1970 жылғы 18 наурыздағы Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және құзыретті органдарды айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 367 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      1970 жылғы 18 наурызда Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасынан:

      Конвенцияның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі орталық орган ретінде;

      Конвенцияның 15, 16 және 17-баптарына сәйкес дәлелдемелерді мәжбүрлеусіз алуға рұқсат беруді ұйымдастыруға, Конвенцияның 18-бабына сәйкес дәлелдемелерді мәжбүрлеу тәртібімен алуға жәрдемдесуге уәкілеттік Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі құзыретті орган ретінде айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады