"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-КАZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-КАZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хатқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 491 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
Жоба |
2017 жылғы 9 ақпан
Қаржы министрі
Бақыт Сұлтанов мырзаға
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы 11, Астана 010000
Қазақстан Республикасы
Құрметті Сұлтанов мырза,
Нысанасы: Қарыз № 2967-КАZ: (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба - Қарыз туралы келісімге түзетулер
1. Осы хат жоғарыда көрсетілген жоба үшін 2013 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасы ("Қарыз алушы") мен Азия Даму Банкі ("АДБ") арасындағы Қарыз туралы келісімге ("Қарыз туралы келісім") (Жай операциялар) қатысты жолданады. Осы құжатта пайдаланылатын, бірақ айқындалмаған барлық жазылған белгілемелер, егер мазмұны басқа мағынаны талап етпесе, Қарыз туралы келісімде айқындалған мағынаға ие болады.
2. 2015 жылғы 10 шілдеде, 2016 жылғы 18 қаңтарда және 2017 жылғы 9 ақпанда АДБ (і) Жетібай - Жаңаөзен автожолы учаскесін (0-73 км) реконструкциялауды; (іі) жобаны қадағалау мен мониторингтеуге жәрдем көрсету мақсатында жобаны басқару жөніндегі консультанттың көрсетілетін қызметтерін қаржыландыруды қосу; және (ііі) осы өзгерістерді қаржыландыру үшін қарыз қаражатын қайта бөлу мақсатында жобаға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Осы өзгерістерді қолданысқа енгізу үшін АДБ Қарыз туралы келісімге мынадай түзетулер енгізуді ұсынады:
(і) Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасы (Жобаның сипаттамасы)
3-тармағының (а) және (b) тармақшалары мынадай редакцияда пысықталсын:
"(а) (і) Шетпе елді мекені мен Ақтау қаласының арасындағы шамамен 170 км (632.3 км-ден 802 км-ге дейін) жол учаскесін; және (іі) "Жетібай - Жаңаөзен - Фетисов - Түрікменстан Республикасының шекарасы (Түрікменбашыға)" автомобиль жолының Жетібай және Жаңаөзен арасындағы шамамен 73 км (0-73 км) жол учаскесін реконструкциялау; және
(b) құрылысты қадағалау және жобаны басқару құрамдастарын қамтиды;"
(іі) Қарыз туралы келісімнің 3-қосымшасына толықтыруда көрсетілген кесте пысықталсын және Қарыз туралы келісімге түзетулер туралы осы хатқа қоса беріліп отырған Қосымшамен ауыстырылсын.
3. Осы Келісім-хатта көрсетілген ережелерді қоспағанда, Қарыз туралы келісімнің өзі өзгертілмейді.
4. Қарыз алушының осы Келісім-хатта көрсетілген түзетулерді енгізуге және осы Келісім-хаттың шарттарына келісімін төменде көрсетілген жерде Келісім-хаттың екі түпнұсқасына қол қою арқылы көрсетуді сұраймыз. Келісім-хаттың қол қойылған бір данасын өзінің пайдалануы үшін өзінде қалдыруды және басқа данасын АДБ-ға қайтаруды өтінеміз. Осы Келісім-хатта көрсетілген түзетулер Келісім-хаттың қол қойылып бекемделген түпнұсқасын АДБ алған күні күшіне енеді.
Құрметпен,
_________________________________
Шон 0’Салливан
Бас Директор
Орталық және Батыс Азия Департаменті
Қабылдаймын және мақұлдаймын.
Қазақстан Республикасы үшін және оның атынан
Аты:____________________________
Лауазымы:_______________________
Күні:____________________________
Көшірмесі: Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбекке;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Р.Склярға;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Бекетаевқа;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы М.Пішембаевқа.
Келісім-хатқа | |
ҚОСЫМША |
ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] — 2-жоба)
Санаты | АДБ-ның қаржыландыруы | ||
Нөмірі | Атауы | Қаржыландыру үшін АДБ бөлген жалпы сома ($), санат | Қарызды шоттан алу үшін негіз |
1 | Жұмыстар | 328,800,178 | Жалпы мәлімделген шығыстардың 100%-ы |
2 | Консалтингтік көрсетілетін қызметтер | 9,199,822 | Жалпы мәлімделген шығыстардың 100%-ы |
3 | Алдын ала болжанбаған шығыстар | 33,300,000 | Жалпы мәлімделген шығыстардың 100%-ы |
Жиыны | 371,300,000 |
Ескертпе: - * Қарыз алушының аумағында алынатын қосылған құн салығын есепке алмағанда.