Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың 24-бабында көзделген өз міндеттемелерін жүзеге асыруды кейінге қалдыруға қатысты Қазақстан Республикасының Мәлімдемесіне қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 896 Жарлығы

Қазақстан Республикасының     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың 24-бабында көзделген өз міндеттемелерін жүзеге асыруды кейінге қалдыруға қатысты Қазақстан Республикасы Мәлімдемесінің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Қазақстан Республикасының атынан Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың 24-бабында көзделген өз міндеттемелерін жүзеге асыруды кейінге қалдыруға қатысты Қазақстан Республикасының Мәлімдемесіне қол қойсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қол қойылған Мәлімдемені сақтауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 896 Жарлығымен   
МАҚҰЛДАНҒАН     

Жоба

Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың 24-бабында көзделген өз міндеттемелерін жүзеге асыруды кейінге қалдыруға қатысты Қазақстан Республикасының
МӘЛІМДЕМЕСІ

      Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың 24-бабының 1-тармағына сәйкес осымен Қазақстан Республикасы осы Факультативтік хаттаманың IV бөлігінде көзделген өз міндеттемелерін жүзеге асыруды кейінге қалдыру туралы мәлімдейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады