Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 Жарлығы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2009 жылғы 10 маусымда Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы шарт бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы
2009-2016 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық
ынтымақтастық туралы
ШАРТ

2012 жылдың 19 наурызында күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2012 ж., N 3, 36-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы,
      1996 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шартты, 1992 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың принциптері туралы келісімді, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей нормалары мен принциптерін басшылыққа ала отырып,
      тең құқылы және өзара тиімді сауда-экономикалық және өндірістік қатынастарды одан әрі нығайту және дамыту қажеттілігін ұғына отырып,
      ұзақ мерзімді және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық, Тараптардың экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану олардың халқының әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді деп есептей отырып,
      экономиканың серпінді дамуына және экономикалық реформалар жүргізуге зор маңыз бере отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009-2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды жүзеге асырады.

2-бап

      Тараптар халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптерін бұлжытпай сақтау негізінде, оның ішінде Тараптардың ұлттық заңнамасын сақтай отырып, мемлекеттік басқару органдарының арасында, меншік нысанына және ұйымдық бағыныстылығына қарамастан, тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында шарттар жасасу жолымен экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      Қабылданған міндеттемелердің орындалуына Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес шарттар жасасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер жауапты болады.
      Тараптар әрбір Тарап экономикасының мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-қимылдан бас тартуға міндеттенеді.

3-бап

      Тараптар Бағдарламаның орындалуын үйлестіруді және оның іске асырылу барысын бақылауды жүзеге асыруды және қажет болған кезде оған өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды Қазақстан-Беларусь үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) жүктеуге келісті.
      Бағдарламаның орындалу барысы бір жылда кемінде бір рет Комиссияның отырыстарында қаралады.

4-бап

      Осы Шарттың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешетін болады.

5-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Шарттың 7-бабымен көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Шарт Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

7-бап

      Осы Шарт Тараптардың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін бөлікте қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және Шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, осы Шарттың қолданылуын тоқтату іске асырылуы осы Шарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін басталған жобаларды жүзеге асыруды қозғамайды.

8-бап

      Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен осы Шарттың қолданысын тоқтата алады. Бұл жағдайда Шарт мұндай хабарламаны алған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.

      2009 жылғы 10 маусымда Минск қаласында қазақ және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
      Осы Шарттың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасы                    Беларусь Республикасы
              үшін                                      үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады