"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 122 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 122 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 691 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ

Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төрайым

Майлыбаев
Бағлан Асаубайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрайымның орынбасары

Қошанов
Ерлан Жақанұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрайымның орынбасары

Уәлиев
Қуатжан Серікқазыұлы

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы

Комиссия мүшелері:

Абайділдин
Талғатбек Жәмшитұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Бижанов
Ақан Құсайынұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Тараков
Александр Юрьевич

-

жазушы (келісім бойынша)

Дьяченко
Сергей Александрович

-

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Ыдырысов
Ерлан Әбілфайызұлы

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Сәрінжіпов
Аслан Бәкенұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Мұсақожаева
Айман Қожабекқызы

-

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры (келісім бойынша)

Ықсанова
Гүлнар Мұстахимқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы (келісім бойынша)

Оразалин
Нұрлан Мырқасымұлы

-

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады