Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын дәйектеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 991 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжановаға ағылшын тіліндегі Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасының «Сауда және кәсіпкерлік» бөлімі мен оған қосымшаларға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан дәйектеуге өкілеттік берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Юрьевич Волковқа Келісім жобасының «Сауда және кәсіпкерлік» бөлімін және оған қосымшаларды қоспағанда, ағылшын тіліндегі Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан дәйектеуге өкілеттік берілсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады