Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге агрессия қатері туындаған немесе агрессия актісі жасалған жағдайларда әскери-техникалық көмек көрсету тетігі туралы хаттаманы іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 178 Жарлығы

      2007 жылғы 6 қазанда жасалған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге агрессия қатері туындаған немесе агрессия актісі жасалған жағдайларда әскери-техникалық көмек көрсету тетігі туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Хаттаманы іске асыруға жауапты уәкілетті орган болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады