2011 жылы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасының арасында қолдану туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 574 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Yкіметі актiлерiнiң жинағында

      жариялануға тиiс

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасының арасында қолдану туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Нығметұлы Ахметовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының атынан 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасының арасында қолдану туралы хаттамаға қол қойсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 574 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН

      Жоба

2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі "Шарттың Тараптары" деп аталатын 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тараптары бір жағынан және Өзбекстан Республикасы екінші жағынан

      бұдан әрі "Шарт" деп аталатын 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың мақсаттарын, қағидаттарын және терминдерін басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Осы Хаттаманың 7-бабында көзделген тәртіппен осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап Шарттың барлық ережелері Шарт Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастарда осы Хаттамада көзделген талаптарды ескере отырып қолданылады.

2-бап

      1. Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында Шарттың 2 және 3-баптарының ережелерін қолдану мақсаттары үшін:

      (а) Шарттың 2-бабының ережелері Шарттың 1-қосымшасына сілтеме жасаған жағдайда, осы Хаттаманың Тараптары осы Хаттаманың 1-қосымшасын түсінеді;

      (б) Шарттың 3-бабы 2-тармағының ережелері Шарттың 2-қосымшасына сілтеме жасаған жағдайда, осы Хаттаманың Тараптары осы Хаттаманың 2-қосымшасын түсінеді.

      2. Өзбекстан Республикасының ДСҰ-ға қосылған күніне дейін немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы күндердің қайсысының бұрын басталатындығына байланысты:

      (а) Шарттың Тарапы мен Өзбекстан Республикасы Шарттың 2-бабының 8-тармағы мен 17-бабын қолдануға қатысты мұндай Шарттың Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын дауларды реттеу үшін Шарттың 19-бабының ережелерін пайдаланбайтын болады;

      (б) Шартты Өзбекстан Республикасы мен Шарттың Тараптары арасындағы саудаға қолдану мақсаттары үшін Шарттың 5-бабындағы ГАТТ 1994 III бабына сілтеме, мұндай шарттар болған жағдайда Өзбекстан Республикасының Шарт Тараптарымен екіжақты халықаралық шарттарының ұқсас ережелеріне сілтеме ретінде түсініледі;

      (в) Өзбекстан Республикасы Шарттың 10-бабының ережелерімен байланысты емес, бұл ретте Шарттың Тараптары Өзбекстан Республикасында шығарылған тауарларға қатысты Шарттың 9-бабында көзделген шараларды қолдану құқығын сақтайды;

      (г) Өзбекстан Республикасы Шарттың 11-бабының бірінші абзацы мен 12-бабының ережелерімен байланысты емес. Өзбекстан Республикасы Шарт Тараптарының тауарларына және мұндай тауарларды өндіру процестеріне ұлттық режим немесе барынша қолайлы режим негізінде осы режимдердің қайсысы Шарттың мүдделі Тараптарының тауарлар өндірушісі және/немесе экспорттаушысы үшін барынша қолайлы болып табылатындығына байланысты техникалық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар қолданатын болады;

      (д) Өзбекстан Республикасы төлем теңгерімінің тепе-теңдігі елеулі бұзылған жағдайда және Өзбекстан Республикасының сыртқы қаржыландыруының елеулі қиындықтары жағдайында Шарттың 14-бабы 1-тармағының ережелерімен байланысты емес;

      (е) Шарттың ережелерін іске асыру кезінде Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулы мәселелер Шарттың тиісті Тарапы мен Өзбекстан Республикасының екіжақты келіссөздері негізінде шешілетін болады;

      (ж) Шарттың Тараптары Өзбекстан Республикасына қатысты 2-баптың 8-тармағының, 5-баптың, 10-баптың, 11-баптың бірінші абзацының, 12-баптың, 14-баптың 1-тармағының және 17-баптың ережелерімен байланысты емес.

      3. Шарттың 4-бабының ережелеріне қарамастан, Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы саудада 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары қолданылады. Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара уағдаластық бойынша тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары жөніндегі өзге де көпжақты немесе екіжақты шарттар қолданылуы мүмкін.

3-бап

      Осы Хаттамаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

4-бап

      1. Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы осы Хаттама бойынша өзінің міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      2. Өзбекстан Республикасының ДСҰ-ға қосылған күнге дейін немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы күндердің қайсысы ерте басталатындығына байланысты, осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге қатысты Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындаған даулар дау тараптары арасындағы консультациялар арқылы шешіледі.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген күннен кейін осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге қатысты Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулар Шарттың 19-бабында көзделген тәртіппен шешіледі.

5-бап

      Осы Хаттаманың барлық Тараптарының өзара жазбаша келісімі бойынша оған осы Хаттаманың 7-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін тиісті хаттамалармен ресімделетін оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Хаттамаға ескертулер жасауға жол берілмейді.

7-бап

      1. Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Өзбекстан Республикасы мен кемінде Шарттың екі Тарапының орындағаны туралы хабарламаларды депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      2. Өзбекстан Республикасы мен Шарттың кез келген басқа Тарапына қатысты осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай Тараптың орындағаны туралы тиісті хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

8-бап

      Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Шарттың Тараптары болып табылатын кез келген мемлекеттің қосылу туралы құжатты депозитарийге беру жолымен қосылуы үшін ашық.

      Қосылатын мемлекет үшін осы Хаттама қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      2013 жылы 31 мамырда Минск қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана ТМД-ның Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.

Армения Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін

Беларусь Республикасы үшін

Тәжікстан Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Өзбекстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін

Украина үшін


Молдова Республикасы үшін



  2011 жылғы 18 қазандағы
Еркін сауда аймағы туралы
шартты оның Тараптары
мен Өзбекстан Республикасы
арасында қолдану туралы
хаттамаға
1-қосымша

I. Хаттаманың 2-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар импортына
қатысты қолданылатын кедендік баждар

      1. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Украина Өзбекстан Республикасының кедендік аумағында шығарылатын тауарлар импортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.

      Армения Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағында шығарылатын шылым (СЭҚ ТН 2402 20 900 коды) импортына қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталатын кедендік баждарды 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 1-қосымшасында келтірілген мөлшерлемелер бойынша қолданады.

      2. Өзбекстан Республикасы Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Украинаның кедендік аумақтарынан шығарылатын тауарлар импортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.

II. Хаттаманың 2-бабының 2-тармағына сәйкес тауарлар экспортына
қатысты қолданылатын кедендік баждар

      1. Армения Республикасы мен Молдова Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.

      Қырғыз Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды өзара негізде қолдану құқығы өзіне қалдырады.

      Тәжікстан Республикасы егер Өзбекстан Республикасы Тәжікстан Республикасымен өзара саудада экспорттық кеден баждарын қолданған жағдайда Өзбекстан Республикасына қатысты экспорттық кеден баждарын өзара қатынастары негізде қолдану құқығын өзіне қалдырады.

      Беларусь Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша қолданады:

СЭҚ ТН коды

Позициялардың атауы

Кедендік баж мөлшерлемесі

1205

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған рапстың немесе кользаның тұқымы

1 000 кг үшін 100 евро

2709 00, 2710 11 - 2710 19 490 0, 2710 19 510 - 2710 99 000 0, 2711 12 - 2711 19 000 0, 2712, 2713, 2902 20 000 0 - 2902 43 000 0

Шикі мұнай мен мұнай өнімдері

Ресей Федерациясында қолданылатынмен бірдей арнайы формула. Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге Беларусь Республикасының аумағынан әкету кезінде қолданылады

3104

Калий тыңайтқыштары

1 000 кг үшін 75 евро

4101, 4103

Өңделмеген тері

1 000 кг үшін 500 евро

4104, 4106

Иленген былғары немесе былғарылық краст

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 90 евродан кем емес

4401 10 000 9

Отын ағашы

1 куб. м үшін 100 евро

4403 10 000 1, 4403 10 000 2, 4403 91 100 0, 4403 91 900 0, 4403 92 100 0, 4403 92 900 0

Өңделмеген орман материалдары

1 куб. м үшін 100 евро

4404 20 000 0

Жапырақ тұқымдас ағаш

1 куб. м үшін 100 евро

4407 91 150 0, 4407 91 310 0, 4407 91 390 0, 4407 91 900 0, 4407 92 000 0, 4407 93 100 0, 4407 93 500 0, 4407 93 900 0

Өңделген орман материалдары

1 куб. м үшін 100 евро


      Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының кеден аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша қолданады:

СЭҚ ТН коды

Позициялардың атауы

Кедендік баж мөлшерлемесі

1201 00

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 35 евродан кем емес

1205

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған рапстың немесе кользаның тұқымдары

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 30 евродан кем емес

1206 00

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыстың тұқымдары

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 30 евродан кем емес

2709 00 900 2, 2709 00 900 8

Шикі мұнай

Арнайы формула

2710 11 110 0 - 2710 11 900 9

Жеңіл дистилляттар және өнімдер

Баж мөлшерлемесінің өлшемі келесі формула бойынша есептеп шығарылады: ӘКБМ=Кх(Ц-138,6), мұндағы ӘКБМ - әкетілетін кедендік баж мөлшерлемесі;

К - 50 % есептеу формула көрсеткішінде қолданылатын және төменде көрсетілген кестеге сәйкес түзету коэффициентіне көбейтілген орташа арифметикалық 0,35 және 0,4 коэффициенттерінің мағынасы; Ц - мониторинг кезеңінде қалыптасқан ішкі мұнайдың орташа нарықтық бағасы

2710 19 110 0 - 2710 19 290 0

Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін, 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық айналу үшін; басқа да мақсаттар үшін

2710 19 410 0 - 2710 19 490 0

Ауыр дистиляттар: газойлдар

2710 19 510 1, 2710 19 510 9,

ауыр дистиллятты сұйық отыннан басқа, 2710 19 550 1, 2710 19 550 9 Ауыр дистиляттар: сұйық отындар

2710 19 550 9

Ауыр дистиляттар: сұйық отындар

2710 19 610 1 - 2710 19 690 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

2713 20 000 0 - 2713 90 900 0

Мұнай битумы

2710 19 310 0 - 2710 19 350 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

Мұнайдан өңделген тауарларға әкетілетін кедендік баждың бекітілген мөлшерлемесі мұнай шикізатының әлемдік нарықтағы ай сайынғы баға мониторингін есепке ала отырып, орташа нарықтық баға деректері негізінде түзетіледі

2711 21000 0

Табиғи газ

30 %

2711 29 000 0

Басқа газдар

5 %

2705 00 000 0

Тас көмірлі, сулы, генераторлық газ және ұқсас газдар

5 %

4101

Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлмен жидітілген, басқа тәсілмен өңделген немесе консервіленген, бірақ пергаментпен өңделмеген немесе одан әрі өңделмейтін) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, қосарланған немесе қосарланбаған өңделмеген терілері

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 200 евродан кем емес

4102

Осы топтың 1 в ескертпесінде алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлмен жидітілген, басқа тәсілмен өңделген немесе консервіленген, бірақ пергаментпен өңделмеген немесе одан әрі өңделмейтін) жүні бар немесе жүнсіз, қосарланған немесе қосарланбаған өңделмеген терілері

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 200 евродан кем емес

4103

Осы топқа 16 немесе 1 в ескертумен алып тасталғандардан басқа, өзге де өңделмеген (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлмен жидітілген, басқа тәсілмен пикелденген немесе консервіленген, бірақ иленбеген, пергаментпен өңделмеген немесе одан әрі өңделмейтін) түгі бар немесе түксіз, қосарланған немесе қосарланбаған өңделмеген терілер

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 200 евродан кем емес

5101

Кардпен немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 евродан кем емес

5102

Кардпен немесе тарақпен тарауға ұшырамаған биязы немесе қылшықты жануарлардың қылы

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 евродан кем емес

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда бірақ ыдыратылған шикізатты қоспағанда, жүннің немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 евродан кем емес

5104 00 000 0

Жүннен немесе жұқа немесе қатты жануарлар жүнінің жұлынған шикізаттары

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 евродан кем емес

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қара металдардың қайта балқытуға арналған құймалары шихталық құймалар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 20 евродан кем емес

7302

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдан жасалған бұйымдар: рельстер, қарсы рельстер және тісті рельстер, ауыспалы рельстер, тұйық қиылыс айқаспалары, ауыспалы штангалар және өзге де көлденең қосылыстар, шпалдар, түйіспе жапсырмалары мен төсемдері, сыналар, тірек тақталары, ілгекті рельс бұрандалары, төсемдер мен созғыштар, тұғырлар, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектер

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 20 евродан кем емес

7404 00

Мыс қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 330 евродан кем емес

7601

7601 10 000 0 алынған СЭҚ ТН кодымен сыныпталатын алюмо-берилий қоспасынан өзге, өңделмеген алюминий

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 евродан кем емес

7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 евродан кем емес

7603

Алюминий ұнтақтары мен қабыршықтары

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7604 10 100 0

Қоспаланбаған алюминийдан жасалған алюминий шыбықтары

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7604 29 100 0

Алюминий құймаларынан жасалған басқа да шыбықтар

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7605

Алюминий сымы

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7606

Ені 0,2 мм-ден астам алюминийден жасалған плиталар, табақтар, жолақтар немесе таспалар

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7607

Ені (негізін есепке алмағанда) 0,2 мм алюминий жұқалтары (қағаздан, картоннан, пластмассадан немесе ұқсас материалдардан жасалған негізсіз немесе негізімен)

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7608

Алюминийден жасалған түтіктер мен түтікшелер

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7609 00 000 0

Алюминий түтіктерге немесе түтікшелерге арналған фитингтер (мысалы, жалғастырғыштар, иіндер, ернемектер)

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7610

Алюминий металл құрылымдары (9406 тауар позициясындағы құрастырылатын құрылыс металл құрылымдарынан басқа) және олардың бөліктері (мысалы, көпірлер және олардың бөліктері, мұнаралар, керегеторлы діңгектер, шатырларға арналған аражабындар, құрылыс фермалар, есіктер, терезелер және олардың рамалары, есіктерге арналған табалдырықтар, балюстрадалар, тіректер және колонналар); металл құрылымдарда пайдалануға арналған алюмииийден жасалған беттер, шыбықтар, профильдер, түтіктер және ұқсас бұйымдар

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7611 00 000 0

Кез келген заттарға арналған (сығылған немесе сұйытылған газдан басқа), сыйымдылығы 300 л астам, қаптамасымен немесе жылу оқшаулағышпен немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықтарсыз резервуарлар, цистерналар, бактар және алюмииийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7612

Кез-келген заттарға арналған (сығылған немесе сұйытылған газдан басқа), сыйымдылығы 300 л астам, қаптамасымен немесе жылу оқшаулағышпен немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықтарсыз күбілер, атанақтар, банкілер, жәшіктер және алюминийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар (қатты немесе майыспалы түтік түріндегі сыйымдылықтарды қоса алғанда)

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7613 00 000 0

Сығылған немесе сұйытылған газдарға арналған алюминий сыйымдылықтар

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7614

Электрлік оқшаулаусыз алюминийден жасалған иірілген сым, тростар, өрме баулар және ұқсас бұйымдар

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7615

Алюминийден жасалған асхана, ас үй бұйымдары немесе тұрмыстық қажеттілікке арналған өзге де бұйымдар және олардың бөліктері; алюминийден жасалған, ас үй ыдыстарын жууға арналған жөке, тазалауға немесе жалтыратуға арналған жөкешіктер, қолғаптар және ұқсас бұйымдар; алюминийден жасалған санитариялық-техникалық жабдық және оның бөліктері.

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

7616

Алюминийден жасалған өзге де бұйымдар

15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес

8607

Темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері

20 %, бірақ 1000 кг үшін 15 евродан кем емес

Түзетілетін коэффициенттері бар кесте

СЭҚ ТН бойынша тауар

жіктемесі

Түзетілетін коэффициент

К

2710 11 110 0 - 2710 11 900 9

1,2

0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 1,2 = 0,225

2710 19 110 0 - 2710 19 290 0

2710 19 410 0 - 2710 19 490 0

2710 19 510 1 - 2710 19 550 9

2710 19 610 1 - 2710 19 690 9

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 0,8 = 0,15

2710 19 310 0 - 2710 19 350 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 0,8 = 0,15

2713 20 000 0 - 2713 90 900 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 0,8 = 0,15

Қазақстан Республикасы тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес экспортқа арналған ренталық салықты қолданады


      Ресей Федерациясы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша кедендік баждарды қолданады:

СЭҚ ТН коды

Позициялар атауы

Кедендік баж мөлшерлемесі

0302 35 900 0

Көк немесе кәдімгі тунец

5 %

0303

Мұздатылған балық, 0304 тауар позициясының балық сүбесі мен балық етін қоспағанда

5 %

0306

Сауыттағы немесе сауытсыз шаян тектестер, тірі, жаңадан ауланған, салқындатылған, мұздатылған, кептірілген, тұздалған немесе тұздықтағы

10 %

1201 00

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақ қаптары

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 35 евродан кем емес

1205

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған рапстың немесе кользаның тұқымы

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 35 евродан кем емес

1206 00

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыстың тұқымдары

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 30 евродан кем емес

1207 50

Қышаның тұқымы

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 25 евродан кем емес

1605

Дайын немесе консервіленген шаян тәрізділер, молюскілер және өзге де су омыртқасыздары

5 %

2207, 2208

Этиль спирті

6,5 %

2503 00

Сублимирленген, тұндырылған немесе колоидталған өзге барлық түрдегі күкірт

6,5 %

2510

Табиғи кальций фосфаты, табиғи алюминий-кальций фосфаты және фосфатты бор

6,5 %

2519

Табиғи магний карбонат (магнезит); балқытылған магнезия; кесектендірудің алдында қосылатын, құрамында басқа оксидтің шағын мөлшері бар қайта күйдірілген магнезия (кесектендірілген); қоспаларымен немесе қоспаларсыз өзге де магний оксиді

6,5 %

2523

Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер

6,5 %

2524

Асбест

3 %

2601

Күйдірілген пиритті қоса алғанда, кендер мен концентраттар

6,5 %

2613

Молибден кендері мен концентраттар

6,5 %

2615

Цирконий кендері мен концентраттар

6,5 %

2620 19

Қара металдар өндірісінің өзге де қалдықтары

6,5 %

2704 00

Тас көмірдің, лигниттің немесе жер тезектің коксы немесе жартылай коксы, ретортты көмір

6,5 %

2705 00 000 0

Мұнай газдары мен басқа да газ тәрізді көмірсутектерден өзге, тас көмір газы, су, генераторлы және ұқсас газдар

5 %

2706 00 000 0

Таскөмірлі, қоңыркөмірлі, шым тезекті шайырлар және "қалпына келтірілген" шайырларды қоса алғанда, сусызданған немесе сусызданбаған, ішінара ректификацияланған немесе ректификацияланбаған өзге де минералдық шайырлар

5 %

2707

Майлар және таскөмірді шайырдың жоғары температурада айдалатын басқа өнімдері; хош иісті құрамдас бөліктерінің массасы хош иіссіз массасынан артатын ұқсас өнімдер

5 %

2707 10

Бензол

Ерекше формула

2707 20

Толуол

Ерекше формула

2707 03

Ксилол

Ерекше формула

2708

Таскөмір шайырдан немесе өзге де минералды шайырлардан алынған пек және пекті кокс

5 %

2709 00

Битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдері

Әлемдік нарықтағы мұнайдың бағасына қарай арнайы формула бойынша

2710 11

Жеңіл дистиляттар және өнімдер

Ерекше формула

2710 19

Орташа дистиляттар

Ерекше формула

2710 91, 2710 99

Пайдаланылған мұнай өнімдері

Ерекше формула

2711 11

Табиғи сұйытылған газ

1 000 кг үшін 40 евро

2711 12

Пропан

Ерекше формула

2711 13

Бутан

Ерекше формула

2711 14 000 0

Этилен, пропилен, бутилен және бутадиен

Ерекше формула

2711 19 000 0

Басқалары

Ерекше формула

2711 21 000 0

Газ тәрізді күйдегі табиғи газ

30 % (Украина үшін арнайы формула бойынша қолданылады)

2711 29 000 0

Басқа газ тәрізді күйдегі газдар

5 %

2712 10

Мұнай вазелині

Ерекше формула

2712 20

0,75 мас.% кем емес майы бар парафин

Ерекше формула

2712 90 310 0

Қайта өңдеудің ерекше процестері үшін

Ерекше формула

2712 90 330 0

2712 90 310 0 кіші позицияларда көрсетілгендерден басқа процестердегі химиялық түрлендірулер үшін

Ерекше формула

2712 90 390 0

Басқа да мақсаттар үшін

Ерекше формула

Басқалары:


2712 90 910 0

Құрамында 80 мас. % 1-алкендер қоспасы, немесе көмірсутекті тізбесінің ұзындығы 24 көміртегі атомынан немесе одан асатын, бірақ көміртегінің 28 атомынан аспайтын 1-алкендер қоспасы

Ерекше формула

2712 90 990 0

Басқалары

Ерекше формула

2713 11 000 0

Кальцинирленбеген мұнай коксы

Ерекше формула

2713 20 000 0

Мұнай битумы

Ерекше формула

2713 90

Битуминозді жыныстардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеудің өзге де қалдықтары

Ерекше формула

2714 90 000 0

Битум және табиғи асфальт, асфальтиттер мен асфальтты жыныстар

5 %

2715 00 000 0

Табиғи асфальттың, табиғи битумның, мұнай битумының, минералды шайыр немесе минералды шайыр пекінің негізіндегі битумды қоспалар (мысалы, битум мастикалары, жол жабындарына арналған асфальтты қоспалар)

5 %

2825

Гидразин және гидроксиламин және олардың органикалық емес тұздары; басқа органикалық емес негіздер; тотықтар, гидрооксидтер және басқа металл пероксидтері:

6,5 %

2902 20

Бензол

Ерекше формула

2902 30

Толуол

Ерекше формула

2902 41 000 0

о-ксилол

Ерекше формула

2902 42 000 0

m-ксилол

Ерекше формула

2902 43 000 0

n-ксилол

Ерекше формула

2905 13 000 0

Бутан-1-ол (спирт н-бутилді)

6,5 %

3104, 3105

Минералды немесе химиялық тыңайтқыштар

5 %

3901, 3902

Бастапқы формадағы этилен, пропилен немесе өзге де олефиндер полимерлері

6,5 %

4101, 4102, 4103

Өңделмеген терілер

1 000 кг үшін 500 евро

4104, 4105, 4107

Ірі қара малдың, қойдың терісінің немесе қозы терісінің иленген былғары немесе былғары красты; иленгеннен кейін немесе былғары красты түрінде қосымша өңделген былғары

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 90 евродан кем емес

4401

Бөрене, шөрке, бұтақшалар, байламды шөпшек түріндегі немесе осыған ұқсас түрдегі ағаш; ағаш жоңқасы немесе сүрегі; сүрек үгіндісі және ағаш қалдықтары мен скрап, агломерирленбеген немесе бөрене брикеттер, түйіршіктер немесе осыған ұқсас түрінде агломерирленген

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4403

Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған немесе шелқабығымен немесе тұрпайы бөренеленген немесе бөренеленбеген ағаш материалдары

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4406

Темір жолдар мен трамвай жолдарына арналған шпалдар

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4407

Араланған немесе ен бойынан жарылған, жаңқаланған немесе жаңқаланбаған, қабаттарға бөлінген немесе сыдырылған, тегістелген немесе тегістелмеген, сыртқы қалыңдығы 6 мм асатын шет жақ қосылыстары бар немесе жоқ ағаш материалдары

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4408 90

Қаптамаға арналған (қабатты ағашты бөлу арқылы алынғанды қоса алғанда), желімделген фанера немесе осыған ұқсас қабатты ағашқа арналған табақтар және ен бойынан кесілген, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, ағаштардың өзге түрлерінен (қылқанды және тропикалық тұқымдардан басқа түрлерден) жасалған қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын кертікке қосылыстары бар немесе жоқ өзге ағаш материалдары

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4409, 4410, 4412, 4413, 4418, 4421

Профилирленген погонаж түріндегі аралау материалдары, сүрек-жаңқалы және сүрек-талшықты, желімделген фанера, блоктар, плиталар, бөрене немесе профилирленген түрдегі тығыздалған ағаш, ағаш ұстасының және шеберінің ағаш, құрылыс бұйымдары, басқа ағаш бұйымдары

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4701

Ағаш массасы

10 %

4703

Еритін сұрыптардан өзге, натронды немесе сульфатты ағаш целлюлоза

10 %

4703 21

Қылқан жапырақты тұқымдардан жартылай ағартылған немесе ағартылған

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 40 евродан кем емес

4704

Еритін тұздардан өзге, сульфитті, ағаш целлюлоза

10 %

4704 21

Қылқан жапырақты тұқымдардан жартылай ағартылған немесе ағартылған

5 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 евродан кем емес

4706, 4707

Регенерацияланған қағаздан немесе картоннан (макулатурадан және қалдықтардан) немесе басқа да талшықты целлюлоза материалдарынан алынған талшықты масса; регенерацияланған қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар)

10 %

4801

Рулондардағы немесе парақтардағы газет қағазы

5 %

4802, 4804, 4805, 4808, 4811, 4814, 4817, 4818, 4819, 4820,4823

Қағаз және картон, қағаз массадан жасалған бұйым, қағаз немесе картон

10 %

7102, 7103, 7104, 7105, 7107, 7109, 7110, 7111, 7112

Асыл немесе жартылай асыл тастар, асыл металдар, асыл металдармен жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар

6,5 %

7204, 7302 10 900 0

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құймалары (шихта құймалары); пайдаланылған рельстер

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 евродан кем емес

7401, 7402, 7403

Мысты штейн; цементтелген мыс (тұндырылған мыс), тазартылмаған мыс; электрлік тазартуға арналған мыс анодтары, тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары

10 %

7404

Мыс қалдықтары мен сынықтары

50 %, бірақ 1 000 кг үшін 420 евродан кем емес

7405

Мыс негізінде жасалған лигатуралар

10 %

7501, 7502

Никельді штейн, никельдің оксид агломераттары және никель металлургиясының басқа да аралық өнімдері; өңделмеген никель

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

7503

Никельдің қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 750 евродан кем емес

7601

Өңделмеген алюминий

5 %

7602

Алюминийдің қалдықтары мен сынықтары

50 %, бірақ 1 000 кг үшін 380 евродан кем емес

7802

Қорғасынның қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 105 евродан кем емес

7901

Өңделмеген мырыш

5 %

7902

Мырыштың қалдыктары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 180 евродан кем емес

8001, 8002

Өңделмеген қалайы; қалайының қалдықтары мен сынықтары

6,5 %

8101 94, 8101 97, 8102 94, 8102 97, 8103 20, 8103 30 Өңделмеген вольфрам, вольфрамның қалдықтары мен сынықтары; өңделмеген молибден, молибденнің қалдықтары мен сынықтары; өңделмеген тантал, танталдың қалдықтары мен сынықтары

6,5 %

8105 30

Кобальттың қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 1 200 евродан кем емес

8106, 8107

Висмут және қалдықтар мен сынықтарды қоса алғанда одан жасалған бұйымдар; кадмий және қалдықтар мен сынықтарды қоса алғанда одан жасалған бұйымдар

6,5 %

8108 20

Өңделмеген титан, ұнтақтар

6,5 %

8108 30

Титанның қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 225 евродан кем емес

8109 30, 8110 20, 8111 00, 8112 13, 8112 21, 8112 22, 8112 29, 8112 92 200 1, 8112 92 200 9, 8112 52

Цирконийдің қалдықтары мен сынықтары; сүрмелер, марганец және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар; бериллийдің қалдықтары мен сынықтары; хром; германийдің қалдықтары мен сынықтары; ванадийдің қалдықтары мен сынықтары; таллийдің қалдықтары мен сынықтары; ниобия (колумбийдің), ренийдің, галлийдің, индийдің қалдықтары мен сынықтары

6,5 %

8607 19

Темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамының бөліктері: осьтері, дөңгелектер және олардың бөлшектері

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 евродан кем емес


      Украина Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша қолданады:

СЭҚ ТН коды

Позициялардың атауы

Кедендік баж мөлшерлемесі

1206 00 99 00

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыстың тұқымдары

2007 жылғы 1 қаңтардан бастап баж мөлшерлемесі (16 %) жыл сайын 10 % көрсеткішіне дейін 1 пайыздық тармаққа азаяды

7202 99 80 00

Феррохромникель және басқа ферроқорытпалар

Украинаның ДСҰ-ға мүше болу жылына сәйкес кедендік құн пайызындағы әкету (экспорттық) бажының мөлшерлемесі: бірінші — 30 %, екінші — 27 %, үшінші — 24 %, төртінші - 24 %, бесінші - 21 %, алтыншы - 18 %, жетінші — 15 % (2010 және 2011 жылдар - 24 %)

7204 21

Қоспалы болаттың, тот баспайтын болаттың қалдықтары мен сынықтары

7204 29 00 00

Қоспалы болаттың қалдықтары мен сынықтары және басқалар

7204 50 00 00

Қоспалы болаттан қайта балқыту үшін құйма қалдықтары (шихталық құймалар)

7218 10 00 00

Құймалар мен басқа бастапқы нысандардағы тот баспайтын болат

7401 00 00 00

Мыс штейн; цементтелген мыс (тұндырылған)

7402 00 00 00

Тазартылмаған мыс; электрлік тазартуға арналған мыс анодтары

7403 12 00 00

Тазартылған мыстан жасалған сым (ваербарстар) өндіруге арналған құйма дайындамалар

7403 13 00 00

Тазартылған мыстан жасалған билеттер

7403 19 00 00

Басқа тазартылған мыс

7403 21 00 00

Мыс пен мырыш (латундер) негізіндегі қорытпалар

7403 22 00 00

Мыс пен қалайы (қола) негізіндегі қорытпалар

7403 29 00 00

Мыстан жасалған (7405 тауарлық позицияның лигатурларын қоспағанда) басқа да қорытпалар

7404 00

Мыстың қалдықтары мен сынықтары

7405 00 00 00

Мыс негізіндегі лигатурлар

7406

Мыс ұнтақтары мен қабыршақтары

7415 29 00 00

Тығырықтардан басқа, бұрандасыз мыстан жасалған басқа да бұйымдар (серіппелі тығырықтарды қоса алғанда)

7415 39 00 00

Бұрандалы мыстан жасалған басқа да бұйымдар (ағашқа арналған бұрандалы шегені, басқа да бұрандаларды, болттар мен гайкалар қоспағанда)

7418 19 90 00

Мыстан жасалған шаруашылық бұйымдар мен олардың өзге де бөліктері

7419

Басқа мыс бұйымдары

7419 99 10 00

Мата (шексіз таспаларды қоса алғанда), көлденең қимасының мөлшері 6 мм аспайтын мыс сымды тор және сетка; кесіліп тартылған мыс табақ Мыс сымнан жасалған тор және сетка

7503 00

Никель қалдықтары мен сынықтары

7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

7802 00 00 00

Қорғасын қалдықтары мен сынықтары

7902 00 00 00

Мырыш қалдықтары мен сынықтары

8002 00 00 00

Қалайы қалдықтары мен сынықтары

810197 00 00

Вольфрам қалдықтары мен сынықтары

8105 30 00 00

Кобальтты штейн мен кобальт металлургиясының басқа да аралық өнімдері; кобальт және қалдықтар мен сынықтарды қоса алғанда, кобальттан жасалған бұйымдар: кобальтты штейн мен кобальт металлургиясының басқа да аралық өнімдері; өңделмеген кобальт; қалдықтар мен сынықтар; ұнтақтар: қалдықтар мен сынықтар

8108 30 00 00

Титанның қалдықтары мен сынықтары

8113 00 40 00

Металл керамика және қалдықтар мен сынықтарын қоса алғанда, металл керамикадан жасалған бұйымдар


      2. Өзбекстан Республикасы Армения Республикасы мен Молдова Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.

      Өзбекстан Республикасы Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына, Қырғыз Республикасына, Ресей Федерациясына, Тәжікстан Республикасына, Украинаға тауарлардың шектеулі тізіміне экспорттау кезінде өзapa негізде кедендік баждарды қолдану құқығын өзіне қалдырады.

  2011 жылғы 18 қазандағы
Еркін сауда аймағы туралы
Шартты оның Тараптары
мен Өзбекстан Республикасының
қолдану туралы
хаттамаға
2-қосымша

Шарттың 3-бабына сәйкес күші жойылуға жататын тыйым салулар
мен сандық шектеулер (квоталау)

Қырғыз Республикасы

Импортқа/экспортқа квоталау және тыйым салу

Алкоголь өнімі: арақ және ерекше арақ, ликер-арақ бұйымдары, шарап материалдары, шарап, көпіршікті шарап, шампан, шарап сусындары, коньяк, бренди, кальвадос, сыра, өзге де күшті алкоголь ішімдіктері, өзге де әлсіз алкогольды ішімдіктері (коды СЭҚ ТН 2203 - 2208)

Алкоголь өнімі импортын квоталау, коньяк пен шампан өндірісіне арналған коньяк спирті мен шарап материалдарының импортын қоспағанда, сыраны қоса алғанда, алкоголь өнімі.

"Алкогольді және құрамында спирті бар өнімінің этил спиртінің өндірісі мен айналысын мемлекеттік реттеу туралы" 2007 жылғы 9 шілдедегі № 98 Қырғыз Республикасының Заңы.

ДСҰ-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттерден шығарылатын алкоголь өнімінің импортына қолданылады.

Квотаның көлемі мен квоталау тәртібі "Қырғыз Республикасына әкелінетін алкоголь өнімін және импорттық квотаны айқындау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 сәуірдегі № 227 қаулысымен белгіленген.

Күшін жою мерзімі - 2015 жылғы 1 қаңтар

Өзбекстан Республикасы


Қысқаша атауы

СЭҚ ТН коды

Күші жойылған күні

1.

Тірі жануарлар (мал, құс)

0101 - 0105,

0106 19 100 00,

0106 39 100 00

Өзбекстан Республикасының ДСҰ-ға қосылғанға немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы екі күннің қайсысының ерте басталатындығына байланысты

2.

Ет және азықтық ет қосалқы өнімдері

0201 - 0210

3.

Дәнді дақылдар: бидай, қарабидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық

10

4.

Ұн, жарма

1101 00 - 1106

5.

Өсімдіктің майлары

1507, 1512

(1512 11 1000,

1512 21 1000),

1516 техникалық қоспағанда)

6.

Қант

1701 - 1702

7.

Нан-тоқаш өнімдері (өздері пісірген ұн кондитерлік өнімдерден, тәтті нандардан, печеньеден басқа)

1905

8.

Тері шикізаты (стандартты емес қоспағанда), үлбір-тері, оның ішінде қаракөл шикізаты (стандартты емес қоспағанда)

4101 - 4103, 4301 - 4302

9.

Таратуға жарамды жібек құрт пілләлері. Жібек шикізаты (ширатпа емес). Жібек қалдықтары (тарқатуға жарамды емес пілләлерді, піллә жіптерінің қалдықтары мен қопсытылған қалдықтарды қоса алғанда)

5001 00 000 0

5002 00 000 0

5003 00 000 0

10

Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары

7404 00,

7602 00,

7802 00 000 0,

7902 00 000 0,

8002 00 000 0,

8101 97 000 0,

8102 97 000 0,

8103 30 000 0,

8104 20 000 0,

8105 30 000 0,

8106 00 100 0,

8107 30 000 0,

8108 30 000 0,

8109 30 000 0,

8110 20 000 0,

8111 00 190 0,

8112 13 000 0,

8112 22 000 0,

8112 92 210 0

11.

Елеулі көркем, тарихи, ғылыми немесе өзге мәдени құндылықты білдіретін өнер туындылары, көне заттар (суреттер, мүсіндер және өзге)

97


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады