсияларын сұрата алады: (і) Мақұлданған Валютаға алынған да, алынбаған да барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының кез келген бөлігінің Қарыз Валютасын өзгерту; (іі) Құбылмалы пайыздың ставкадан пайыздың ставкаға Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын пайыздың ставканың базисін өзгерту, және керісінше, және (ііі) Құбылмалы пайыздың ставканың жоғарғы немесе төменгі шектерін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын Құбылмалы Тіркелген пайыздық ставканың шектерін анықтау.
      (b) Осы Бөлімнің (а) параграфына сәйкес сұратылған, Банк қабылдаған кез келген өзгеріс Жалпы ережелерде анықталғандай, "Конверсия" болып саналады және Ережелердің IV Бабының және Конверсия бойынша Басшылықтың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.

III БАП
ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы Жобаның мақсаттарына қол жеткізуді өзінің жақтайтынын мәлімдейді және осы мақсатта ҚР Көлік және коммуникация министрлігі арқылы Жалпы шарттардың V Бабының ережелеріне сәйкес Жобаны жүзеге асырады.
      Осы Келісімнің 3.01 Бөлімінің ережелерін шектемей және Қарыз алушы мен Банктің арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Келісімнің 2-қосымшасының ережелеріне сәйкес Жобаның іске асырылуын қамтамасыз етеді.

IV БАП
КҮШІНЕ ЕНУІ

      4.01. Күшіне енудің қосымша шарттары мынада:
      (а) ККМ Жобаның іс-шараларын орындау мақсатында ЖБК-мен нысаны және мәні бойынша Банк үшін қанағаттанарлық келісім жасасты.
      (b) Қарыз алушы ККМ арқылы Банк үшін қанағаттанарлық ЖБСҚІ бойынша Іс-шаралар жоспарын қабылдады.
      4.02. Осы Келісімге қол қойылған күнінен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім болып табылады.

V БАП
ӨКІЛДЕР; МЕКЕН-ЖАЙЛАР

      5.01. Қаржы министрлігі Қарыз алушының өкілі болып табылады.
      5.02. Қарыз алушының мекен-жайы:

      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы

                  Телекс:                Факс:
                  265126 (FILIN)         (7)(7172) 717785

      5.03. Банктің мекен-жайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
      1818 H Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America

      Телеграфтық мекен-жайы:      Телекс:                  Факс:

      INTBAFRAD                    248423(МСI) немесе 1-202-477-6391
      Washington, D.C. 64145(МСI)

      Қазақстан Республикасы Астана қаласында жоғарыда көрсетілген күні және жылы КЕЛІСІЛДІ.

                        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ:

                                Уәкілетті өкіл

                        ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ
                        ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ

                                Уәкілетті өкіл

1-ҚОСЫМША Жобаны сипаттау

      Жобаның мақсаты Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шекарасынан Шымкентке дейінгі автожол учаскелерінде көлік жұмысының тиімділігін арттыру, Қазақстанда автомобиль жолдарын басқаруды жетілдіру және автожол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыру болып табылады.
      Жоба мынадай бөліктерден тұрады:

       1-бөлік:         Қызылорда облысындағы автожол учаскелерін
                      жаңғырту және қайта жаңарту

      Қызылордадағы айналма жолды қоспағанда, Қызылорда облысындағы автожолдың учаскелеріне жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу кезінде қолдау көрсету үшін құрылыс жұмыстары.

       2-бөлік:        Оңтүстік Қазақстан облысындағы автожол
                     учаскелерін жаңғырту және қайта жаңарту
                     (Қызылорда облысының шекарасы - Шымкент )

      Қызылордадағы айналма жолды қоса алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы автожолдың учаскелеріне жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу кезінде қолдау көрсету үшін құрылыс жұмыстары.

       3-бөлік:        Жобаны басқару жөніндегі консультанттар

      Жобаны іске асыруда ҚР ККМ-нің жәрдемдесуі үшін консалтингтік қызметтер көрсету.

       4-бөлік:        Жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін
                     институционалдық дамыту және арттыру әрі жол
                     маңындағы сервисті дамыту

      (а) Зерттеулер жүргізу үшін мына мақсатта консультациялық қызметтер көрсету: (і) автомобиль жолдарын басқаруды күшейту және автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту жөніндегі нұсқаларды шолу; (іі) жобаларды басқару жөніндегі әлеуетті күшейту мақсатында Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлерін оқыту; (ііі) автомобиль жолдарын басқару жүйесін енгізу; (іv) қоршаған ортаны қорғау үшін қадағалауды жақсарту; (v) жобалау кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін ескеру жөніндегі басшылықты дайындау; (vі) жол желілері қауіпсіздігінің физикалық аудитін жүргізу; (vіі) неғұрлым қауіпті авариялық учаскелерді анықтау бойынша әдіснама құру; (vііі) авариялардың әлеуметтік құнын бағалау; (іх) ЖКО саласында зерттеулер жүргізу аясында ККМ институттары әлеуетін нығайту; және (х) Жоба бойынша жол учаскелері бойындағы жол маңындағы сервисті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау.
      (b) Автомобиль жолдарын басқару жүйесі үшін тауарлар мен жабдықтар беру.

       5-бөлік:        Құрылыс жұмыстарын қадағалау

      Жобаның 1-бөлігі және 2-бөлігі бойынша құрылыс жұмыстарына қадағалау жүргізу үшін консультациялық қызметтер көрсету.

2-ҚОСЫМША

Жобаны іске асыру

I бөлім. Іске асыру тетіктері

А. Институционалдық тетіктер

      Қарыз алушы Жобаны мынадай институционалдық және басқа тетіктерге сәйкес іске асырады:
      1. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы ЖБК-нің көмегімен Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарында, Қоныс аудару және ҚОӘБ саясаты жөніндегі құжатта көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастыру тетіктеріне және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асырады және Банктің алдын ала келісімінсіз Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықтың, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарының, Қоныс аудару және ҚОӘБ саясаты жөніндегі құжаттың қандай да бір ережелерін қайта бере, өзгерістер енгізе, жоя немесе олардан бас тарта алмайды.
      2. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы:
      (а) Жоба шеңберінде қандай да бір жұмыс басталғанға дейін Қоныс аудару саясаты жөніндегі құжатқа сәйкес Банк үшін қанағаттанарлық Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарларын дайындауды жүзеге асырады; және
      (b) Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Жобаны іске асырады; және
      (с) Банктің алдын ала келісімінсіз тиісті Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарларының қандай да бір ережелеріне өзгерістер енгізе, жоя немесе олардан бас тарта алмайды.
      3. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы:
      (а) Жоба шеңберінде қандай да бір жұмыстар басталғанға дейін ҚОӘБ сәйкес Банк үшін қанағаттанарлық Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарларын дайындайды; және
      (b) Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарларына сәйкес Жобаны іске асырады; және
      (с) Банктің алдын ала келісімінсіз тиісті Табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарларының қандай да бір ережелеріне өзгерістер енгізе, жоя немесе олардан бас тарта алмайды.
      4. Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде Қарыз алушы ЖБК-нің Банк үшін қанағаттанарлық құрамда, ресурстармен және техникалық тапсырмаларға сәйкес қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс.
      5. Қарыз алушы ККМ арқылы: (і) сатып алудың тәуелсіз аудитін жүргізуге жәрдемдесу үшін жобаға қатысты барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдауы; және (іі) Банк үшін қолайлы Техникалық тапсырма шеңберінде осындай аудит нәтижелері мен ұсынымдарын негізге ала отырып, тез арада әрекет етуі тиіс.

В. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

      Қарыз алушы Жобаны іске асыруды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басшылықтың ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді.

II бөлім. Жобаның мониторингі жөніндегі есептілік және оны бағалау

А. Жоба бойынша есептер

       1. Қарыз алушы Жобаны іске асыру барысының мониторингін және оны бағалауды жүзеге асырады және Жалпы талаптардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша есептер дайындайды. Жоба бойынша әрбір есеп бір күнтізбелік тоқсандағы кезеңді қамтуы және осы есеппен қамтылған кезең аяқталғаннан кейін 45 (қырық бес) күннен кешіктірілмей Банкке ұсынылуы тиіс.
      2. 2010 жылға 31 желтоқсаннан кешіктірмей және кейіннен жыл сайын Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы Банкпен бірлесіп, Жобаны іске асыруда қол жеткізілген прогресті талдауды (бұдан әрі жыл сайынғы шолу деп аталады) жүргізеді. Жыл сайынғы шолу басқаларымен қатар мыналарды қамтиды:
      (а) Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс; және
      (b) нәтижелердің индикаторларына сәйкес Жобаны орындаудың жалпы нәтижелері.
      3. Жыл сайынғы шолуға дейін кемінде 4 (төрт) апта бұрын Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы Банкке Жобаның әрбір құрауышын іске асырудың мәртебесін сипаттай отырып, жеке есеп және Жобаны жалпы іске асыру туралы жиынтық есеп береді.

В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит

      1. Қарыз алушы Жалпы талаптардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізуге немесе оның жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережелері үшін шектеусіз, Қарыз алушы әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей, Банк үшін қанағаттанарлық нысан және мазмұн бойынша осы тоқсан үшін аралық, аудиторлық тексеруден өтпеген Жоба бойынша қаржылық есептерді дайындауға және Банкке ұсынуға міндетті.
      3. Қарыз алушы өзінің Қаржылық есептілігінің аудитін Жалпы талаптардың 5.09 (b) бөлімнің ережелеріне сәйкес жүргізуге міндетті. Қаржылық есептілік бойынша әрбір аудит Қарыз алушының бір қаржы жылындағы қезеңді қамтуы тиіс. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік Банкке тиісті кезең аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

ІІІ бөлім. Сатып алулар

А. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар және Жұмыстар . Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен жұмыстар Сатып алу жөніндегі басшылықтың I бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      2. Консультанттардың қызметі . Консультанттардың Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық қызметтері Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі басшылықтың I және IV Бөлімдерінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      3. Анықтамалар . Сатып алудың белгілі бір әдісін немесе белгілі бір келісім-шарттарды Банктің қарау әдістерін сипаттау үшін осы Бөлімде төменде пайдаланылатын, бас әріптен басталатын терминдер нақты жағдайға байланысты Сатып алу жөніндегі басшылықта немесе Консультанттар жөніндегі басшылықта сипатталған белгілі бір әдістерге сәйкес келеді.

В. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың ерекше әдістері

      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық . Егер төмендегі 2 тармақта өзгеше көзделмеген болса, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне сәйкес табысталған келісім-шарттар бойынша жүзеге асырылады.
       2. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың өзге әдістері . Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық сауда-саттықты қоспағанда, сатып алудың тауарлар мен жұмыстарға қолдануға қолайлы болуы мүмкін әдістері ұсынылған. Сатып алу жоспары осы немесе өзге әдісті қолдану мүмкін болған жағдаяттарды қамтуы тиіс.      

Сатып алу әдісі

(а) осы 2-қосымшаға Толықтыруда белгіленген қосымша ережелерге сәйкес ұлттық конкурстық сауда-саттық

(b) Еркін саудадағы сатып алу

(с) Келісім-шарттарды тікелей жасасу

С. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың ерекше әдістері

      1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-параграфта өзгеше көзделмеген болса, консультациялық қызметтерді сатып алу Сапа және құн негізінде іріктеу рәсімдеріне сәйкес тағайындалған келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.

       2. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың өзге әдістері. Төмендегі кестеде сатып алудың Сапа және құн негізінде іріктеуді қоспағанда, Консультанттардың қызметтерін сатып алу кезінде қолданылуы мүмкін әдістері ұсынылған.     

Сатып алу әдісі

(а) Сапа негізінде іріктеу

(b) Тіркелген бюджет кезіндегі іріктеу

(с) Ең төменгі құны бойынша іріктеу

(d) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу

(е) Бір көзден сатып алу

(f) Жеке консультанттарды іріктеу үшін Консультанттар бойынша басшылықтың 5.2 және 5.3-параграфтарында белгіленген рәсімдер

D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді қарауы

      Сатып алу жоспарында Банк алдын ала қарауға тиіс келісім-шарттар көрсетілуі тиіс. Барлық басқа келісім-шарттар Банктің кейіннен қарауына жатады.

IV бөлім. Қарыз қаражатын шоттан алу

А. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушы Жалпы талаптардың II бабының , осы Бөлімнің және төмендегі 2-параграфтағы кестеге сәйкес Заңды шығыстарды қаржыландыру үшін Банк Қарыз алушыға берген хабарламада көрсететін қосымша нұсқаулықтың ережелеріне (Банк дүркін-дүркін қайта қарап отыратын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын 2006 жылғы мамырдағы "Жобалардың қаражатын игеру жөніндегі Дүниежүзілік банктің басшылығын" қоса алғанда) сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан ("Санат") қаржыландырылуы мүмкін Заңды шығыстардың санаты, әрбір Санат бойынша бөлінген Қарыз сомасы және әрбір Санат бойынша Заңды шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі айқындалған.      

Санаты

Бөлінген Қарыз сомасы (долларлық баламада)

Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесі (салықтарды қоса алғанда)

(1) Жобаның 1-бөлігі бойынша жұмыстар

1 134 300 000

85 %

(2) Жобаның 2-бөлігі бойынша жұмыстар

747 200 000

85 %

(3) Жобаның 3-бөлігі бойынша консультанттардың қызметтері

5 500 000

85 %

(4) Жобаның 4-бөлігі бойынша консультанттардың қызметтері

2 100 000

85 %

(5) Жобаның 5-бөлігі бойынша консультанттардың қызметтері

46 800 000

85 %

(6) Жобаның 4-бөлігі бойынша тауарлар

900 000

85 %

(7) Бөлінбеген шығыстар

188 200 000



ЖАЛПЫ СОМА

2 125 000 000



В. Алу шарттары; алу кезеңі

      1. Осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат мынадай жағдайларда алынбауы тиіс:
      (а) банктік комиссия сомасы Банкке толық көлемде төленгенге дейін Қарыз шотынан; және
      (b) Автомобиль жолдары комитетін нығайтудың және автожолдар желісінің жалпы жағдайын жақсартудың нұсқалары қаралатын зерттеуді Қарыз алушы жүргізгенге және Банкпен Автомобиль жолдары комитетін нығайту және осы зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу тетігін келіскенге дейін (2) Санаттың шығыстары үшін; және
      (с) осы Келісімнің күніне дейін жасалған төлемдер бойынша.
      2. Жабылу күні - 2013 жылғы 31 желтоқсан.

2-ҚОСЫМШАҒА
толықтыру

      Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда-саттық рәсімдері мынадай ережелер сақталған жағдайда осы Жоба шеңберінде тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:

      А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы
      Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындар, егер олар өздерінің құқықтық және қаржылық дербестігін ресми түрде растай алатын болса, егер олар коммерциялық құқық негізінде әрекет етсе және тапсырыс беруші ретінде келісім-шарт жасасатын ведомстволарға байланысты ұйымдар болмаған жағдайда ғана сауда-саттыққа қатысуға құқығы бар. Бұдан басқа, оларға өтінімдер мен кепілді қамтамасыз етуге қатысты сауда-саттықтың басқа да қатысушыларына қойылатын талаптар қолданылатын болады.

      В. Конкурстық құжаттама
      Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар Банк үшін қолайлы тауарлар мен жұмыстарды сатып алуға арналған конкурстық құжаттаманың стандартты пакетін пайдалануы тиіс.

      С. Конкурстық өтінімдерді ашу және бағалау:
      (а) өтінімдерді ашу конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі басталғаннан кейін дереу жариялы түрде жүргізіледі;
      (b) конкурстық өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада мәлімделген монетарлы есептелетін өлшемдерге қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс;
      (с) отандық өнім берушілерге преференциялар қолданылмауы тиіс;
      (d) келісім-шарт неғұрлым төмен бағада және негізінен талаптарға сәйкес келетін конкурстық өтінімді берген сауда-саттықтың білікті қатысушысына берілуі тиіс, бұл ретте келіссөздер жүргізілмейді.

      D. Бағаны түзету
      Ұзақ кезеңге (18 (он сегіз) айдан астам) есептелген құрылыс жұмыстарына арналған келісім-шарттарда бағаларды түзету туралы тиісті тармақ болуы тиіс. Ұзақ кезеңге (18 (он сегіз) немесе одан аз ай) есептелмеген құрылыс жұмыстарына арналған келісім-шарттар бағаларды түзету туралы тиісті тармақты қосуды талап етпейді.

      Е. Сауда-саттық нәтижелерін жою
      Конкурстық сауда-саттықты болған жоқ деп тану және жаңа конкурстық өтінімдерді беруге шақыру Банктің алдын ала келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.

      F. Жеке конкурстық өтінімдерді қабылдамау
      Әрбір жеке конкурстық өтінім мынадай жағдайларда қабылданбауы мүмкін:
      (а) сауда-саттыққа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес емес;
      (b) сауда-саттыққа қатысушы өзінің конкурстық өтініміндегі сатып алуды жүргізетін ұйымның конкурстық комиссиясы жасаған арифметикалық қателерді түзетуді қабылдамайды.
      (с) сауда-саттыққа қатысушы конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермейді.

3-ҚОСЫМША
Өтеу кестесі

      1. Келесі кестеде негізгі борышты және негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтеуге жататын Қарыздың барлық сомасына төленетін пайыздардың Күндері көрсетілген ("Кезекті төлем үлесі"). Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінде толығымен алынатын болса, негізгі борышты өтеудің осындай әрбір Күнінде Қарыз алушының өтеуіне жататын Қарыздың негізгі сомасын Банк мыналарды көбейту жолымен анықтайды: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыз сомасын және ( b ) негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне Кезекті үлестік төлем үлесін, қажет болған жағдайда өтеуге жататын сомалар Валютаны айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның А-параграфында айтылған кез келген соманы шегеру үшін түзетілуі тиіс.     

Негізгі борыш бойынша төлем күні

Кезекті төлем үлесі (пайыздық мәнде)

2014 жылғы 15 мамырдан бастап, 2033 жылғы 15 қарашаны қоса алғанда,
әрбір жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасы

2.5 %

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынбаса, онда негізгі борышты өтеудің осындай әрбір Күніне Қарыз алушы өтеуі тиіс Қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалатын болады:
      (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыздың кез келген қаражаты мөлшерінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-параграфына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуі тиіс.
      (b) Негізгі борышты өтеудің осы Күні үшін ("Кезекті төлем үлесінің бастапқы сомасы") Негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінен кейін алынған кез-келген сома осы Қосымшаның 1-параграфының кестесінде көрсетілген төлем үлесінің бастапқы сомасы болып табылатын саны бөліндіге бөлінген осындай соманы көбейту жолымен Банк анықтаған сомада осындай алу күнінен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтелуі тиіс, ал атауы негізгі борышты өтеудің Күніне осындай күнге немесе одан кейінгі Кезекті төлем үлестерінің қалған барлық Бастапқы сомалары болып табылатын қажет болған кезде өтеуге жататын сомалар валюта Конвертациясы қолданылатын осы Қосымшаның 4-параграфында айтылған кез келген соманы шегеру үшін түзетілуі тиіс.
      3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде алынған Қарыз сомалары негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне жататын негізгі борыш сомасын есептеу мақсаты үшін айрықша алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күнінде алынған және өтелмеген болып есептелетін және алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын болады.
      (b) Осы параграфтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзімдері бойынша шоттарды шығару жүйесін қабылдаса, осы ретте шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті Күніне немесе одан кейін беріледі, шоттарды шығарудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған қандай да алуларға осы тармақшаның ережесі қолданылмайтын болады.
      4. Айырбастау кезеңі ішінде пайда болатын негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне өтеуге жататын бекітілген валютаға осындай түрде ауыстырылатын Бекітілген валюта сомасындағы Қарыздың барлық валютадағы немесе алынған соманың кез келген бөлігіндегі Айырбастаудан кейін осы Қосымшаның 1 және 2-параграфтарының ережелеріне қарамастан тікелей айырбастау алдында осындай соманы ірілендіру валютасында көбейту жолымен немесе (і) айырбастауға жататын Валюталық хедже мәмілелері шеңберінде Банктің төлеуіне жататынға немесе (іі) Есеп айырысу бойынша Басшылыққа сәйкес мұндай шешімді егер Банк қабылдаса, Экранды ставканың валюталық құрылымы анықталуы тиіс.

ҚОСЫМША

I Бөлім. Анықтамалар

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі басшылық" 2006 жылғы 15 қазандағы "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша басшылықты" білдіреді.
      2. "Санат" осы Келісімге 2-қосымшаның IV Бөлімінің кестесінде көрсетілген санатты білдіреді.
      3. "Автомобиль жолдары комитеті" "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 1193 қаулысымен ККМ-де 2008 жылғы 1 қаңтарда құрылған және республикалық автожол желісі үшін жауап беретін автомобиль жолдарын басқару жөніндегі органды және оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын білдіреді.
      4. "Консультанттар жөніндегі басшылық" Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда қайта қараған "Дүниежүзілік Банк Қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі басшылықты" білдіреді.
      5. "Қоршаған ортаға әсерін бағалау" немесе "ҚОӘБ" Қарыз алушының 2009 жылғы 26 ақпандағы күнге дайындаған және ашық және Банк үшін қанағаттандырарлық қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі қорытынды есепті білдіреді, оған басқалар арасында: (і) Жобаның іс-шаралары жүргізілетін объектілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, (іі) жоғарыдағы (і) параграфта көрсетілген іс-шаралардың әлеуетті және нақты келеңсіз экологиялық әсері және (ііі) Жобаны іске асыру барысында қабылданатын, Жобаның келеңсіз экологиялық салдарын азайтуға, жоюға немесе өтеуге бағытталған шаралар айқындалатын жалпы ТҚІЖ-ны білдіреді.
      6. "Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарлары" немесе "ТҚІЖ" нақты объектілерге және Қарыз алушы қабылдаған және ҚОӘБ-ге және осы Келісімге 2-қосымшаның ІА Бөлімінің 3-тармағына сәйкес Банк үшін қанағаттанарлық Жоба шеңберінде Қарыз алушы жүргізуі тиіс жұмыстарға қатысты және Жобаның іс-шараларын іске асыруға байланысты, баламалы институционалдық тетіктермен, талаптардың орындалуын тиісінше деңгейін және оларды Банктің алдын-ала жазбаша келісуіне мерзімді түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігімен бірге сақталуы жөнінде ақпараттың жүйелі түрде түсуін қамтамасыз етуге қабілетті мониторинг және есептілік тетіктерімен бір қатарда әлеуетті экологиялық тәуекелдерді басқару, қоршаған ортаға келеңсіз әсерін жұмсарту, азайту және/немесе өтеу бойынша шараларды айқындайтын құжаттарды білдіреді; және "ТҚІЖ" ұғымы осы объектілердің біріне жатады.
      7. "ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспары" Банк үшін қанағаттандырарлық және Қарыз алушының қаржылық басқаруды бақылауды күшейту және Жоба шеңберінде өткізілетін сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын арттыру мақсатында осы Келісімнің 4.01 (b) Бөліміне сәйкес ККМ арқылы қабылдауына жататын Жобаны басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша іс-шаралар жоспарын білдіреді.
      8. "Жалпы талаптар" 2005 жылғы 1 шілдедегі (2008 жылғы 12 ақпанға дейінгі түзетулерді қоса алғанда) "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыздарына арналған жалпы талаптарды" білдіреді.
      9. "ККМ" Қарыз алушының Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін немесе оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын білдіреді.
      10. "ЖБК" - Банк үшін қолайлы және осы Келісімнің 4.01 (а) бөлімінде айтылған, Жобаны басқаруда және іске асыруда ҚР ККМ-ге қолдау көрсету бойынша консультациялық қызметтерді көрсетуге тартылған заңды тұлға.
      11. "Сатып алу жөніндегі басшылық" Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда қайта қараған "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері шеңберінде сатып алу жөніндегі басшылықты" білдіреді.
      12. Сатып алу жөніндегі басшылықтың 1.16-тармағында және Консультанттар жөніндегі басшылықтың 1.24-тармағында оған сілтеме жасалған 2009 жылғы 30 қаңтардағы Жоба үшін Қарыз алушының сатып алу жоспарын білдіреді, ол көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес кезең-кезеңімен түзетіліп отыруы мүмкін.
      13. "Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықты" қаржылық басқару бойынша басшылықты қоса алғанда, Қарыз алушы ККМ арқылы 2009 жылы 17 наурызда қабылдаған және Банк үшін қанағаттанарлық, Жобаны іске асырудың операциялық және әкімшілік міндеттерін, рәсімдері мен ережелерін айқындайтын, осы Келісімнің ережелеріне ұлттық заңнамаға және Қарыз алушының Банктің алдын ала жазбаша келісімімен кезең-кезеңімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін нұсқауларына сәйкес келетін басшылықты білдіреді.
      14. "Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспары" кез келген Қоныс аудару бойынша Қысқартылған іс-шаралар жоспарын қоса алғанда, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның ІА Бөлімінің 2-тармағына сәйкес және Банк үшін қанағаттандырарлық, басқалардың арасында өтемақы, және қоныс аудару тетіктерін, бюджет пен шығындар сметасын, сондай-ақ баламалы институционалдық тетіктермен, талаптардың орындалуының тиісінше деңгейін және әрбір жеке учаске үшін олардың орындалуы жөнінде жүйелі түрдегі ақпаратты қамтамасыз етуге қабілетті мониторинг және есептілік тетіктерімен бірге қаржыландыру көздерін қоса алғанда, іс-шаралар бағдарламасын, адамдарға өтемақы төлеу және оларды көшірудің шаралары мен стратегиясын қамтитын елді мекенге тән құжаттарды білдіреді; "Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспары" осындай бір жоспарды білдіреді.
      15. "Қоныс аудару саясаты жөніндегі құжат" Қарыз алушы дайындаған, бекіткен және 2008 жылғы 1 мамырда жариялаған Қарыз алушы түзеткен және 2009 жылғы 18 наурызда жариялаған және 2009 жылғы 25 наурызда Infoshop сайтында жарияланған құжатты білдіреді, онда Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау кезінде қолданылуы тиіс бағалау рәсімдерін, қоғамдық консультациялар мен қатысуды, ақпаратты мониторингілеу, бағалау және ашу өлшемдерін қоса алғанда, көшіп-қону рәсімдері, институционалдық тетіктер, заңдылық өлшемдері, құқықтары мен өтемақылары айқындалған құжат.

ІІ бөлім Жалпы талаптардың өзгерістері

      Жалпы талаптарға мынадай өзгерістер енгізілді:

      1. 2.07-бөлімнің (а) параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2.07-бөлім. Қайта қаржыландыруға дайындау үшін аванс; Қарызды ашу үшін комиссияны капиталдандыру және сыйақылар
      (а) Егер Қарыз туралы келісім Банк немесе Қауымдастық берген Қарыз қаражатынан Аванс төлеуді ("Дайындыққа арналған Аванс") көздейтін болса, онда Банк Қарыз туралы келісім Тарапы атынан Кредит шотынан күшіне енген Күніне немесе одан кейін Кредит шотынан бұл соманы алған күніне аванстың алынған және өтелмеген сомасын өтеу үшін қажетті соманы алуы және осы күнге есептелген және төленбеген алымдардың барлығын, егер олар қолданылатын болса аванс сомасынан төлеуі тиіс. Банк осылайша алынған бұл соманы өзінің пайдасына немесе Қауымдастық пайдасына жағдайға байланысты төлейді және аванстың алынбаған сомасының күшін жоюы тиіс".
      2. 7.02-бөлімінің (1) параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7.02-бөлім. Банктің Келісімді тоқтата тұруы
      (1) Қойылған талаптарға сәйкес келмеуі. Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны (Мүше мемлекеттен басқа) немесе жобаны атқарушы агенттікті Банктен немесе Қауымдастықтан қандай да бір қаржыландыру алу немесе Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны немесе жобаны атқарушы агенттікті алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа, мәжбүрлі іс-әрекеттерге немесе Банк немесе Қауымдастық берген кез келген қаржыландыруды пайдалануға байланысты ымыраласуға қатысады деп анықтау нәтижесінде Банк немесе Қауымдастық толық немесе ішінара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындауға немесе іске асыруға қатысу үшін қойылатын талаптарға сәйкес емес деп жариялады".
      3. (а) "Конверсия күні" терминінің анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Конверсия күні" конверсияға қатысты конверсия күшіне енген сәттен бастап және одан әрі оған қатысты Конверсия жөніндегі басшылықтың ережелері қолданылатын, Қарыз алушы сұрататын және Банк үшін қолайлы атқару күнін (осы құжаттағы анықтама бойынша) немесе өзге осындай күнді білдіреді."
      (d) "қалқыма ставка" терминінің анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "(с) валютаны қалқыма ставка бойынша есеп айырысатын пайыздар есептелетін алудан кейінгі Қарыз сомасы қалдығының мөлшерінде Мақұлданған валютаға конверсиялау кезінде мұндай сомаларға қолданылатын қалқыма пайыздық стаква: (i) (А) LIBOR немесе Мақұлданған валютаға қатысты Қарыз алушы мен Банк арасында келісілуі мүмкін болған кез келген басқа базалық ставка сомасына; қосу LIBOR-ға (В) спред немесе мұндай болған жағдайда жоғарыда аталған валюта конверсиясына жататын Валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банктің төлеуі тиіс кез келген басқа базалық сомаға; не: (ii) егер Банк Конверсия жөніндегі басшылыққа сәйкес мұндай шешімді қабылдаса, Экрандық ставканың валюталық құрауышына теңестіріледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады