ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 568 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Астана қаласында 2017 жылы өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Президенті




  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2012 жылғы 26 қарашадағы
  № 436 Жарлығына
  ҚОСЫМША

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда- ҚР Президентінің 06.08.2014 № 888 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.06.2016 N 275 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Астана қаласының әкімі, төрағаның орынбасары

      комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

      "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2012 жылғы 26 қарашадағы

№ 436 Жарлығымен

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 602 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан және Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.

      4. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 06.08.2014 № 888 Жарлығымен.

II. Мемлекеттік комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары

      5. Мемлекеттік комиссияның міндеті Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі - "ЭКСПО-2017, Астана" көрмесі) дайындау мен өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      6. Мемлекеттік комиссия "ЭКСПО-2017, Астана" көрмесін ұйымдастыру мен оны өткізу мәселелері жөнінде, атап айтқанда:

      1) "ЭКСПО-2017, Астана" көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуы;

      2) "ЭКСПО-2017, Астана" көрмесін дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығыстар көлемін және оны қаржыландырудың көздерін айқындау;

      3) "ЭКСПО-2017, Астана" көрмесін дайындау мен оны өткізуге байланысты мәселелерді жедел шешу бойынша іс-шараларды орындауға қатысатын орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың қызметі мен өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету;

      4) "ЭКСПО-2017, Астана" көрмесін дайындау және өткізу үшін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды тарту;

      5) "ЭКСПО-2017, Астана" көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін бюджеттен тыс көздерден қаражат тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      6) "ЭКСПО-2017, Астана" көрмесін дайындау, ұйымдастыру мен өткізуге байланысты іс-шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.

      7. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен өзге ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      2) Мемлекеттік комиссия отырыстарында Мемлекеттік комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар өкілдерін тыңдауға;

      3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

III. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасауды Мемлекеттік комиссияның төрағасы жүзеге асырады.

      9. Төраға болмағанда оның міндеттерін оның орынбасарларының бірі атқарады.

      10. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен жиі өткізілмейді.

      Мемлекеттік комиссияның қарауына шығару үшін ұсынылған мәселелер міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

      11. Жұмыс органының функциялары:

      1) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына дайындықты қамтамасыз ету;

      2) есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне мемлекеттік органдар ұсынатын деректер негізінде тапсырмаларды орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы жинақтап - қорытылған ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін тоқсан сайын бір рет Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолдау;

      3) отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды (анықтамалар, тұсаукесерлер, хаттамалық шешімдердің жобалары, сөйлеушілер мен қатысушылардың тізімдері) жинау және Мемлекеттік комиссияның отырыстарын өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын Мемлекеттік комиссияның төрағасына ұсыну;

      4) Мемлекеттік комиссияның отырысы хаттамасының жобасын Мемлекеттік комиссияның отырысқа қатысқан мүшелеріне келісуге және бұрыштама қоюға жіберу болып табылады.

      12. Мемлекеттік комиссияның төрағасымен келісілген Мемлекеттік комиссия отырысының күн тәртібін отырысқа кемінде он бес жұмыс күні қалғанда жұмыс органы қалыптастырады және отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне жібереді.

      13. Мемлекеттік комиссияның отырысы Мемлекеттік комиссия төрағасының шешімі және жұмыс органының ұсынысы бойынша шақырылады.

      Отырыс өткізілетін күн, оған шығарылатын мәселелер бойынша материалдар ұсыну мерзімі Мемлекеттік комиссия төрағасының отырысты шақыру туралы шешімінде айқындалады.

      Жұмыс органы отырысты шақыру туралы шешімді алған сәттен бастап бір күн мерзімде материалдар мен мәжіліске қатысушылардың тізімін дайындау үшін Мемлекеттік комиссия мүшелеріне, мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға күн тәртібін жолдайды.

      14. Отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар (анықтама, тұсаукесерлері, хаттамалық шешімнің жобасы, сөйлеушілер мен қатысушылар тізімі) отырысты шақыру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, жұмыс органына отырыс өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын берілуі тиіс.

      15. Мемлекеттік комиссия мүшелері отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын жұмыс органына отырысқа өздерінің қатысатынын растайды.

      16. Егер Мемлекеттік комиссияның отырысына Мемлекеттік комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      17. Жұмыс органы отырыс өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ресми түрде Қазақстан Республикасы Үкіметіне материалдар мен қатысушылар тізімін енгізеді, сондай-ақ Мемлекеттік комиссия отырысына қатысушыларды материалдармен қамтамасыз етеді.

      Жұмыс органы Мемлекеттік комиссия отырыстарында кворумның болуын қамтамасыз етеді.

      18. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған

      мүшелерінің жалпы санының басым дауысымен қабылданады және

      Мемлекеттік комиссия хаттамасымен ресімделеді. Мемлекеттік комиссия

      мүшелерінің даусы тең түскен жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші

      болып табылады.

      Жұмыс органы Мемлекеттік комиссия отырысы аяқталғаннан кейін бір күн мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің

      құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс тәртібінде келісілген Мемлекеттік

      комиссия отырысы хаттамасының жобасын дайындайды.

      19. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

      20. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға жәрдемдеседі.

      21. Мемлекеттік комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының

      22. Президенті шешімінің негізінде тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады