"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 265 Жарлығы


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:

      5-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "құрамалар (шекара жасақтары, оның ішінде теңіз, шекаралық бақылау жасақтары, авиациялық базалар);";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен континенттік қайраң шегіндегі террористік көріністерге ден қояды;";

      18-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын актілерден басқа, нормативтік құқықтық актілерді бекітуге;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады