Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 819 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      2011 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарттың 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдар тізбесінің бекітілгені туралы хабардар етсін және бір ай ішінде өзгерістері туралы хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2014 жылғы 23 мамырдағы
№ 819 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН       

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - уәкілетті орган
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      5. Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады