«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3 тармағына, 6-бабының 1-тармағына, 10-бабының 1-тармағына, 31-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Астана және Алматы қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылсын.
2. Алматы қаласында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот және аудандық сотқа теңестірілген мамандандырылған қаржылық сот құрылсын.
3. Алматы қаласындағы облыстық сотқа теңестірілген мамандандырылған қаржылық сот таратылсын.
4. Кейбір аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының санының қысқаруына, Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық соттың таратылуына байланысты осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес осы соттардың судьялары жаңадан құрылатын мамандандырылған соттардың судьялары деп саналсын.
5. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың, мамандандырылған қаржылық соттың төрағалары мен судьяларының қалған бос орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын және тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңадан құрылатын соттардың қызметін қамтамасыз ету үшін 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша бюджеттік қаражат бөлу жөнінде шаралар қабылдансын.
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
9. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 Жарлығына
ҚОСЫМША
Жаңадан құрылатын мамандандырылған соттардың судьялары
болып саналатын кейбір аудандық және оларға теңестірілген
соттардың және таратылатын Алматы қаласындағы
мамандандырылған қаржылық сот судьяларының
ТІЗІМІ Астана қаласы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Ермеков Ерлан Төлеуханұлы
мамандандырылған ауданаралық Қосмұратов Ерлан Смадиярұлы
соттың судьялары
Алматы қаласы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Арғымбаева Айткүл Сәдуақасқызы
мамандандырылған ауданаралық Қалмағамбетов Қасым
ауданаралық соттың судьялары
қылмыстық істер жөніндегі Ахметжанов Ербол Ұлатайұлы
мамандандырылған ауданаралық
әскери соттың судьясы
мамандандырылған Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызы
қаржылық соттың судьялары Лобач Сергей Валентинович
Сәтбаева Гүлнәр Әлібекқызы
Ақмола облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Қосжанов Арлан Ермекбайұлы
мамандандырылған ауданаралық Теміров Жанат Құлатайұлы
соттың судьялары
Ақтөбе облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Әжіғалиева Гүлжан Сәрсенғалиқызы
мамандандырылған ауданаралық Сисенова Мәдина Абайқызы
соттың судьялары
Алматы облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Көлбеков Арман Шәріпұлы
мамандандырылған ауданаралық Сәдуақасов Ертарғын Рахымұлы
соттың судьялары
Атырау облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Хаженова Гүлнәр Рамазанқызы
мамандандырылған ауданаралық
соттың судьясы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Зағиев Болатбек Мұқашұлы
мамандандырылған ауданаралық Рамазанова Жамал Тасқұлқызы
соттың судьялары
Жамбыл облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Нұрлықұлов Ғалымжан Қансейітұлы
мамандандырылған ауданаралық Төлесбай Самат Нүкеұлы
соттың судьялары
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Өтешов Қайрат Тасқалиұлы
мамандандырылған ауданаралық
соттың судьясы
Қарағанды облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Қасымов Қайрат Әуезханұлы
мамандандырылған ауданаралық Құтышев Мешітбай Қошанұлы
соттың судьялары
Қостанай облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Көлбаева Айжан Әділқызы
мамандандырылған ауданаралық Сералин Ерлік Азырханұлы
соттың судьялары
Қызылорда облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Тәжімова Зылиха Жұмабекқызы
мамандандырылған ауданаралық
соттың судьясы
Маңғыстау облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Тасмамбетов Руслан Тұрмаханұлы
мамандандырылған ауданаралық
соттың судьясы
Павлодар облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Бахтияров Әділет Сайранұлы
мамандандырылған ауданаралық Төлеубаев Баубек Кәкенұлы
соттың судьялары
Солтүстік Қазақстан облысы:
қылмыстық істер жөніндегі Бекенова Гүлнара Қуанышбайқызы
мамандандырылған ауданаралық Сатыпалдинова Бақытжан Мұхтарқызы
соттың судьялары
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі Исаев Мырзахан Өзбекұлы
мамандандырылған ауданаралық Шахидинов Әбсаттар Әбдіхалықұлы
соттың судьялары