«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының атынан Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен қол қойсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 1002 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын
тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді
қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік
баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай
тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару
тәртібі туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,
кеден одағы Кеден кодексінің 84-бабының 2-тармағына, 85-бабының 5-тармағына, 93-бабының 3-тармағына, 217-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,
кеден одағының үшінші елдермен саудасына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикалық ықпалдасуын дамыту мақсатында,
халықаралық сауданың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,
халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім тауарларды кеден одағының кеден аумағы бойынша кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес өткізу кезінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжаттарды толтыру мен ұсыну тәртібін, нысанын, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың тұрған орнын белгілеу (растау) тәртібін, Тараптардың кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктерін және олардың бюджеттері арасында осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы есептеу тәртібін айқындайды.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер мен олардың айқындамалары пайдаланылады:
«шетелдік валютадағы шот» - басқа Тараптар тауарды алып кіргенде кедендік баждарды бөлуден түсетін түсімдерді есептеу үшін Тараптың уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте басқа Тараптың валютасында ашылған шот;
«кеден органының қаржысын уақытша орналастыру шоты» - кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомаларын есептеу үшін Қазақстан Республикасының кеден органына уәкілетті органда ашылған шот;
«уәкілетті органның бірыңғай шоты» - аталған Тараптың бюджеттері арасында түсімдерді есептеу мен бөлу үшін уәкілетті органға ұлттық (орталық) банкіде, не ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда ашылған шот;
«орталық кеден органдары» - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
«уәкілетті орган» - Тарап бюджетінің орындалуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын осы Тараптың мемлекеттік органы;
«салық төлеушінің нөмірі» - Тараптың салық органына есепке қою кезінде берілетін нөмір және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Осы Келісімде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер, егер кеден одағының шарттық-құқықтық базасында аталған терминдер пайдаланылмаса, кеден одағының шарттық-құқықтық базасында не Тараптардың заңнамасында қандай мағынада пайдаланылса, сол мағынада пайдаланылады.
3-бап
Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжат осындай қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаға кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдаған Тараптың кедендік органы берген және тіркеген, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаты (бұдан әрі — Сертификат) болып табылады.
Сертификаттың нысаны мен оны толтырудың тәртібі осы Келісімге, оның ажыратылмас бөлігі болып табылатын, 1 және 2-қосымшалармен айқындалады.
Сертификат Тараптың кеден органына ұсынылған кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасына үш данада ресімделеді.
Тіркелген Сертификаттың бірінші данасы Сертификатты тіркеген кеден органында қалады.
Тіркелген Сертификаттың екінші және үшінші даналары кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаға беріледі.
Сертификатты тіркеген кеден органы осы Келісімнің 10-бабына сәйкес Сертификат берілгені туралы жөнелтуші кеден органын хабардар етеді.
Сертификат кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес бір Тараптың кеден органы жүзеге асырған кезде, ал кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету екінші Тараптың кеден органына берілген жағдайда пайдаланылады.
Егер кедендік төлемдерді, салықтарды қамтамасыз ету кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асыратын Тараптың кеден органына берілсе, Сертификатты немесе кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын, нысаны мен қолданылу тәртібі осы Тараптың заңнамасымен белгіленген өзге құжатты қолдануға жол беріледі.
4-бап
Кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты жөнелтуші кеден органына Сертификаттың екінші және үшінші даналарын транзиттік декларациямен бір уақытта ұсынады.
Сертификатты мойындау кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарды шығаруды жүзеге асыратын Тараптың кеден органының қабылдауы болып табылады.
Ұсынылған Сертификат кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжат ретінде, Сертификатты тіркеген кеден органынан осы Келісімнің 10-бабына сәйкес Сертификат берілгені туралы ақпарат болған жағдайда, аталған Сертификатты пайдаланудың мерзімі өткенге дейін қабылданады.
Сертификат кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес бір транзиттік декларация бойынша қабылданады. Бір транзиттік декларация бойынша бірнеше Сертификат қабылдануы мүмкін.
Жөнелтуші кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін Сертификаттың екінші және үшінші даналарының 3-бөлімін осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес толтырады.
Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес шығарғаннан кейін Сертификаттың екінші данасы жөнелтуші кеден органында қалады, Сертификаттың үшінші данасы оны межелі кеден органына ұсыну үшін кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты болып табылатын тұлғаға беріледі.
Тауарды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес шығарған кезде жөнелтуші кеден органы Сертификатты қабылдағаны туралы осы Келісімнің 10-бабына сәйкес Сертификатты тіркеген кеден органын хабардар етеді.
5-бап
Кедендік транзит кезінде Тараптардың кеден органдары, егер:
тауарлар, ол туралы жөнелтуші кеден органын әрбір нақты тасымалдау бойынша өз Тарапының сыртқы істер министрлігі не шетелдік мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі мен консулдық мекемелері, сондай-ақ артықшылықтарының көлемі бойынша оларға теңестірілген орган және (немесе) өз Тарапының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың миссиялары хабардар еткен шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, сондай-ақ артықшылықтарының көлемі бойынша оларға теңестірілген органдары және (немесе) халықаралық ұйымдардың миссияларының ресми пайдалануына арналған болса;
халықаралық почта жөнелтілімдерін оларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру үшін кедендік ресімдеуге Тараптардың почта операторлары ұсынса, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді талап етпейді.
Тараптардың кеден органдары, егер кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарларға қатысты салықтар мен кедендік баждардың сомасы Сертификатта көрсетілген сомадан, тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын және транзиттік декларация тіркелген күнге қолданыстағы Тараптың заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамы бойынша 500 (бес жүз) евро баламасынан аспаса, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қосымша қамтамасыз етуді ұсынуды талап етпейді.
6-бап
Жеткізу орнында тасымалдаушы межелі кеден органына транзиттік декларациям ен және онда бар өзге құжаттармен бірге Сертификаттың үшінші данасын оны өтеу үшін ұсынады.
Межелі кеден органы Сертификатты өтеу кезінде осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Сертификаттың үшінші данасының 4-бөлімін толтырады. Сертификаттың үшінші данасы жоғалған кезде 4-бөлім толтырылмайды.
Сертификатты өтеу мына жағдайларда жүзеге асырылады:
кедендік транзиттің кедендік рәсімі тиісінше аяқталғанда;
Сертификат пайдаланылмағанда, оның ішінде Сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанда, жөнелтуші кеден органының Сертификаттың пайдаланылмағаны туралы ақпараты болған жағдайда;
белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіргенде (төлегенде).
Сертификатты өтеу туралы межелі кеден органы жөнелтуші кеден органын осы Келісімнің 10-бабына сәйкес хабардар етеді.
7-бап
Кедендік органы тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес шығармаған Тараптың аумағында тауардардың бар болуын растау әкімшілендіру үдерісі барысында, Тараптардың заңнамасына сәйкес құзыретті органдар жүргізетін қылмыстық істер бойынша тергеулер барысында не тексеру барысында жүзеге асырылады.
Кедендік органы тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес шығармаған Тараптың аумағында тауардың болуының дәлелдемесі осы Тараптың құзыретті органдарының әкімшілік, қылмыстық істердің материалдарына не тексеру материалдарына негізделген растауы болып табылады.
Тауарлардың Тарап аумағында болу фактісін растау тауарды кедендік транзиттің кедендік режиміне сәйкес шығарған Тараптың мойындауы үшін жеткілікті болуы тиіс.
Мұндай факті мойындалмаған жағдайда даулар осы Келісімнің 13-бабынасәйкес реттеледі.
8-бап
Аумағында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөнінде міндеттеме туындаған Тараптың кеден органы ілеспе хатпен кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген не тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген Тараптың кеден органына құзыретті органның әкімшілік, қылмыстық істер не тексеру материалдары бойынша шешімінің және кедендік баждарды, салықтарды ендіру қажеттілігі туралы шешімнің не аумағында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөнінде міндеттеме туындаған Тараптың заңнамасына сәйкес ресімделген өзге ұқсас құжаттың куәландырылған көшірмесін жолдайды. Ілеспе хатта транзиттік декларацияның, Сертификаттың (ол болған жағдайда) тіркеу нөмірі және кедендік төлемдердің түрлері бойынша кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуға және аударуға жататын сома туралы мәліметтер, сондай-ақ келіп түскен өндіріп алынған сомалар аударылуға тиіс бюджеттік жіктеме коды болуы тиіс.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген Тараптың кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың негізінде, кеден одағы Кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
9-бап
Кеден одағы Кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар Тараптың кедендік баждар, салықтар төленуге жататын шетелдік валютасында мынадай мерзімдерде:
- кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қаржы қаражатымен (ақшамен) қамтамасыз еткенде - осы Келісімнің 8-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 12 жұмыс күні ішінде;
- кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қаржы қаражатынан (ақшадан) өзге тәсілмен қамтамасыз еткенде, сондай кедендік тасымалдаушылардан өндіріп алған кезде - кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотына (кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шотына) ақшалай қаражат (ақша) келіп түскен күннен бастап 12 жұмыс күні ішінде шотқа аударылуға тиіс.
Кеден одағы кеден кодексінің 93-бабының 3-тармағына сәйкес аударуға жататын кедендік баждар, салықтар Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында басқа Тараптарға өндіріп алынған сомаларды аударуға арналған уәкілетті органның бірыңғай шотында бюджеттік жіктеменің жекелеген кодтары бойынша ескеріледі.
Кеден одағы кеден кодексінің 93-бабының 3-тармағына сәйкес аударуға жататын кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасында кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотында ескеріледі.
Осы баптың бірінші бөлігімен белгіленген мерзімдерде, бірақ белгіленген мерзім өткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ұсынылған Тараптың кеден органы өз Тарапының уәкілетті органына Кеден одағы кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған сомаларын, кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын Тараптың шотына шетелдік валютамен аударуға тапсырма жібереді.
Кеден одағы кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған сомаларды шотқа Тараптың кедендік баждар, салықтар төленуге жататын шетелдік валютасымен аударуды уәкілетті орган кеден органының тапсырмасы түскен күнінен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде толық көлемде жүзеге асырады.
Құжаттың (нұсқаулықтың) есептік (төлем) құжатында оған сәйкес ақша қаражаттарын аудару жүзеге асырылатын осы Келісімнің 8-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген кеден органы ілеспе хатынан өндіріп алынған сомаларын аудару бойынша бюджеттік жіктеменің коды, ілеспе хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
Кеден одағы Кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған және Тараптың баска Тараптардың уәкілетті органдарынан кедендік баждар, салықтар төленуге жататын шетелдік валютасындағы шотына түскен сомалар, Осы Тарап бюджетінің кірісіне әкелінетін кедендік баждарды (балама күші бар өзге баждарды, салықтар мен алымдарды) есептеу мен бөлу үшін белгіленген тәртіптің әкелінетін кедендік баждарды бөлуден түскен сомаларды Тараптар бюджетінің кірісіне аудару бөлігінде аталған Тарап бюджетінің кірісіне аударылады.
Тарап бюджетінің кірісіне басқа Тараптардан келіп түскен өндіріп алынған сомаларды осы Тараптың кеден органы осы Тараптың шетел валютасындағы шотына ақшалай қаражат есепке алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың шотына бюджеттік жіктеменің тиісті кодтарына есепке алуға тиіс.
10-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсаттары үшін Тараптардың кеден органдары мынадай:
тіркелген және берілген, қабылданған, жабылған Сертификаттар туралы;
белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуға (төлеуге) байланысты Сертификатты жабу мүмкіндігі туралы;
кеден одағы Кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар сомасының Тараптардың бюджеттері арасында аударылғаны туралы ақпаратпен алмасады.
Орталық кеден органдарының келісімі бойынша осы Келісімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін өзге ақпаратпен алмасу жүргізіледі.
Жоғарыда аталған ақпаратпен алмасу орталық кеден органдары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
Ақпараттың құрамын, құрылымын, форматы мен регламентін, оны қорғаудың тәсілдерін орталық кеден органдары келісім бойынша айқындайды.
11-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсаттары үшін уәкілетті органдар шетелдік валютадағы шоттары туралы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.
Бір Тараптың шетелдік валютадағы шотының деректемелері өзгерген жағдайда осы Тараптың уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енген күннен он күнтізбелік күннен кешіктірмей екінші Тараптың уәкілетті органдарына шоттың дәлдендірілген деректемелерін жеткізеді.
Келісімді іске асыру үшін қажетті өзге мәліметтер өзгерген жағдайда Тараптың уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енген күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей екінші Тараптың уәкілетті органдарына көрсетілген өзгерістер туралы ақпаратты жеткізеді.
12-бап
1. Тараптар арасындағы осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
2. Егер Тараптардың бірінің екінші Тарапқа консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемеген болса, онда Тараптар арасында дауды шешуге қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға бере алады.
3. Кеден одағының комиссиясы дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін берілгенге дейін оны реттеуде Тараптарға жәрдем көрсетеді.
13-бап
Осы Келісімге, оның ажырамас бөлігі болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
14-бап
Осы Келісім ратификациялауға жатады және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап уақытша қолданылады.
Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптар мемлекеттерінің осы Келісім күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақтаулы тұр, Комиссия оның куәландырылған данасын әрбір тарапқа жолдайды.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Кедендік транзиттің кедендік
рәсіміне сәйкес тасымалданатын
тауарларға қатысты кедендік
баждарды, салықтарды төлеуді
қамтамасыз етуді ұсынудың
кейбір мәселелері, кедендік
баждарды, салықтарды өндіріп
алудың ерекшеліктері және
осындай тауарларға қатысты өндіріп
алынған сомаларды аудару тәртібі
туралы келісімге
1-қосымша
Оң жақ беті
№ ОООООООО/ДДММГГ/ННННН
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету
сертификаты
1-бөлім. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, нөмірі немесе сәйкестендіру нөмірі, не
(заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін) немесе
_____________________________________________________________________
кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және төлқұжаттық деректері (жеке
нөмірі, болмаған жағдайда төлқұжаттың сериясы мен нөмірі),
______________________________________________________________ берді.
тұрған не тұратын орны (елі, облысы, қаласы, көшесі, үйінің,
пәтерінің нөмірі),
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді растауға
_____________________________________________________________________
(кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің тәсілі,
_____________________________________________________________________
сондай-ақ осындай қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттың
реквизиттері)
____________________________________________________ сомаға ұсынылды.
(цифрлық және жазбаша, валютаның атауы)
Осы сертификатты кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, нөмірі, немесе сәйкестендіру нөмірі, тұрған
орны (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін)
_____________________________________________________________________
не кедендік транзиттің кедендік рәсімі декларантының тегі, аты,
әкесінің аты және төлқұжат деректері (жеке нөмірі, ол жоқ
болған жағдайда төлқұжаттың сериясы мен нөмірі
_____________________________________________________________________
тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттардың атауы)
_____________________________________________________________________
сәйкес тасымалданатын шетелдік құжаттарға қатысты пайдаланады.
Жөнелтуші кеден органынан:_____________________________________
(кеден органының атауы)
Межелі кеден органына:_______________________________________________
(кеден органының атауы)
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді
қамтамасыз етуді ұсынған тұлға
__________________ _______________
(аты-жөні, тегі) (қолы)
Мөрдің орны
Артқы беті
2-бөлім. Осы Сертификат _______________________________ тіркелді және
(кеден органының атауы)
20__ жылғы «__» _______________________________ дейін пайдаланылады.
Кеден органының
лауазымды адамы ______________ __________________ ___________________
(қолы) (жеке нөмірлі мөрі) (аты-жөні, тегі)
3-бөлім. Осы Сертификат _______________________ транзиттік декларация
(транзиттік декларациялар нөмірі)
бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуды растау үшін қабылданды
Кеден органының
лауазымды адамы ___________ ____________________ ____________________
(қолы) (жеке нөмірлі мөрі) (аты-жөні, тегі)
4-бөлім. Осы Сертификат _____________________________________________
(өтеу себебі көрсетіледі)
байланысты өтелді
Кеден органының
лауазымды адамы ______________ ____________________ ________________
(қолы) (жеке нөмірлі мөрі) (аты-жөні, тегі)
Кедендік транзиттің кедендік
рәсіміне сәйкес тасымалданатын
тауарларға қатысты кедендік
баждарды, салықтарды төлеуді
қамтамасыз етуді ұсынудың
кейбір мәселелері, кедендік
баждарды, салықтарды өндіріп
алудың ерекшеліктері және
осындай тауарларға қатысты өндіріп
алынған сомаларды аудару тәртібі
туралы келісімге
2-қосымша
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету
сертификатын толтыру тәртібі
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген кеден органы тіркеу нөмірін бере отырып Сертификатты тіркеуді жүзеге асырады.
2. Тіркеу нөмірінің құрылымы мынадай:
ОООООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда:
ОООООООО1 - Сертификатты тіркеген кеден органының коды;
КК - тіркеу күні;
MM - тіркеу айы;
ЖЖ - соңғы екі сан тіркеу жылдары;
ННННН - Сертификаттың реттік саны.
Осы Келісім күшіне енген күннен бастап Сертификаттың реттік санын нөмірлеу бірден басталады. Әрбір келесі жылғы 1 қаңтардан бастап Сертификаттың реттік санын нөмірлеу бірден басталады.
3. Сертификаттың 1-Бөлімін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлға толтырады.
Сертификаттың 1-Бөлімінде:
1) салық төлеушінің атауы, нөмірі2 немесе сәйкестендіру нөмірі, (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін) немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және төлқұжаттық деректері (жеке нөмірі, болмаған жағдайда төлқұжаттың сериясы мен нөмірі), тұрған орны3 не тұрғылықты жері (елі, облысы, қаласы, көшесі, үйінің, пәтерінің нөмірі);
2) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің тәсілін (банк кепілі, қаржы қаражаты (ақша), кепілгерлік, мүлік кепілдігі, осындай қамтамасыз етуді қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге тәсіл), оған сәйкес қабылдаған құжаттың нөмірі мен күні;
3) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген сома (цифрлық және жазбаша, валютаның атауы);
4) кедендік транзиттің кедендік рәсімі декларантының атауы, салық төлеушінің нөмірі4, немесе сәйкестендіру нөмірі, тұратын жері не тегі, аты, әкесінің аты және төлқұжаттық деректері (жеке нөмірі, болмаған жағдайда төлқұжаттың сериясы мен нөмірі), тұрған орны не тұрғылықты жері (елі, облысы, қаласы, көшесі, үйінің, пәтерінің нөмірі);
5) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттардың (болған жағдайда) нөмірі;
6) жөнелтуші кеден органының атауы;
7) межелі кеден органының атауы көрсетіледі.
Сертификаттың қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап 30 күннен аспауы тиіс. Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету есебінен төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау мүмкіндігінің мерзімі оны берген күннен үш айды құраған жағдайда Сертификатты тіркеуге болмайды.
Сертификаттың 1-бөліміне кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаның басшысы қол қояды және мер бедерімен куәландырылады. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді жеке тұлға ұсынса, онда 1-бөлімге осы тұлға қол қояды және мұндай тұлға дара кәсіпкер болып табылса мөр бедерімен (ол болған жағдайда) куәландырылады.
4. Сертификаттың 2-бөлімін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының лауазымды тұлғасы толтырады.
Сертификаттың 2-бөлімінде:
1) Сертификатты тіркеген кеден органының атауы;
2) Сертификатты пайдалану мерзімі көрсетіледі.
Сертификаттың 2-бөліміндегі жазбалар Сертификатты тіркеген кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
5. Сертификаттың 3-бөлімін жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы толтырады.
Сертификаттың екінші және үшінші парағындағы 3-бөлімде Сертификат кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растау құжаты ретінде қабылданған транзиттік декларацияның нөмірі көрсетіледі.
Сертификаттың 3-бөліміндегі жазбалар Сертификатты жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
6. Сертификаттың үшінші парағының 4-бөлімін межелі кеден органының лауазымды тұлғасы:
Кедендік транзиттің кедендік рәсімін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкелетін бұзушылықтарсыз аяқталғаннан кейін «тасымалдауды тиісті деңгейде аяқтау» деген жазуды енгізу жолымен;
Сертификатты пайдалану мерзімі өткеннен кейін және оны пайдаланғаны туралы ақпарат болған жағдайда, «сертификатты пайдаланбай» деген жазуды енгізу жолымен;
Сертификатты пайдалану мерзімі өткенге дейін жөнелтуші кеден органынан оны пайдаланғаны туралы ақпарат болмаған жағдайда, егер тұлға тиісті жазбаша өтініш жасаса, «сертификатты пайдаланбай» деген жазуды енгізу жолымен;
Кедендік транзиттің кедендік рәсімін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкелетін бұзушылықтармен аяқтағаннан кейін, төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлеуіне байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелер тоқтатылған жағдайда, «кедендік баждарды. салықтарды төлеумен» деген жазбаны енгізу жолымен толтырады.
Сертификаттың 4-бөліміндегі жазбалар межелі кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
____________________________
1. Егер кеден органының коды сегіз белгіден аз болған жағдайда, бірінші белгілер «9» (тоғыз) мағынасын алады
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлері үшін көрсетіледі
3. Заңды тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалар, ұйымдар және жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі
4. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлері үшін көрсетіледі
5. Заңды тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалар, ұйымдар және жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі