«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Маминге 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 27 қазандағы
№ 361 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім
заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар
позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 -
2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу
мерзімін ұзарту туралы
ХАТТАМА
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі — мүше мемлекеттер) 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтар мен 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығына ұзартылсын.
2-бап
Осы Хаттама 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады және осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Хаттама заңнамасында халықаралық шарттарды уақытша қолдану мүмкіндігі көзделмейтін мүше мемлекет үшін осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай мүше мемлекет орындаған күннен бастап қолданылады.
2016 жылғы «____» _________ _________ қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасы Республикасы Республикасы Республикасы
үшін үшін үшін үшін
Ресей
Федерациясы
үшін