Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Спорт командаларын даярлау орталығы - "Ұшқын - Искра" спорт клубы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 874 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылымында дене тәрбиесі мен спортты ұйымдастырудың және дамытудың тиімді жүйесін құру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Спорт командаларын даярлау орталығы - "Ұшқын - Искра" спорт клубы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі штат санының бекітілген лимиті шегінде құрылсын.
      2. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдауды заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                               Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады