Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2008 жылғы 10 қазанда Бішкек қаласында қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесі туралы келісім бекітілсін.(Жарлыққа Келісім қоса берілмеген)
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев