Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 69-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев