Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары;
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары;
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков - Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі;
Берік Мәжитұлы Имашев - Қазақстан Республикасының
Әділет министрі;
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова - Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі;
Әсет Өрентайұлы Исекешев - Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі;
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт
министрі;
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов - Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі;
Ерболат Асқарбекұлы Досаев - Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі;
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов - Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі;
Жанар Сейдахметқызы Айтжанова - Қазақстан Республикасының
Экономикалық интеграция
істері министрі;
Владимир Сергеевич Школьник - Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев