Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 528 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 55, 599-құжат; 2006 ж., № 43, 472-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықтың тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев