Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 және "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 196 Жарлығы

Қазақстан Республикасының  
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс 

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:
      15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Ұлттық Банк, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағаларының, Іс Басқарушының, астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдерінің, Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мүшелерінің, Жоғары Сот Кеңесінің Аппарат басшысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін тұлғалар) қызметін көліктік және медициналық қамтамасыз ету;»;
      17-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) қызмет бағыттары бойынша ішкі аудит жүзеге асыруға;»;
      21-тармақта:
      4)5)6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларын және олардың орынбасарларын тағайындайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволары мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының басшыларына қатысты тәртіптік жаза қолданады;»;
      10) тармақша алып тасталсын;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жарғыларын, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың еңбекақы төлеу қорын және басшыларының лауазымдық жалақысын бекітеді;»;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар тізбесінде он төртінші, он жетінші және он сегізінші абзацтар алып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 323-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымында екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі аудит бөлімі».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады