Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 276 өкімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 907 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануы тиіс      

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Тәжин                     - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы       көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің
                            хатшысы;

Нұрпейісов                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
Қайрат Айтмұхамбетұлы       істері агенттігінің төрағасы;

Шаяхметов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Әділ Шаяхметұлы             комитетінің төрағасы

      мына жол:
«Саудабаев                - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы           хатшысы, төраға»
      мынадай редакцияда жазылсын:
«Саудабаев                - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы           хатшысы - Қазақстан Республикасының
                            Сыртқы істер министрі, төраға»;
      аталған Комиссияның құрамынан: Қ.Ш.Сүлейменов, А.С.Шабдарбаев шығарылсын;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамындағы:
      мына жол:
«Саудабаев               - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы          хатшысы, төраға»
      мынадай редакцияда жазылсын:
«Саудабаев               - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы          хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы
                           істер министрі, төраға»;
      3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж, № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж, № 18, 180-құжат; 2004 ж, № 4, 50-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж, № 44, 578-құжат; 2006 ж, № 7, 51-құжат; 2007 ж, № 5, 62-құжат; № 26, 299-құжат; № 35, 389-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж, № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 49, 555-құжат; 2009 ж, № 27-28, 234-құжат):
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына:
Шаяхметов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Әділ Шаяхметұлы            комитетінің төрағасы енгізілсін;
      аталған Кеңестің құрамынан А.С.Шабдарбаев шығарылсын;
      4) «Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж, № 51, 671-құжат; 2005 ж, № 50, 638-құжат; 2007 ж, № 6, 69-құжат; 2008 ж, № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 27-28, 234-құжат):
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамына:
Жаңбыршин                - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары -
Қозы-Көрпеш Есімұлы        Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының
                           меңгерушісі енгізілсін;
      аталған Комиссия құрамынан Н.М.Әбдіров шығарылсын.
      2. «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар аралығындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын дайындау жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 276 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 496-құжат; № 49, 555-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады