Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 275 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 9 маусымдағы
№ 275 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамына:

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі енгізілсін.

      2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына:

      Исимбаева - Қазақстан Республикасы Парламентінің

      Гүлмира Истайбекқызы Мәжілісі Төрағасының орынбасары

      (келісім бойынша),

      Сағадиев - Қазақстан Республикасының Білім және

      Ерлан Кенжеғалиұлы ғылым министрі

      енгізілсін;

      көрсетілген Комиссияның дербес құрамынан С.А. Дьяченко, А.Б. Сәрінжіпов шығарылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықтың атауында, 1-тармағында, 2-тармағының 1) және 2-1) тармақшаларында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" деген сөздер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереженің атауында және бүкіл мәтін бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес", "қарсы күресті", "қарсы күрес", "қарсы күрестің" деген сөздер тиісінше "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл", "қарсы іс-қимылды", "қарсы іс-қимыл", "қарсы іс-қимылдың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Ереженің 7-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ қызмет этикасы ережелерін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрамының атауында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" деген сөздер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Қ.Ш. Сүлейменов шығарылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 157-құжат):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң жобасы қызметінің сапасын арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:

      Абаев - Қазақстан Республикасының Ақпарат және

      Дәурен Әскербекұлы коммуникациялар министрі;

      Жаилғанова Анар - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Нұралықызы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      енгізілсін;

      мына:

      "Соловьева - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Айгүл Сағадибекқызы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соловьева - қоғам қайраткері (келісім бойынша)".

      Айгүл Сағадибекқызы

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Азимова - Қазақстан Республикасының Әділет вице-

      Эльвира Әбілқасымқызы министрі",

      "Ибрагимова - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"

      Ләззат Еркінқызы акционерлік қоғамының басқарма төрайымы

      (келісім бойынша)",

      "Омарбекова - "Бауыржан" қоғамдық қайырымдылық

      Жұлдыз Қажыкенқызы қорының президенті (келісім бойынша)",

      "Тарасенко - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Елена Ивановна Мәжілісінің депутаты, төраға орынбасары

      (келісім бойынша)"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азимова - Қазақстан Республикасы Әділет

      Эльвира Әбілқасымқызы министрінің орынбасары",

      "Ибрагимова - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі"

      Ләззат Еркінқызы АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

      (келісім бойынша)",

      "Омарбекова - "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық

      Жұлдыз Қажыкенқызы филиалы төрағасының бірінші орынбасары

      (келісім бойынша)",

      "Тарасенко - қоғам қайраткері, төраға орынбасары

      Елена Ивановна (келісім бойынша)".

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

      Бусурманов - Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық

      Жұмабек Дюсешұлы университетінің профессоры (келісім

      бойынша),

      Жаилғанова - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Анар Нұралықызы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша),

      Мусин - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Қанат Сергейұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      енгізілсін;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан О.И. Жұмабеков, С.Ш. Оразалинов, А.Б. Самақова шығарылсын.

      9. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      10. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.

      11. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін жариялау "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.".

      12. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.
      13. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      14. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына:

      әдебиет секциясына:

      "Ерғалиев - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Жабал Ерғалиұлы Сенатының депутаты, журналист,

      публицист, жазушы-драматург, Қазақстан

      Жазушылар одағының мүшесі, Жамбыл

      атындағы халықаралық сыйлықтың және

      Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының

      лауреаты (келісім бойынша)",

      музыка, театр және кино секциясына:

      "Нөгербек - кинотанушы, өнертану кандидаты,

      Бауыржан Рамазанұлы профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген

      қайраткері, "Құлагер" сыйлығының

      лауреаты, Қазақстан кинематографистер

      одағының мүшесі (келісім бойынша)"

      енгізілсін;

      мына:

      "Әбдірахманов - "Егемен Қазақстан" республикалық

      Сауытбек газеті" акционерлік қоғамының

      президенті, филология ғылымдарының

      докторы (келісім бойынша)",

      "Ахмадиев - Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан

      Мұрат Абдуреимович Республикасы Парламенті Мәжілісінің

      депутаты (келісім бойынша)",

      "Әубәкірова - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Жәния Яхияқызы министрлігі "Құрманғазы атындағы Қазақ

      ұлттық консерваториясы" мемлекеттік

      мекемесінің ректоры, профессор,

      Қазақстан Республикасының халық әртісі,

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

      сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)",

      "Қыдырбек - "Қазақстан композиторлар қауымдастығы"

      Балнұр Балғабекқызы қоғамдық бірлестігінің төрайымы,

      композитор (келісім бойынша)",

      "Мұсақожаева - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Айман Қожабекқызы министрлігі "Қазақ ұлттық өнер

      университеті" мемлекеттік мекемесінің

      ректоры, профессор, Қаз КСР-інің халық

      әртісі, Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

      Қазақстанның Еңбек Ері (келісім

      бойынша)",

      "Нүсіпжанова - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Бибігүл Нұрғалиқызы министрлігінің "Т.Қ. Жүргенов атындағы

      Қазақ ұлттық өнер академиясы"

      мемлекеттік мекемесінің ректоры,

      Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

      педагогика ғылымдарының кандидаты

      (келісім бойынша)",

      "Тілеухан - Қазақстан Республикасының еңбек

      Бекболат Қанайұлы сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

      (келісім бойынша)"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Абдрахманов - филология ғылымдарының докторы,

      Сауытбек Абдрахманұлы Қазақстан Республикасы Парламенті

      Мәжілісінің депутаты (келісім

      бойынша)",

      "Ахмадиев - Қазақстанның халық әртісі, "Астана

      Мұрат Абдуреимович Опера" Мемлекеттік опера және балет

      театры" коммерциялық емес акционерлік

      қоғамы директорының шығармашылық

      ұжымдар жөніндегі орынбасары (келісім

      бойынша)",

      "Әубәкірова - "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық

      Жәния Яхияқызы консерваториясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің ректоры,

      профессор, Қазақстан Республикасының

      халық әртісі, Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

      (келісім бойынша)",

      "Қыдырбек - "Қазақстан композиторлар қауымдастығы"

      Балнұр Балғабекқызы қоғамдық бірлестігінің төрайымы,

      композитор, Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

      (келісім бойынша)",

      "Мұсақожаева - "Қазақ ұлттық өнер университеті"

      Айман Қожабекқызы республикалық мемлекеттік мекемесінің

      ректоры, профессор,Қазақ КСР-інің халық

      әртісі, Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

      Қазақстанның Еңбек Ері (келісім

      бойынша)",

      "Нүсіпжанова - "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық

      Бибігүл Нұрғалиқызы өнер академиясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің ректоры,

      Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

      педагогика ғылымдарының кандидаты

      (келісім бойынша)",

      "Тілеухан - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Бекболат Қанайұлы Мәжілісінің депутаты, Қазақстан

      Республикасының еңбек сіңірген әртісі,

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

      сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан И.А. Вовнянко, А.З. Смайыл

      шығарылсын.

      15. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы

      Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына:

      Асанов - Қазақстан Республикасының Бас

      Жақып Қажманұлы Прокуроры, Кеңес төрағасының

      орынбасары,

      Әбдіров - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Нұрлан Мәжитұлы Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық

      реформа комитетінің төрағасы (келісім

      бойынша)

      енгізілсін;

      аталған Кеңестің құрамынан: А.Қ. Дауылбаев, Р.Ж. Мұқашев

      шығарылсын.

      16. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 671-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамына:

      Әбдіров - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Нұрлан Мәжитұлы Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық

      реформа комитетінің төрағасы (келісім

      бойынша)

      енгізілсін;

      аталған комиссияның құрамынан Р.Ж. Мұқашев шығарылсын.

      17. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.04.2021 № 544 Жарлығымен.

      18. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне (Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 263-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, басшы

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің кеңес төрағасы (келісім бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша).".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады