Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге ("Шығыс - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы - Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ lb)) қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 379 Жарлығы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс    

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің («Шығыс - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы - Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ lb)) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге («Шығыс - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы - Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ lb)) қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 379 Жарлығымен    
МАҚҰЛДАНҒАН      

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру
және Даму Банкі арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
«Шығыс — Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы
(Алматы — Қорғас учаскесі): «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»
халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ lb)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі - Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі - Банк) арасындағы 201__ жылғы __________ келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы келісті:

I БАП — ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы Талаптар (осы Келісімге Толықтыруда айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде қолданылатын бас әріппен жазылатын терминдер Жалпы Талаптар немесе осы Келісімге толықтыруда оларға бекітіліп берілген мағынаға ие болады.

II БАП — ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға бір миллиард алпыс сегіз миллион (1 068 000 000) АҚШ долларына тең соманы беруге келісті, ол сипаттамасы осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген жобаны («Жоба») қаржыландыруға жәрдемдесу мақсатында осы Келісімде жазылған шартпен немесе онда сілтеме жасалған мерзімде және талаптарда осы Келісімнің («Қарыз») 2.07 Бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбасталуы мүмкін.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес алуға құқығы бар.
      2.03. Қарыз алушының төлеуі тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бір бөлігін (0,25 %) құрайды. Қарыз алушы комиссияны Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен бастап 60 күннен кешіктірмей төлейді.
      2.04. Қарыз алушы төлеуі тиіс пайыздар әрбір пайыздық кезең үшін Қарыз валютасы үшін ЛИБОР ставкасына тең ставка бойынша қосу өзгермелі спрэд бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін конверсиялау кезінде Қарыз алушы осындай сомаға конверсиялау кезеңі уақытында төленуге тиіс сыйақы мөлшері Жалпы Талаптардың 4-бабының ережелеріне сәйкес анықталуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген қалдығының кез келген бөлігі уақтылы төленбесе және отыз (30) күннің ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге жататын сыйақы мөлшері мұндай жағдайда Жалпы Талаптардың 3.02 (d) Бөлімінің ережелеріне сәйкес есептелуі тиіс.
      2.05. Төлем күндері әр жылдың 15 ақпаны және 15 тамызы болып табылады.
      2.06. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтелетін болады.
      2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз талаптарының мынадай конверсияларының кез келгенін жүргізуді сұратуға құқығы бар: (і) Қарыз валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының алынған, сол сияқты алынбаған, кез келген бөлігін мақұлданған валютаға өзгерту; (іі) қолданылатын пайыздық базистік ставкаға: (А) Қарыздың негізгі сомасының алынған және өтелмеген барлық немесе кез келген бөлігіне, өзгермелі ставкадан тіркелген ставкаға және керісінше, немесе (В) Қарыздың негізгі сомасының алынған және өтелмеген барлық немесе ішінара бөлігіне, референттік ставка мен өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі ставкадан тіркелген референттік ставка мен өзгермелі спрэд негізіндегі өзгермелі ставкаға немесе керісінше, немесе (С) Қарыздың алынған және өтелмеген бүкіл негізгі сомасына, өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі ставкадан тіркелген спрэдке негізделген өзгермелі ставкаға, және (ііі) өзгермелі ставка немесе референттік ставка үшін пайыздық ставканың жоғарғы шегін немесе пайыздық ставканың төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе ішінара бөлігіне қолданылатын өзгермелі ставканың немесе референттік ставканың шектерін анықтау.
      b) Осы Бөлімнің (а) тармақшасына сәйкес сұратылған және Банк мақұлдаған кез келген өзгеріс Жалпы Талаптарда анықталғандай, «Конверсия» болып саналады және Жалпы Талаптардың 4-бабы мен Конверсия жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.

III БАП - ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарына қол жеткізуді ұстанатынын мәлімдейді. Осы мақсатта Қарыз алушы Жобаны ККМ арқылы Жалпы Талаптардың V-бабының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
      3.02. Осы Келісімнің 3.01 Бөлімінің ережелерінің талаптарына сәйкес шектеусіз және Қарыз алушы мен Банктің арасында өзгеше туралы уағдаласу мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Жобаның іске асырылуын қамтамасыз етеді.

IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ

      4.01. Күшіне енудің қосымша шарттары мынадай болып табылады:
      а) Қарыз алушы ККМ арқылы Банкті қанағаттандыратын техникалық тапсырмаға сәйкес қаржылық басқару жөніндегі консультантты және сатып алу жөніндегі консультантты таңдауы тиіс.
      b) Жоба бойынша Банкті қанағаттандыратын, барабар жабдықталған бақылау құралдары бар, Жоба бойынша ресурстар мен шығыстарды және қаржылық есептерді, оның ішінде аралық қаржылық есептерді (АҚЕ) тексеріп отыру қабілеті бар бухгалтерлік есеп жүйесі орнатылған болуы тиіс.
      c) Қарыз алушы Банкті қанағаттандыратын Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулықты қабылданған болуы тиіс.
      4.02. Осы Келісімнің күшіне енуінің соңғы мерзімі осы Келісімге қол қойылған күннен кейін арада жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн болып табылады.

V БАП - ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКІЛІ; МЕКЕНЖАЙЛАР

      5.01. Қарыз алушының өкілі Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып табылады.
      5.02. Қарыз алушының мекенжайы:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана, 10000
      Қазақстан Республикасы

      Телекс:                               Факс:
      265126 (FILIN)                   (7)(7172)717785

      5.03. Банктің мекенжайы:
      International Bank for Reconstruction and Development
      1818 H Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America

      Телеграф:              Телекс:                  Факс:
      INTBAFRAD          248423(MCI) немесе       1-202-477-6391
      Washington, D.C.   64145(MCI)

__________________ _________________, Қазақстан Республикасы, Астана қаласында, жоғарыда көрсетілген күні және жылы КЕЛІСІЛДІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ үшін
Қол қойған:
_______________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.:
_______________________________
Лауазымы:
_______________________________

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
ДАМУ БАНКІ үшін
Қол қойған:
_______________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.:
_______________________________
Лауазымы:
_______________________________

1-ҚОСЫМША

Жобаның сипаттамасы

      Осы Жобаның мақсаты Алматы облысының шегінде Батыс Еуропа Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің учаскесінде тасымалдау тиімділігін арттыру және Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожол дәлізінің учаскелерінде автомобиль жолдарын басқаруды жетілдіру болып табылады.
      Жоба мынадай құрамдастардан тұратын болады:
1-құрамдас: Алматы облысының шегіндегі автожол учаскелерін реконструкциялау және салу
      а) Реконструкциялау және жетілдіру жұмыстарын, оның ішінде Алматы облысының шегіндегі Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожол дәлізінің құрамындағы Алматы - Қорғас учаскесіндегі қосымша айналма жолдарды, көпірлерді, көлік айрықтарын және қосалқы құрылыстарды реконструкциялау және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды орындау; және
      b) Жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарын басқару және қадағалау жөніндегі консультанттар қызметін ұсыну.
2-құрамдас: Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожол дәлізінің учаскелеріндегі автомобиль жолдарын басқаруды жетілдіру
      а) Сапа хартиясы негізінде ШБАДЖ-бен қамтылған автомобиль дәлізінің учаскелерінде пилоттық пайдалану және күтіп ұстау схемаларын қолдау үшін тауарлар мен консультациялық қызметтерді ұсыну.
      b) Жобаның 1 (а) бөлігіне қатысты ақылы қызмет енгізу бойынша кешенді стратегия әзірлеу жөніндегі консультанттар қызметін ұсыну.
      с) Институционалдық реформаларды іске асыру бойынша АЖСРК іс-шараларын қолдау үшін консультанттар қызметін ұсыну.

2-ҚОСЫМША Жобаны орындау

      І-бөлім. Іске асыру тетіктері

      А. Институционалдық тетіктер

      Қарыз алушы Жобаны мынадай институционалдық және басқа тетіктерге сәйкес жүзеге асырады:
      1. Жобаны Қарыз алушы, ККМ арқылы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулықта, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарында, Қоныс аудару негіздемелік саясаты мен ҚОӘБ-де көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастыру тетіктері мен операциялық рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады және Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулықтың, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарының, Қоныс аудару негіздемелік саясаты мен ҚОӘБ-нің қандай да болмасын ережелерін беруге, өзгерістер енгізуге, жоюға немесе бас тартуға тиіс емес.
      2. ККМ құрамындағы Автомобиль жолдары комитеті жоғарыдағы A.1-тармағында жазылған талаптарға сәйкес Жобаны іске асыру бойынша күнделікті іс-шараларды жүзеге асыратын болады.
      3. Қарыз алушы ККМ арқылы Жоба іске асырылатын уақыт ішінде, 2012 жылғы 15 желтоқсаннан бастап, әр күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей Банкке келесі күнтізбелік жылға арналған автожол дәлізін пайдалануға және күтіп ұстауға ұсынылатын бюджетті жіберуі тиіс және Жобаның 2 (а) Құрам бөлігі іске асыруға келесі күнтізбелік жылға жоспарланған іс-шаралар кестесін Банкпен келісуі тиіс.
      4. Қарыз алушы ККМ-ге (і) 2013 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей Жобаның 2 (а) Құрамдас бөлігінде көзделген жолдарды пайдалану мен күтіп ұстаудың пилоттық схемалары үшін Сапа хартиясының үлгі нысанын әзірлеу мен келісу және күтіп ұстауын қамтамасыз етуді, және; (іі) Сапа хартиясының Нысаны негізінде әзірленген әрбір Сапа хартиясында пайдалану және күтіп ұстау стандарттары сәйкес болуын қамтамасыз етуді тапсыруы тиіс.
      5. Қарыз алушы ШБАДЖ шеңберінде көлік қозғалысы үшін Автожол дәлізінің әрбір кіші учаскесі ашылғаннан кейін 3 ай өткен соң кешіктірмей және Сапа хартиясына сәйкес Жобаның 2 (а) Құрам бөлігіндегі пилоттық іс-шаралар шеңберінде анықталғандай, жоғарыда көрсетілген кіші учаскені пайдалануды және күтіп ұстауды ККМ-нің бастауын қамтамасыз етеді.
      6. Қарыз алушы ККМ арқылы 2015 жылғы 30 қаңтардан кешіктірмей Банкке, бағалау күнінен бастап кемінде 15 жыл кезеңге Автожол дәлізін пайдалану және күтіп ұстау қажеттіліктерінің оны қанағаттандыратын бағасын ұсынады, ол бүкіл Автожол дәлізі бойындағы қызметтердің қанағаттанарлық деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті жетіспейтін жұмыстарды қаржыландырудың ықтимал мүмкіндіктерін көрсетеді.
      7. Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңінде Қарыз алушы Банктің оларды беру тәсілі мен тұрақтылығы жөніндегі талаптарына сәйкес, бірақ кемінде тоқсан сайын бір рет жобаның сол тоқсанға арналған іс-шараларын қаржыландырумен байланысты күтілетін шығыстарды төлеу үшін жеткілікті қаржы қаражатын қамтамасыз етуге қажетті бюджеттік ресурстарды ұсынады.
      8. Қарыз алушы ККМ арқылы оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмасы Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын (1) АЖСРК мен АЖСРК тобының, және (2) оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмасы Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын (1) Автожолдарды басқару тобының қызметін қамтамасыз етеді.

      В. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      1. Қарыз алушы:
      (а) Жобаны іске асыру мақсаттары үшін орындалатын барлық жұмыстар Банкті қанағаттандыратын экологиялық, стандарттарға және талаптарға сәйкес болуына; (b) Жоба ҚОӘБ және барлық қолданылатын ҚОҚЖ ережелеріне сәйкес іске асырылуына кепілдік береді; және (с) ҚОҚЖ-ның, оның ішінде Жобаны іске асыруға байланысты кез келген экологиялық, теріс әсерді мейлінше болдырмау және жеңілдету бойынша барлық қажетті шаралардың Банк үшін қолайлы тәсілмен толық іске асырылуына кепілдік береді.
      2. Қарыз алушы:
      (а) ККМ АЖК арқылы төмендегі 3(b) тармақта талап етілетін барлық ҚІЖ-лердің ЖІН-ге сәйкес әзірленуіне кепілдік береді; (b) қоныс аударған тұлғалардың (бұл терминнің ҚІЖ-де анықталғанындай) тарапынан ЖІЕ-ні және барлық қолданылатын ҚІЖ-лердің іске асырылуына байланысты туындайтын барлық шағымдарды ЖІН-ге сәйкес әділдікпен қарау үшін қолданыстағы шағымдарды қарау рәсімдерін сақтауға немесе ККМ АЖК арқылы сақталуына кепілдік береді және жариялауы немесе жария етуге кепілдік беруі және осындай шағым қарау рәсімдерінде көзделген іс-қимылдарды іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды; (с) ККМ арқылы әрбір осындай шолу нәтижелері бойынша одан әрі іс-қимылдарға қатысты тұжырымдар мен ұсыныстарды Банкке уақтылы жіберуге; және (d) KKM арқылы осындай одан әрі іс-қимыл ұсыныстарын іске асыруға кепілдік береді, ол Банкпен келісілетін болады.
      3. Қарыз алушы ККМ арқылы:
      а) егер Банк пен Қарыз алушы ҚІЕ-ге сәйкес кейбір жағдайға қатысты Банк қанағаттанатын түрде іске асырылған осындай учаскелерде толық шешілмеген және іске асырылмаған ҚІЕ-де анықталған барлық шараларды келісілген болмаса, жоба бойынша қызметті іске асыру мақсаттары үшін осы келісімнің күніне дейін Қарыз алушы жерлерді сатып алуды жүзеге асыратын жобалау аумағындағы учаскелерде кез келген жұмыстарды бастауға тиіс емес;
       b) осы Келісімге қол қойылатын кезде жерлерді сатып алу көзделмеген, қоныс аудару негіздемелік саясатына сәйкес Банкті қанағаттандыратын қоныс аудару бойынша іс-шараларын жоспарын (ҚІЖ) дайындамай қажет болған, жобалық аумақ учаскелерінде Жоба бойынша кез келген жұмыстарды бастауға тиіс емес; және кейіннен осындай жер сатып алу Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді.
      (c) (і) Жобаны ҚІЖ немесе Қоныс аудару бойынша тиісті іс-шаралар жоспарларына сәйкес іске асырады; және (іі) Банкпен алдын ала келіспестен ЖІЕ немесе Қоныс аудару бойынша тиісті іс-шаралар жоспарларының қандай да бір ережелеріне өзгерістер енгізетін, тоқтата тұрмайтын немесе жоймайтын болады.
      4. Қарыз алушы ККМ арқылы:
      а) Жоба бойынша кез келген жұмыстар басталғанға дейін ҚОӘБ-ге сәйкес Банкті қанағаттандыратын Қоршаған ортаны қорғау жоспарларын дайындайды;
      b) Жобаны осындай Қоршаған ортаны қорғау жоспарларына сәйкес іске асыратын болады; және
      с) Банкпен алдын ала келіспестен, Қоршаған ортаны қорғаудың тиісті жоспарларының қандай да бір ережелеріне өзгерістер енгізе, тоқтата немесе күшін жоя алмайды.

      С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар

      Қарыз алушы Жобаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық пен Жобаны басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша іс-шаралар жоспарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

      II бөлім. Жобаның мониторингі бойынша есептілік және
      оны бағалау

      A. Жоба бойынша есептер

      1. Қарыз алушы Жобаны мониторингін жүзеге асырады, оның іске асыру барысын бағалайды және Жоба бойынша Есептерді Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде дайындайды. Жоба бойынша әрбір Есеп бір күнтізбелік жартыжылдық кезеңді қамтиды және осы есеппен қамтылған кезең аяқталғаннан кейін 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей Банкке ұсынылатын болады.
      2. 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей және Қарыз алушы кейіннен жыл сайын ККМ арқылы Банкпен бірлесіп Жобаны іске асыру барысына жыл сайынғы шолулар жүргізіп отырады. Жыл сайынғы шолуларға басқалармен қатар мыналар кіруі тиіс:
      а) Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеушілік;
      b) Жоба тиімділігінің индикаторларына сәйкес тұтас алғанда Жобаның тиімділігі; және
      с) негіздемелік іс-шараларды іске асырудағы қол жеткізілген ілгерілеушілік.
      3. Жыл сайынғы шолуға дейін кемінде 4 (төрт) апта бұрын Қарыз алушы ККМ арқылы Банкке Жобаның әрбір құрам бөлігін іске асырудың жай-күйін сипаттай отырып, жекелеген есепті және тұтас алғанда Жобаны іске асыру туралы жиынтық есепті ұсынады.

      B. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит

      1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізуге немесе оның жүргізілуін тексеруге міндетті.
      2. Осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелерін шектеместен, Қарыз алушы, нысаны мен мазмұны бойынша Банк үшін қанағаттанарлық, тоқсанға Жоба бойынша аралық аудиттелмеген қаржылық есептерді дайындайды және Банкке әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейінгі 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей ұсынады.
      3. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09-бөлімнің (b) ережелеріне сәйкес өзінің Қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының бір (1) қаржы жылы кезеңін қамтуы тиіс. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік Банкке әрбір осындай кезең аяқталғаннан кейінгі алты айдан (6) кешіктірілмей ұсынылады.

      ІІІ бөлім Сатып алу

      A. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар, жұмыстар және консультациялық емес қызметтер.
      Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар, жұмыстар және консультациялық емес қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың I бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтеме қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      2. Консультанттар қызметі. Консультанттардың Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық қызметтері «Дүниежүзілік Банктің Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаулығының» (Консультанттар жөніндегі нұсқаулық) I және IV Бөлімдерінде қамтылған немесе оларға жасалған сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      3. Анықтамалар. Осы Бөлімде сатып алудың белгілі бір әдістерін немесе Банктің белгілі бір келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін төменде пайдаланылған, бас әріппен басталатын терминдер нақты жағдайларға қарай Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың II және III бөлімдерінде немесе Консультанттарды жалдау жөніндегі нұсқаулықтың II, III, IV және V бөлімдерінде сипатталған анықтамаларға сәйкес келеді.

      B. Тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес
қызметтерді сатып алудың ерекше әдістері

      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмеген болса, тауарларды, жұмыстарды және консультациялық қызметтерді сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Оларда қандай да осы өзге әдіс қолданылатын жағдайларды көрсете отырып, Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар үшін тауарларды, жұмыстарды және консультациялық қызметтерді сатып алуға қолданылуы мүмкін Халықаралық, конкурстық сауда-саттықты қоспағанда, төмендегі кестедегі сатып алу әдістері ұсынылған.

Сатып алу әдісі

(а) осы 2-қосымшаға Толықтыруда көзделген қосымша талаптардың болуы шартымен ұлттық конкурстық сауда-саттық

(b)

Шопинг

(с)

Келісімшарттарды тікелей жасасу

      С. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың ерекше әдістері

      1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмеген болса, консультациялық қызметтерді сатып алу Сапа және құн негізінде іріктеу рәсімдеріне сәйкес тағайындалған келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде Сапа және құн негізінде іріктеуді қоспағанда, Консультанттардың қызметтерін сатып алу кезінде қолданылуы мүмкін болатын сатып алу әдістері ұсынылған. Сатып алу жоспарында қандай да бір әдіс қолданылған мән-жайлар қамтылуы тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) Сапа негізінде іріктеу

(b) Тіркелген бюджет кезінде іріктеу

(с) Құны неғұрлым төмен болған кездегі реттеу

(d) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу

(е) Бір көзден сатып алу

(f) Жеке консультанттарды іріктеу

      D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді қарауы

      Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар көрсетіледі. Барлық баска келісімшарттар Банктің Кейіннен қарау мәні болып табылады.

      IV бөлім. Қарыз қаражатын шоттан алу

      А. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушы Қарыз қаражатын Жалпы шарттардың II бабының, осы Бөлімнің және төмендегі 2-тармақтағы кестеге сәйкес Банк Қарыз алушыға Заңды шығыстарды қаржыландыруға арналған хабарламасында көрсететін сол қосымша нұсқаулықтардың (2006 жылғы мамырдағы, Банк кезең-кезеңімен қайта қарайтын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын «Жобалардың қаражатын игеру жөніндегі Дүниежүзілік банктің нұсқаулығын» қоса алғанда) ережелеріне сәйкес ала алады.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан («Санат») қаржыландырылуы мүмкін Заңды шығыстардың санаттары, әрбір Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомасы мен әрбір Санат бойынша Заңды шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі анықталған.

Санаты

Қарыздың бөлінген сомасы (долларлық баламада)

Қаржыландыруға жататын шығыстардың үлесі (салықтарды қоса алғанда)

(1) Жоба бойынша тауарлар, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер және консультанттардың қызмет көрсету

1,068,000,000

85 %

ЖАЛПЫ COMA

1,068,000,000


      В. Алу шарттары; алу кезеңі

      1. Осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат:
      а) қарыз қаражатын резервке қойғаны үшін комиссия Банкке толық көлемде төленбей тұрып, Қарыз шотынан; не
      b) осы Келісім күніне дейін жасалған төлемдер бойынша алынуға тиіс емес.
      2. Жабылу күні - 2017 жылғы 30 маусым.

2-ҚОСЫМШАҒА
толықтыру

      Ұлттық конкурстық сауда-саттық өткізу рәсімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-IV («MC3») Қазақстан Республикасының Заңында жазылған талаптарға сәйкес болады, алайда, мұндай рәсім «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына ұсынылатын грант қаражаттары есебінен тауарларды, жұмыстарды, консультациялық емес қызмет көрсетулерді сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың» (2011 жылғы қаңтар) («Сатып алу жөніндегі нұсқаулық) 1-бөліміне және 3.3 және 3.4-тармақтарына және төмендегі қосымша ережелерге сәйкес болуы шарт:
      1. Сатып алатын мекемелер үнемділік, тиімділік, ашықтық қағидаттары мен Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың I бөлімінің ережелеріне жалпы сәйкестікті сақтай отырып дайындалатын, Банк үшін қолайлы үлгі конкурстық құжаттаманы пайдаланады.
      2. Конкурсқа қатысушыларға рұқсат беру Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың I бөліміне сәйкес анықталады; тиісінше, бір де бір қатысушы немесе тендердің ықтимал қатысушысы Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың I бөлімінде жазылғаннан басқа, өзге себептер бойынша Банк қаржыландыратын келісімшарттар бойынша заңсыз деп таныла алмайды.
      3. Конкурстық сауда-саттыққа қатысу үшін заңдылығына қатысты бастапқы эмбаргодан туындайтын шектеулерді қоспағанда, тендерге қатысушының азаматтығына және/немесе тауарлардың шыққан жеріне байланысты ешқандай шектеулер қойыла алмайды.
      4. Шетелдік қатысушыларға мемлекеттік конкурстық сауда-саттық, рәсімдеріне қатысуға ешқандай да шектеусіз жіберіле алады.
      5. Отандық қатысушылардың және/немесе ел ішінде өндірілген тауарлардың қандай да бір артықшылықтарға ие емес.
      6. Конкурстық сауда-саттыққа қатысу тек алдын ала тіркелген компаниялар үшін ғана ашық болмауы тиіс және қатысушы шетелдік компанияларға қатысты өтінім ұсыну шарты ретінде жергілікті органдарда тіркеу жөнінде талап қойылмауы тиіс.
      7. Өтінімді бірлескен кәсіпорын ретінде ұсыну үшін шетелдік компанияларға жергілікті әріптестермен бірлесу талабы қойылмауы тиіс, ал бірлескен кәсіпорындарға кіретін әріптестер өздерінің міндеттемелері үшін субсидиарлық және жеке жауапкершілікте болуға міндетті.
      8. Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындары, егер олар өзінің заңдық және қаржылық тәуелсіздігін, коммерциялық қызмет туралы заңнамаға сәйкес жұмыс істеуге қабілетті екенін және Қарыз алушыдан немесе Қосалқы қарыз алушыдан тәуелсіз болып табылатынын растай алған жағдайда ғана сауда-саттыққа қатысуға құқығы болады. Мұндай кәсіпорындар да тендердің басқа қатысушылары сияқты өтінім кепілдігін ұсыну және тиісінше орындау бойынша талаптарды орындауы тиіс болады.
      9. Осы ережелерді орындаған жағдайда сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы Заңда белгіленген «Конкурстық сауда-саттықты жүргізу әдістерінің» рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі.
      10. Сатып алу мақсаттары үшін шығыстар сметасы құпия ақпарат болып табылады тиіс және сауда-саттықтың ықтимал қатысушыларына жария етілмейді.
      11. Банк үшін қолайлы біліктілік алдындағы рәсімдер үлкен, кешенді және/немесе мамандандырылған жобалар үшін қолданылады.
      12. Өтінімдерді дайындау және ұсыну үшін қайсысы кешірек болуына қарай сауда-саттыққа қатысуға шақыру күнінен немесе конкурстық құжаттамаға рұқсат берілген күннен бастап сауда-саттықтың қатысушыларына отыз (30) күндік ең аз мерзім ұсынылады.
      13. Өтінімдер бір конвертте ұсынылатын болады.
      14. Ерекше жағдайлар түріндегі жеткілікті негіздеме болған кезде өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуды мерзім өткенге дейін және келісімшартты бағалау немесе тағайындауды аяқтау үшін қажетті ең аз, бірақ отыз (30) күннен аспайтын мерзімге жазбаша нысанда барлық қатысушылардан талап етуі мүмкін. Оған Банк алдын ала келісім берместен, ешқандай басқа ұзартуды сұрату жасалынбайды.
      15. Өтінімдер конкурстық құжаттамада белгіленген рәсімдерге сәйкес, өтінімдерді беру күні аяқталғаннан кейін барлығының тікелей қатысумен ашылады. Кешігу жағдайларын қоспағанда, өтінімдер ашылу сәтінде бір де бір өтінім кері қайтарыла алмайды.
      16. Өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада көрсетілген өлшемшарттарға қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Біліктілік өлшемдері бойынша өтінімдерді бағалау «өтеді/өтпейді» деген қағидат бойынша жүргізіледі. Бағасынан басқа бағалау өлшемдері құндық мәнде есептеледі.
      17. Көптеген бөліктері Техникалық ерекшеліктерге, келісімшарттың талаптарына немесе конкурстық құжаттаманың басқа сындарлы талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер кері қайтарылатын болады.
      18. Өтінімдерді бағалау құпия рәсім болады, ал тендерлік комитеттің отырыстары сауда-саттық қатысушылары және/немесе олардың өкілдері үшін жария етілмейді.
      19. Біліктіліктен кейінгі талаптар бұрында орындалған келісімшарттарға, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың қаржылық және техникалық әлеуетіне қатысты ғана қолданылады.
      20. Келісімшарт, өтінімнің бағасы мен мазмұнына қатысты келіссөздер жүргізбестен, алдын ала анықталған және ашылған бағалау өлшемдеріне сәйкес келісімшартты орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар ретінде анықталған, талаптарға сәйкес бағаланған құны ең төмен өтінімді ұсынған тендер қатысушысына беріледі.
      21. Егер сатып алушы мекеме өтінімінің бағаланған құны ең төмен бағаланған қатысушысымен келісімшарт жасаса алмаса, келісімшарт тізім бойынша келесі, біріншіден кейінгі ең көп балл алған қатысушыға беріледі.
      22. Оған Банктің оған алдын ала келісімі болмастан, бір де бір өтінім (немесе егер бір ғана өтінім алынған болса, жалғыз өтінім) кері қайтарыла алмайды, сатып алу процесі жойылуы және жаңа өтінімдер сұратыла алмайды.
      23. Қатысушыларға келісімшартты орындау кепілдігін ұсынуға келісімшарт беру туралы хабарлама алған сәттен бастап, жиырма сегіз (28) күндік ең аз мерзім берілуі тиіс.
      24. Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын конкурстық құжаттаманың әрбір пакеті және әрбір келісімшарт Банктің Сатып алу жөніндегі нұсқаулығында айқындалғандай, алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар фирмалар мен жеке тұлғаларға қолданылатын санкцияларға қатысты саясат туралы ережені қамтиды. Банк белгіленген немесе белгіленбеген уақыт ішінде осындай компанияның немесе жеке тұлғаның заңсыздығын көпшілікке жариялау сияқты шараларды қоса алғанда санкциялар туралы банктің қолданыстағы рәсімдеріне сәйкес, компанияға немесе жеке тұлғаға кез келген уақытта шара қолдануға: (а) Банк қаржыландыратын келісімшарттарды алуға; және (б) қосалқы мердігер, консультант, өндіруші немесе жеткізуші, сондай-ақ, Банк қаржыландыратын келісімшарт берілген басқа заңды компания үшін қызметтердің провайдері етіп тағайындауға құқылы.
      25. Сатып алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, Қарыз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын конкурстық құжаттаманың әрбір пакеті және әрбір келісімшарт сауда-саттыққа қатысушылар, жеткізушілер және мердігерлер, сондай-ақ, олардың қосалқы мердігерлері, агенттері, қызметкерлері, консультанттары қызметтердің провайдерлері немесе жеткізушілер Банкке конкурстық өтінімді беру және келісімшарттарды орындауға жататын өзінің есептерін, есепке алу және басқа құжаттаманы тексеруге, сондай-ақ, Банк тағайындаған аудиторлардың олардың аудитін жүргізуге рұқсат беруі туралы ережелерді қамтиды. Сатып алу туралы нұсқаулықта көзделген тексерулер мен аудитті жүргізу кезінде Банк үшін елеулі қиыншылықтар туғызуға бағытталған іс-қимылдар Сатып алу туралы нұсқаулықтың анықтамасына сәйкес кедергі келтіру болып табылады.
      26. Сатып алу процесіне қатысты шағымдар Сатып алу туралы нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес қаралуы тиіс.

      E. Тендерлік рәсімнің күшін жою

      Тендерді өтпеді деп тану және жаңа тендер өткізу Банктің алдын ала келісімімен ғана мүмкін.

      F. Жекелеген өтінімдерді кері қайтару

      Жекелеген өтінімдер мынадай жағдайларда ғана:
      а) қатысушының тиісті біліктілігі жоқ болса;
      b) қатысушы өзінің өтініміндегі сатып алушы мекеменің тендерлік комиссиясы анықтаған арифметикалық қателерді түзетумен келіспесе; және
      с) қатысушы тендерлік құжаттардың талаптарына сай болмаса кері қайтарылуы мүмкін.

3-ҚОСЫМША
Өтеу кестесі

      1. Келесі кестеде негізгі борышты өтеу күндері мен негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтелуі тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының («Өтеу үлесі») пайызы түріндегі үлесі көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынған болса, онда Қарыз алушының негізгі борышты әрбір осындай өтеу күнінде өтелуі тиіс болатын Қарыздың негізгі сомасын Банк: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде алынған Қарыз сомасын және (b) негізгі борышты әрбір осындай өтеу күніне төлемнің өтелетін үлесін көбейту жолымен анықтайды. Төленуі тиіс осы сома қажеттігіне карай, Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валюта конверсиясына қолданылатын соманы шегеру мақсатында түзетілетін болады.

Қарыздың негізгі сомасын өтеу күні

Кезекті жарна (пайыздық мәнде)

Жыл сайын 15 ақпанда және 15 тамызда 2017 жылғы 15 тамыздан бастап 2030 жылғы 15 тамызға дейін

3,57 %

2031 жылғы 15 ақпан

3,61 %

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынбаса, онда негізгі борышты әрбір осындай өтеу күнінде Қарыз алушы өтеуі тиіс болатын Қарыздың негізгі сомасы мынадай ретте айқындалатын болады:
      а) Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде алынған Қарыздың қаражатының кез келген шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнге алынған Қарыз сомасын өтеуі тиіс.
      b) Негізгі борышты («Төлемді өтеу үлесінің Бастапқы сомасы») өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез-келген сома негізгі борышты өтеудің осы күніне, осындай алу күнінен кейін, осы Қосымшаның 1-тармағының кестесінде көрсетілген Өтеу үлесінің бастапқы сомасы алымы, ал бөлімі төлемдерді өтеу үлесінің негізгі борышты өтеудің осындай күніне немесе одан кейін қалған бүкіл бастапқы сомаларының жиынтығы болып табылатын осындай әрбір алынған соманы бөліндіге көбейту жолымен Банк анықтаған сомада негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтелуі тиіс. Төлеуге жататын осы сома осы Қосымшаның 4-тармағының көзделген және оларға валюта конверсиясы қолданылатын сомаларды шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетілетін болады.
      3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде алынған Қарыз сомалары негізгі борышты өтеудің кез келген күніне жататын негізгі борыш сомасын есептеу мақсаты үшін айрықша алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші күнінде алынған және өтелмеген болып есептелетін және алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап негізгі борышты етеудің әрбір күні өтеуге жататын болады.
      (b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзімдері бойынша шоттарды ұсыну жүйесін қабылдаса, осы ретте шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті күніне немесе одан кейін беріледі, шоттарды ұсынудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған қандай да алуларға осы тармақшаның ережесі қолданылмайтын болады.
      4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, мақұлданған валютаға қарыздың бүкіл немесе кез келген бөлігінің валюта конверсиясы кезіндегі кезеңі ішінде басталатын негізгі борышты өтеудің кез келген күнінде өтеуге жататын, мақұлданған валютаға осылайша айырбасталған сома тікелей айырбастау алдындағы оның қайта номиналдану валютасына осындай соманы: (і) конверсияға жататын валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банк төлеуі тиіс мақұлданған валютадағы негізгі борыш сомасын көрсететін айырбастау бағамына; немесе (іі) егер Банк конверсия бойынша нұсқаулыққа сәйкес мұндай шешімді қабылдаса, экранды ставканың валюталық құрауышына көбейту жолымен анықталуы тиіс.
      5. Егер Қарыз біреуінен астам Қарыз валютасынан номинацияланған болса, ондай жағдайда осы кестенің ережелері қарыз валюталарының әрқайсысының сомаларына, сондай-ақ жекелеген өтеу кестелерін есептеу үшін сомалардың әрқайсысына жекелеп қолданылады.

ҚОСЫМША

I Бөлім. Анықтамалар

      1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық» 2006 жылғы 15 қазандағы «ХКДБ қарыздары және ХДҚ-ның кредиттері мен гранттарының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі нұсқаулықты» және олардың 2011 жылғы қаңтардағы жаңартуларын білдіреді.
      2. «Санат» осы Келісімге 4-қосымшаның IV Бөлімінің кестесінде сипатталған санатты білдіреді.
      3. «Автомобиль жолдары комитеті» немесе АЖК «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес 2008 жылғы 1 қаңтарда ККМ құрамында құрылған және Жобаның ағымдағы іске асырылуына жауап беретін автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ведомствоны, оның ішінде оның барлық құқық мирасқорлары немесе мирасқорын білдіреді.
      4. «Консультант таңдау жөніндегі нұсқаулық» 2011 жылғы қаңтарда шығарылған «ХКДБ қарыздары және ХДҚ-ның кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаулықты» білдіреді.
      5. «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» немесе «ҚОӘБ» Қарыз алушының 2011 жылғы 13 желтоқсанда дайындаған және жариялаған және Банк келіскен Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі қорытынды есепті білдіреді, оған басқалар арасында: (1) Жобаның іс-шаралары іске асырылатын объектілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы; (2) жоғарыдағы (1) тармақта сипатталған іс-шаралардың әлеуетті және нақты келеңсіз экологиялық және әлеуметтік әсері; және (3) Жоба шеңберінде келеңсіз экологиялық әсерді жұмсартуға, жоюға немесе өзгеше орнын толтыруға бағытталған, Жобаны іске асыру және пайдалану барысында орындалуы тиіс шараларды көрсете отырып, объектілер үшін ҚОҚЖ әзірлеу рәсімдері.
      6. «Қоршаған ортаны қорғау жоспарлары» немесе «ҚОҚЖ» объектілері үшін әзірленген Банк үшін қанағаттанарлық және Қарыз алушы қабылдаған ҚОӘБ-ғе және осы Келісімге 2-қосымшаның I Бөлімінің 1-тармағына сәйкес қабылдаған, Жоба шеңберіндегі Қарыз алушы жүргізуі тиіс жұмыстарға қатысты және Жобаның іс-шараларын іске асырумен байланысты, баламалы институционалдық тетіктермен, талаптардың орындалуының тиісінше деңгейін және оларды Банктің алдын-ала жазбаша келісуіне мерзімді түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігімен бірге сақталуы жөнінде ақпараттың жүйелі түрде түсуін қамтамасыз етуге қабілетті мониторинг және есептілік тетіктерімен бір қатарда әлеуетті экологиялық, тәуекелдерді басқару, қоршаған ортаға келеңсіз әсерін жеңілдету, төмендету және/немесе өтеу бойынша шараларды айқындайтын құжаттарды білдіреді; және «ҚОҚЖ» ұғымы осы объектілердің бірін білдіреді.
      7. «Сапа хартиясының нысаны» - Қарыз алушы ККМ арқылы әзірлеген және қабылдаған, сондай-ақ, Банкті қанағаттандыратын, Жобаның 2(a) құрам бөлігіне сәйкес пайдаланудың және күтіп ұстаудың пилоттық схемасының стандарттары мен рәсімдерін белгілейтін және әрбір Сапа хартиясын әзірлеу үшін негіз болып табылатын құжат.
      8. «Негіздемелік іс-шаралар» - ККМ 2010 жылғы 27 желтоқсанда қол қойған құжат, онда кейіннен нақтылау арқылы ОБАДЖ қаржысынан қаржыландырылатын институционалдық реформаларды іске асыру стратегиясы толық сипатталған.
      9. «ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспары» Банк талаптарын қанағаттанатын және Қарыз алушының қаржылық басқаруды бақылауды күшейту және Жоба бойынша өткізілетін сатып алу рәсімдерінің ашықтығын және адалдығын қамтамасыз етуге бағытталған, 2012 жылғы 28 наурыздағы нақтылауларымен 2009 жылғы 16 наурызда Қарыз алушы ККМ арқылы қабылдаған Жобаны басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар және Жобаға басшылық жөнінде іс-шаралар жоспарын білдіреді.
      10. «Жалпы шарттар» 2012 жылғы 12 наурыздағы «Қарыз беру бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің жалпы шарттарын» білдіреді.
      11. «ККМ» Қарыз алушының Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін және оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын білдіреді.
      12. «Автожолдарды басқару тобы» торт жолақты автожол желілерін басқару үшін Автомобиль жолдары комитеті құрамындағы Қарыз алушы қалыптастырған штатты қызметкерлер тобын білдіреді.
      13. «Сатып алу жөніндегі нұсқаулық» 2011 жылғы қаңтарда қабылданған «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына ұсынылатын грант қаражаттары есебінен тауарларды, жұмыстарды, консультациялық емес қызметтерді сатып алу жөніндегі нұсқаулықты» білдіреді.
      14. «Сатып алу жоспары» Қарыз алушының 2012 жылғы 26 наурызындағы, Жоба үшін Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың 1.18-параграфында және Консультанттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулықтың 1.25-параграфында оған сілтеме жасалған сатып алу жоспарын білдіреді, ол көрсетілген параграфтардың ережелеріне сәйкес мерзімді түрде жаңартылып отырады.
      15. «Жобалау аумағы» Алматы облысының аумағындағы Алматы мен Қорғас арасындағы Автожол дәлізінің учаскесін білдіреді.
      16. «Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулық» Қарыз алушы ККМ арқылы қабылдаған және Банкпен келісілген қаржылық басқару бойынша нұсқаулықты қоса алғанда, Жобаны іске асыру рәсімдері мен ережелерін операциялық және әкімшілік міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ осы Келісімнің ережелеріне, Қарыз алушының Банктің алдын-ала жазбаша келісуіне мерзімді түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін болатын ұлттық, заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес келетін қаржылық рәсімдер жөніндегі құжатты білдіреді.
      17. «Сапа хартиясы» - бұл Банк үшін қанағаттанарлық құжат, ол Сапа хартиясының нысаны негізінде әзірленетін және ең аз дегенде автожолды пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтердің (жолға шығуға рұқсат; экономикалық, және әлеуметтік дамуға ықпал ету; жол қозғалысының қауіпсіздігі; қозғалыстың бір қалыптылығы, қызмет ету аймағы жоспарының ең жоғары тиімділігі, төтенше қызметтердің жұмысы және т.б.; автожол желісінің жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну; және жол бойындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту; және (іі) оқыту қажеттілігін анықтауды қоса алғанда, жол қызметі жұмыскерлері үшін анықталған тәуекелдерді азайту тәсілі және т.б.) сапасын қоса алғанда, Жобаның 2 (а) құрамын пилоттық пайдаланудың және күтіп ұстаудың сызбасы шеңберінде автожол дәлізінің ШБАДЖ нақты учаскесін пайдалану және күтіп ұстау бойынша жоғары сапалы қызметтерді ҚАЖ қанағаттанарлық көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында ККМ қабылдаған құжат.
      18. «Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарлары» немесе «ҚІЖ» нақты объектілер үшін әзірленген, оның ішінде осы Келісімге 2-қосымшаның I Бөлімінің 3 (b)-тармағына сәйкес Қарыз алушы қабылдаған кез келген қысқартылған қоныс аудару іс-шаралар жоспарын және іс-шаралар бағдарламасын, өтемақы ұсыну және тұлғалардың қоныс аудару шаралары мен саясатын, соның ішінде өтемақы және қоныс аудару тетіктерін, бюджет пен шығындар сметасын, сондай-ақ, әрбір объектіде осы құжаттардың шарттарын сақтауды тиісінше іске асыруды және үнемі бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған баламалы институционалдық тетіктермен мониторинг және есептілік тетіктерімен бірге қаржыландыру көздерін қамтитын Банкпен келісілген құжаттарды білдіреді; және «Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспары» немесе «ҚІЖ» осындай жоспарлардың бірін білдіреді.
      19. «Қоныс аудару бойынша шараларды іске асыру туралы есеп» немесе «ҚІЕ» Банкті қанағаттандыратын, АЖК Қарыз алушының атынан 2012 жылғы 29 наурызда дайындаған, қабылданған және, Қарыз алушы ________ жылы жариялаған және _____________ жылы Банктің Infoshop сайтында жарияланған, Қарыз алушы осы Келісімнің күніне дейін Жобаның аумағында жерлерді сатып алу кезінде пайдаланған стандарттарды және әдістерді талдауды: (2) ҚНС-қа сәйкес жерлерді сатып алу үшін қабылдануы тиіс шараларды анықтау арқылы олқылықтарды талдау, соның ішінде барлық шешілмеген істерді шешудің бара-бар қаражатының жоспары дәлме-дәл қаржысының жоспары; және (3) жерлерді Банктің қоныс аудару саясатының талаптарына сәйкес сатып алу үрдісін жүргізу үшін осы азатжолдың (2) тармағы шеңберінде анықталған олқылықтардың орнын толтыру үшін қажетті барлық іс-шаралардың тізімін қамтитын құжатты білдіреді.
      «Қоныс аударудың негіздемелік саясаты» немесе «ҚНС» Қарыз алушы дайындаған және келіскен, 2008 жылғы 1 мамырда түзетулерімен және жариялаған, 2009 жылғы 18 наурызда қайталап жариялаған 2009 жылғы 25 наурызда Infoshop сайтында жарияланған. Онда қоныс аудару рәсімдері, институционалдық тетіктері, заңдылық критерийлері, құқықтары және өтемақылары, соның ішінде бағалау, қоғамдық тыңдауларды өткізу және оларға қатысу рәсімдері, сондай-ақ, Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде қолданылатын жариялау өлшемшартты белгілейтін құжатты білдіреді.
      21. «Автожол секторын реформалау жөніндегі кеңесші» немесе «АЖСРК» институционалдық реформалау жүргізу және басқару іс-шараларына жауап беретін Көлік және коммуникация министрінің штатты кеңесшісін білдіреді.
      22. «Автожол секторын реформалау жөніндегі кеңесші тобы» немесе «АЖСРК тобы» ККМ автожол секторын реформалау және жол реформасын үйлестіру мәселелері бойынша кеңес бергеніне жауапты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады