Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының рәмізі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1159 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 13.10.2017 № 563 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы Президенті
  мен Үкіметі актілерінің жинағында
  жариялануға тиіс

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының рәмізі болып Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасы белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасының сипаттамасы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасын дайындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындайтын кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 18 ақпандағы
№ 1159 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары эмблемасының
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасы ортасына көк түсті дөңгелек қалқан орналастырылған өрнектелген сегіз бұрышты көк түсті жұлдызды білдіреді. Қалқанға көлбеуінен ұштары төмен қаратылып бір-бірімен айқасқан қылыштар орналастырылған. Қалқанның ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Қалқан ұлттық өрнектермен көмкерілген. Қалқанның жиегінде "Қазақстан прокуратурасы" деген алтын түсті жазу жазылған, сөздердің арасында екі жағынан орналыстырылған 3 нүкте бейнеленген.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, қылыштар, ұлттық өрнек элементтері, нүктелер, жұлдыздың ұштары - алтын түсті.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасы бірыңғай түсте бейнеленуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасының бейнесі қоса беріліп отыр.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 18 ақпандағы
№ 1159 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
эмблемасының сипаттамасына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары эмблемасының
бейнесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады