Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының В қосымшасына түзетуді қабылдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 145 Жарлығы

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      «Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2006 жылғы 17 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптары Конференциясының екінші сессиясында қабылданған, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қоса беріліп отырған Киото хаттамасының В қосымшасына түзету қабылдансын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 145 Жарлығына    
ҚОСЫМША       

Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі
негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының В қосымшасына
ТҮЗЕТУ

      «Австрия» және «Бельгия» деген жолдардың арасына мынадай жол енгізілсін:

      «Беларусь*                                          92».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады