«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) жобасы мақұлдансын.
2. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының атынан Келісімге қол қойсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 1004 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Еркін қоймалар және еркін қойманың
кедендік рәсімі туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі «кеден одағына мүше мемлекеттер» деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттер,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты,
2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағы комиссиясы туралы шартты,
2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты,
кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарын негізге ала отырып,
халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып,
кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз мақсатында,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер
1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер мен олардың айқындамалары пайдаланылады:
еркін қойма - шегінде, осы Келісімге сәйкес, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарлары мен кеден одағының тауарлары, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін құрылыс (үй-жай);
құрылыс (үй-жай) - күзетілетін не жеке тұлғаның өнуін бақылайтын режимі бар ғимарат (оның бөлігі), ғимараттар кешені, жайластырылған және жабдықталған аумақтар және (немесе) ашық алаңдар.
2. Осы Келісімнің 18-бабында пайдаланылатын терминдер 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу қағидаттары туралы келісімдегі мәндерде пайдаланылады.
3. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шарттың (бұдан әрі - Кодекс) ажырамас бөлігі болып табылатын Кеден одағының кеден кодексінде және кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын құжаттарда пайдаланылатын мәндерде қолданылады.
2-бап
Еркін қойма туралы жалпы ережелер
1. Еркін қойма аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Еркін қоймадағы кедендік бақылауды кеден органдары кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мұндай аумақтың периметрін қоршаумен, бейне бақылау жүйесімен жарақтандыру бойынша талаптарды қоса алғанда, кедендік бақылауды жүргізу мақсатында еркін қойманы жабдықтауға және жайластыруға қойылатын талаптар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
Мұндай аумаққа адамдардың ену тәртібін айқындауды қоса алғанда, еркін қойма аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету кеден одағына мүше елдердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап
Еркін қойманың иесі
1. Еркін қойманың иесі - сол мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және осы Келісімнің 4-бабында айқындалған шарттарға жауап беретін кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы.
Заңды тұлға кеден органы бұл заңды тұлғаны еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізгеннен кейін еркін қойманың иесі болып табылады.
Еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізу және бұл тізілімнен шығару тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен заңды тұлғалардың еркін қойма иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және жаңғырту шарттары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіпте кеден органдары еркін қойма иегерлерінің тізілімін жүргізеді және оны кемінде тоқсанына бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кезеңдік жариялауды қамтамасыз етеді.
Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдер негізінде еркін қоймалар иелерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және оны кеден одағы Комиссиясының ресми Интернет-сайтында кемінде тоқсанына бір рет кезеңдік жариялауды қамтамасыз етеді.
Еркін қойма иелерінің жалпы тізілімі нысаны мен оны жүргізу тәртібі кеден одағы Комиссиясының шешімімен айқындалады.
4-бап
Еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
Заңды тұлғаларды еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға жауап беретін құрылыстардың (үй-жайлардың) меншікте, шаруашылық жүргізуде, шұғыл басқаруда немесе жалда болуы.
Егер құрылысты (үй-жайды) иелену жал шарты негізінде жүзеге асырылса мұндай шарт, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, еркін қойма иелерінің тізбесіне ену туралы өтініш берген күннен бастап кемінде 3 (үш) жыл мерзімге жасалуы тиіс;
2) кеден одағына жүгіну күніне кедендік төлемдер, өсімпұлдар бойынша орындалмаған міндеттердің жоқтығы;
3) жүгіну күніне кедендік реттеу саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңды күшіне енген және орындалмаған қаулының жоқтығы;
4) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органы ұсынған мәліметтерді кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарлар есебі жүйесінің болуы;
5) өзге де талаптарға сәйкестік және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де шарттарды сақтау.
5-бап
Еркін қойма тізілімінен алып тастау үшін негіздеме
Заңды тұлғаларды еркін қойма тізілімінен алып тастау үшін негіздемелер мыналар болып табылады:
1) осы Келісімнің 4-бабының 1), 4) тармақшаларында белгіленген еркін қойма иелерінің тізіліміне ену шарттарын сақтамау;
2) еркін қойма иесінің өзін еркін қойма иелерінің тізілімінен шығару туралы жазбаша нысандағы өтініші;
3) заңды тұлғаның таратылуы;
4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру;
5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де негіздер.
6-бап
Еркін қойма иесінің міндеттері
1. Еркін қойманың иесі мыналарға міндетті:
1) еркін қойманың жұмыс істеуінің барлық мерзімі ішінде белгіленген талаптарға еркін қойманың сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен осы Келісімнің 11-бабында көзделмеген операциялар жүргізуге жол бермеу;
3) кедендік бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
4) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар кедендік бақылаудан тыс еркін қойма аумағынан тысқары алып өтілмеуін қамтамасыз ету;
5) осы Келісімде көзделген еркін қойма иелерінің тізіліміне оның ену шарттарын сақтау және кеден одағы талаптарын орындау;
6) еркін қоймаға еркін қойманың қызметкері болып табылмайтын және еркін қоймада тұрған тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз кіргізбеу;
7) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және олармен жүргізілген операциялар туралы, сондай-ақ еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан, оның ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ақпараттық технологияларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар туралы есеп жүргізу және кеден органдарына есеп ұсыну;
8) кеден органдарының кеден органдары лауазымды тұлғаларының еркін қоймада тұрған тауарларға қол жеткізуге қатысты талаптарын орындау;
9) осы Келісімнің 13-бабында көзделген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау;
10) заңды тұлғаны еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізген кеден органына оларды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап 5 (бес) күн ішінде еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізу кезінде мәлімделген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлау.
2. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және олармен жүргізілген операциялар туралы, сондай-ақ еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы есеп жүргізу және есеп ұсыну тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен болған кез келген өзгерістер есеп құжаттарында көрсетілуге тиіс.
7-бап
Еркін қойма иесінің жауапкершілігі
Кеден одағының кедендік заңнамасында және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін еркін қойма иелері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8-бап
Еркін қойманың кедендік рәсімінің мазмұны
1. Еркін қойманың кедендік рәсімі - тауарларды еркін қоймада кедендік баждарды, салықтарды төлеусіз, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай-ақ және кеден одағы тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай-ақ орналастыруға және пайдалануға болатын кедендік рәсім.
Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында кеден одағы тауарларының еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылмайтыны белгіленуі мүмкін.
2. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарлары кеден одағы тауарлары мәртебесін сақтайды.
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауарлары мәртебесін алады.
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар мен кеден одағының еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлары мен тауарлары (бұдан әрі - еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар), осы тармақтың төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, шетел тауарларының мәртебесін алады.
Егер еркін қойманың кедендік рәсімі мұндай тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетуімен аяқталатын болса, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау осы Келісімнің 16-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Иесі 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізілген, еркін қоймадағы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындау, егер мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда, осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Келісімнің 16-бабына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.
3. Иесі 2010 жылғы 1 мамырға дейін еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізілген еркін қоймалар үшін кеден одағы Комиссиясы осы Келісімнің 16-бабына сәйкес айқындалған жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін орындауға қарамастан шетел тауарлары мәртебесін алатын еркін қоймадағы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар тізбесін белгілеуге құқылы. Көрсетілген тізбе, егер мұндай тауарлар кеден одағының кеден аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда, қолданылады. Кеден одағы Комиссиясының көрсетілген шешімі ымырамен қабылданады.
4. 2010 жылғы 1 мамырға дейін еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізілген жекелеген еркін қойма иелеріне қатысты кеден одағының Комиссиясы, егер мұндай тауарларды кеден одағының кедендік аумағында шығару кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика салаларына елеулі экономикалық залал келтіретіндей немесе мұндай залалды келтіру қаупін туғызатындай мұндай өспелі көлемде және шарттарда жүзеге асырылған жағдайда, кеден одағының тауарлары болып танылуы мүмкін еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларға саны бойынша шектеу белгілеуге құқылы. Көрсетілген шектеулерді белгілеу туралы шешім кеден одағының Комиссиясы айқындаған тәртіппен ымырамен және, егер мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда, қолданылады.
5. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыратын (орналастырылған) кеден одағының тауарлары, тауарларды кеден органының еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларациясын тіркеген сәтінен бастап кедендік бақылауда болады.
6. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарлары авария немесе еңсерілмейтін күш әрекеті салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты шарттары кезінде табиғи шығындар нәтижесінде олардың жойылу (өтемсіз жоғалуы) фактісін кеден органы мойындағаннан кейін кедендік бақылауда тұр деп есептелмейді.
9-бап
Тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыру
шарттары
1. Еркін қойманың иесі, ал осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес белгіленген жағдайларда - өзге де тұлғалар еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауардың декларанты бола алады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты ретінде көрінуге құқылы қосымша өзге де тұлғалар айқындалуы мүмкін.
2. Еркін қойманың кедендік рәсімімен кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды және кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға болмайды.
Кеден одағының комиссиясы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылуға болмайтын өзге де тауарлардың тізбесін белгілеуі мүмкін. Бұл ретте еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылуға болмайтын өзге де тауарлардың тізбесін белгілеу туралы шешімді кеден одағының Комиссиясы ымырамен қабылдайды.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында осы мемлекеттердің аумағында құрылған (құрылатын) еркін қоймаларда еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар тізбесі белгіленуі мүмкін.
3. Еркін қойманың кедендік рәсіміне бұрын өзге кедендік рәсімдермен орналастырылған шетел тауарлары да орналастырылуы мүмкін.
4. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кеден одағының кедендік заңнамасында белгілеген тәртіппен кедендік декларациялауға жатады.
5. Өндірістік үдерістерді қамтамасыз ету, еркін қойманы ұстау мен пайдалану үшін қажетті және еркін қоймада тауарларды дайындау (алу) кезінде шикізат, материалдар және жинақтаушылар ретінде пайдалануға арналмаған кеден одағы тауарлары еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырмай еркін қоймада орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
6. Тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кеден баждарын, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету талап етілмейді.
10-бап
Тауарлардың еркін қойманың кедендік рәсімінде болу мерзімдері
Тауарлар осы Келісімнің 12-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, еркін қойманың жұмыс істеу мерзімі шегінде еркін қойманың кедендік рәсімінде болуы мүмкін.
11-бап
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен
және еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған
тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлармен жасалатын
операциялар
1. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен және еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалып (алынған) тауарлармен мынадай операциялар жасауға жол беріледі:
1) тауарларды қоймалау (сақтау, жинақтау, бөлшектеу);
2) тауарларды тиеу (түсіру) бойынша операциялар және сақтауға байланысты өзге де жүк операциялары;
3) тауарларды сақтауға қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды, тауар сапаларын жақсарту операцияларын қоса алғанда, тауарларды тасымалға және сатуға дайындау бойынша кәдімгі операциялар;
4) оны жүргізу нәтижесінде тауарлар өзінің жеке сипаттамасын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) бойынша және (немесе) тауарларды дайындау (құрастыруды, бөлшектеуді, монтаждауды, сәйкестендіруді қоса алғанда) бойынша операциялар, сондай-ақ тауарларды жөндеу жөніндегі операциялар;
5) осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқықтарын беру бойынша мәмілелер жасауды көздейтін операциялар.
2. Еркін қойманың көдендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты Кодекстің 155-бабына сәйкес сынамалар мен үлгілерді іріктеу бойынша операциялар жасауға рұқсат етіледі.
3. Еркін қойма аумағында еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, егер бұл тауарлар тауар дайындау (алу) үдерісінде толықтай немесе ішінара тұтынылатын болса да, мұндай тауарларды тұтыну фактісін осы Келісімнің 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес кеден органына ұсынылатын есептілікте міндетті түрде көрсете отырып, тауар дайындауға (алуға) жәрдемдесетін немесе оны жеңілдететін тауарлар ретінде пайдалануға жол беріледі.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген еркін қойманың кедендік расімімен орналастырылған тауарлармен жасалатын операциялар тізбесі еркін қойма құру мақсаттарына орай оны құру кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қысқартылуы мүмкін.
5. Осы баптың 1 - 3-тармақтарында көрсетілген операцияларды жасауға еркін қойма иелеріне ғана жол беріледі.
12-бап
Еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау
1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысы мұндай тауарларды және (немесе) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, осы Келісімнің 14-бабы ескеріле отырып не осы баптың 5 және 6-тармақтарына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімінен басқа, Кодексте белгіленген кедендік рәсімдермен орналастырумен аяқталады.
2. Еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданысы:
1) еркін қойма жұмыс істеуін тоқтатқан кезде (еркін қойманың иесі еркін қойма иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде);
2) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойманың аумағынан әкету үшін аяқталуға тиіс.
3. Еркін қойманың кедендік рәсімі аяқталған кезде, осы Келісімнің 9-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өзге тұлғалар еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болған жағдайды қоспағанда, еркін қойма иесі еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және (немесе) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың декларанты бола алады.
4. Еркін қойма жұмыс істеуін тоқтатқан кезде (еркін қойманың иесі еркін қойма иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде) еркін қойма аумағындағы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар еркін қойма жұмыс істеуін тоқтатқан күннен бастап төрт ай ішінде Кеден кодексінде белгіленген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалмаса, Кодекстің 21-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды ұстайды.
5. Егер еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйде қайта өңделсе, көрсетілген қалдықтар кедендік рәсімдерімен орналастыруға жатпайды. Бұл ретте еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз қалдықтар санына сәйкес келетін және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын бөлігінде кедендік бақылауда тұрған жоқ деп есептеледі. Мұндай тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі оларды өзге кедендік рәсімдермен орналастырусыз аяқталады.
6. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан пайда болған және осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген операцияларды жасау нәтижесінде біржола жоғалтылған өндірістік шығындар Кодексте белгіленген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды. Бұл ретте еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар өндірістік шығындар санына сәйкес келетін және кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес анықталатын бөлігінде кедендік бақылауда тұрған жоқ деп есептеледі. Еркін қойманың кедендік рәсімі мұндай тауарларға қатысты оларды өзге кедендік рәсімдермен орналастырусыз аяқталады.
7. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойма аумағынан әкету, Кодекстің 155-бабы, сондай-ақ осы бап ескеріле отырып, кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
13-бап
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылатын
(орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын,
салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы
және оларды төлеу мерзімі
1. Декларантта еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген сәттен бастап туындайды.
2. Декларантта еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет:
1) осы Келісімге сәйкес мұндай тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі аяқталған;
2) Кодекстің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі:
1) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойманың аумағынан әкеткен кезде, мұндай тауарлар Кодексте белгіленген кедендік рәсімдермен орналастырылғанға дейін - еркін қойманың аумағынан әкетілген күн, егер бұл күн белгіленбесе - еркін қойманың аумағынан осындай әкету фактісі анықталған күн;
2) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи кему салдарынан жоғалуын қоспағанда, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар жоғалған кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - еркін қойманың аумағынан осындай әкету фактісі анықталған күн болып есептеледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар кеден органы тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күніне есептелген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескерілмей, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде төлеуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес мөлшерде төленуге жатады.
14-бап
Еркін қойманың кедендік рәсімінің аяқталуы кезінде кедендік
баждарды, салықтарды есептеу ерекшеліктерді
1. Еркін қойманың кедендік рәсімінің аяқталуы кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, еркін қойманың кедендік рәсімінің аяқталуы кезінде тауарлар орналастырылатын кедендік рәсімдер үшін белгіленген кедендік баждарды, салықтарды есептеу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
2. Тасымалдаудың (тасымалдың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (пайдалануға берудің) қалыпты жағдайы кезінде табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан өзгеруін қоспағанда, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағы шегінен тыс әкетілетін шетелдік тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімінің аяқталуы кезінде мұндай тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
3. Еркін қойманың кедендік рәсімі, егер мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағы шегінен тыс әкетілген жағдайда, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларына қатысты осы тауарларды немесе кеден одағы тауарларынан дайындалған (алынған) тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
Кеден одағының тауарларына қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі аяқталған және осындай тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкету баждары төлеуге жатады.
Кедендік әкету бажын есептеу кезінде кедендік баж ставкасы, тауарлар құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), сондай-ақ тауарлар саны және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы кеден органы тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні айқындалады.
4. Егер Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар, жеңілдіктер белгіленбесе, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойманың аумағында осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген операцияларға түспеген шетелдік тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі аяқталған және осындай тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар төленеді.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу кезінде кедендік баж, салықтар ставкалары, тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), сондай-ақ тауарлар саны және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы, осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, кеден органы тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні айқындалады.
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға енгізілген және осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында белгіленген операцияларды жасау үшін еркін қойманың иесі пайдаланған жабдыққа қатысты кедендік әкету бажын есептеу кезінде кедендік баж ставкасы, салықтар, тауарлар құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), сондай-ақ тауарлар саны және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы, егер осындай тауарлар сол күні кеден одағының кедендік аумағына әкелінген болса, кеден органы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарылған деген кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні айқындалады.
5. Тасымалдаудың (тасымалдың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (пайдалануға берудің) қалыпты жағдайы кезінде табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан өзгеруді қоспағанда, өзгеріссіз күйде қалған, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағы шегінен тыс әкетілмейтін кеден одағы тауарларына қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі аяқталған кезде мұндай тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
6. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі, егер шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кеден одағының тауарлары деп танылса және кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс әкетілсе, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған және кеден одағының тауарлары болып танылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталған кезде кедендік әкету баждары төлеуге жатады.
Кедендік әкету бажын есептеу кезінде кедендік баж ставкасы, тауарлар құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), сондай-ақ тауарлар саны және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы кеден органы тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні айқындалады.
7. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі, егер шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауарлары деп танылмаса және кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс әкетілсе, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
8. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларына қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі:
егер осындай тауарлар кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс әкетілмесе, еркін қойма аумағының кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарлардан ғана дайындалған (алынған) тауарларды;
егер дайындалған (алынған) осындай тауарлар кеден одағының тауарлары деп танылса және кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс әкетілмесе, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарлардан және шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі, егер шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауарлары деп танылса және кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс әкетілмесе, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
9. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі, егер шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауарлары деп танылмаса және кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс әкетілмесе, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1), 4), 5), 7), 8), 13), 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
Осы Келісімнің 17-бабына сәйкес жүзеге асырылатын шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардағы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың сәйкестендіру шартымен кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу кезінде еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған (алынған) шетелдік тауарларға және тауарларды дайындау (алу) кезінде пайдаланылған тауарларға қатысты кеден одағы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берген декларацияны тіркеген күні белгіленген (айқындалған) кедендік әкелу баждар, салықтар ставкасы, тауарлар құны, саны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) қолданылады.
Кеден органы тіркеген күні шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осы Келісімнің 17-бабына сәйкес жүзеге асырылатын еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруге қатысты декларация болмаған жағдайда, әкелу кедендік баждарын, салықтарды есептеу кезінде еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларға қатысты, Келісімнің 202-бабы 1-тармағының 1), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсіммен орналастыру үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні белгіленген кедендік әкелу баждары, салықтар ставкасы, кедендік құн, тауарлар саны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) қолданылады.
15-бап
Тауарлардың кедендік құны
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға, сондай-ақ еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімі аяқталған кезде мұндай тауарлардың кедендік құны Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алып өтетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге сәйкес айқындалады.
16-бап
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік
тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың
мәртебесін айқындау
1. Кедендік мақсаттар үшін еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындау тауарлардың жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жасалады, олар мыналардан көрінуі мүмкін:
1) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) бойынша тауардың жіктелген кодының бірінші төрт белгісінің кез келген деңгейіндегі өзгерісі;
2) тауарды кеден одағының тауары деп тануға жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялардың қажетті шарттарының орындалуы;
3) пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе қосылған құны түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлеске жеткендегі, тауар құнының өзгерісі (адвалорлық үлес ережесі).
2. Егер тауарды дайындау (алу) жөніндегі операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде мына шарттардың бірі орындалса:
осы тармақтың екінші және үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, КО СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеу кодының алғашқы терт белгісінің кез келген деңгейінде өзгеріс болса;
еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкілікті өнім бағасындағы белгіленген үлестен аспаса немесе, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қосылған құн түпкілікті өнім бағасында белгіленген үлеске жетсе;
тауарларға қатысты, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарды кеден одағының тауары деп тануға жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялар орындалса, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауар кеден одағының тауары деп танылады.
еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауар, егер осындай тауарға қатысты, өзге шарттардың орындалғанына қарамастан, жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне жауап бермейтін операциялар ғана жүзеге асырылса, кеден одағының тауары деп танылмайды.
КО СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеу кодының алғашқы терт белгісінің кез келген деңгейіндегі өзгерісі, егер тауарларға қатысты тауарды кеден одағының тауары деп тануға жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялар шарттарының тізбесі белгіленген жағдайда, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде қолданылмайды.
3. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды кеден одағының тауары деп тануға жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялар шарттарының тізбесі, сондай-ақ жүзеге асырылуы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау кезінде жеткілікті өндірістік өлшемдерге жауап бермейтін операциялар тізбесін еркін қойманың кедендік рәсімін аяқтау кезінде кедендік мақсаттар үшін Кеден одағының комиссиясы айқындайды. Кеден одағы комиссиясының көрсетілген шешімі ымырамен қабылданады.
4. Кеден одағының комиссиясы адвалорлық үлес ережесін еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде пайдалану тәртібін айқындайды. Кеден одағы комиссиясының көрсетілген шешімі ымырамен қабылданады.
Адвалорық үлес ережесі еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларын жөндеу жөніндегі операцияларды жетілдіру кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде қолданылмайды.
5. Еркін қойманың кедендік рәсімін аяқтау кезінде кедендік мақсаттар үшін еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындауды кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Еркін қойманың кедендік рәсімін аяқтау кезінде кедендік мақсаттар үшін еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін растайтын құжат ретінде кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары деп тану туралы қорытынды немесе еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары емес деп тану туралы қорытынды береді.
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары деп тану туралы және еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары емес деп тану туралы қорытынды толтыру нысанын, тәртібін, сондай-ақ оларды беру және қолдану тәртібін Кеден одағының комиссиясы айқындайды.
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары деп тану және еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары емес деп тану туралы қорытындылар толтыру нысанын, тәртібін, сондай-ақ оларды беру және қолдану тәртібін кеден одағының Комиссиясы айқындайды.
Кеден одағының комиссиясы көрсетілген қорытындылардың электрондық түріне қойылатын талаптар белгілеуі мүмкін.
7. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін растайтын құжат жоқ болған, жойылған немесе жарамсыз деп танылған кезде, мұндай тауар еркін қойманың кедендік рәсімі аяқталған кезде оны кеден одағының кедендік аумағынан шығару мақсаты үшін кеден одағының тауары ретінде, ал өзге мақсаттарда - шетелдік тауар ретінде қаралады.
17-бап
Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік
тауарларды шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған
(алынған) тауарларда сәйкестендіру
1. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), тауарларда сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:
1) қойма иесінің немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға мөр, мөртаңбалар, сандық және басқа да таңбалау қоюы;
2) шетелдік тауарлар ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
3) шетелдік тауарлардың және шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
4) тауарларда бар маркалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
5) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар сипатының және осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген жасалатын операциялардың негізінде, оның ішінде осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген операциялар жасаудың технологиялық үдерісінде еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды пайдалану туралы берілген толық мәліметтерді зерделеу жолымен, сондай-ақ оларды ендіру технологиясы туралы немесе осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.
2. Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүргізу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
18-бап
2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында тауарлардың экспорты
мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың
төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың қолданылу
ерекшеліктері
1. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың 2-бабы нормаларының еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) кеден одағының тауарларына күші жүрмейді.
2. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың 1-бабында белгіленген тәртіппен қосымша құн салығының нөлдік ставкасын қолданудың негізділігін растау үшін, тауарларды кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына өткізген және кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағында еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштің орнына салық органына кеден одағы растаған кедендік декларацияның көшірмесі беріледі, оған сәйкес мұндай тауарлар еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылады.
19-бап
Тауар мәртебесі туралы өтпелі ережелер
1. Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында құрылған еркін қоймалардағы және осы Келісім күшіне енгенге дейін еркін қойманың кедендік режимімен орналастырылған тауарлар, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырған болып саналады.
2. Осы Келісімнің күшіне енген күніне кеден мақсаттары үшін Беларусь Республикасында отандық тауарлардың, Қазақстан Республикасында қазақстандық тауарлардың және Ресей Федерациясында ресейлік тауарлардың мәртебесі болған осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылады.
3. Осы Келісімнің 16-бабында көзделген Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енгенге дейін еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды кеден одағының тауарлары деп тану мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, шығу тегі кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылатын, Беларусь Республикасы үшін СТ-1 нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатпен, Қазақстан Республикасы үшін СТ-КZ нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатпен, Ресей Федерациясы үшін СТ-1 нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатпен бекітілген тауарлар кеден одағының тауарлары болып табылады.
20-бап
Дауларды шешу
1. Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар, ең алдымен, келіссөздер және консультациялар өткізу жолымен шешіледі.
2. Егер даудың бір тарапы даудың екінші тарапына оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде дау тараптары дауды консультациялар және келіссөздер жолымен реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешуге қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде, дау тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін жібере алады.
3. Кеден одағының Комиссиясы кеден одағына мүше мемлекеттерге дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін бергенге дейін реттеуге жәрдем көрсетеді.
21-бап
Өзгерістер енгізу
Осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
22-бап
Қорытынды ережелер
Осы Келісім ратификациялауға жатады және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап қолданылады.
Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы кеден одағына мүше мемлекеттердің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді.
2010 жылғы «__»______ _________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын және ол кеден одағына мүше әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасы үшін Республикасы үшін Федерациясы үшін