Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясының жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының атынан Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясына қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 492 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
ЖОБА
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі
КОНВЕНЦИЯСЫ
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер,
мемлекеттердің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне, аумақтық тұтастығына, олардың арасындағы достық қатынастардың дамуына, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қатер төндіретін терроризмге дем беретін елеулі орта ретіндегі экстремизм көріністерінің ушығуына қатты алаңдаушылық білдіре отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясының мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясының, 2005 жылғы 5 шілдедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық концепциясының, сондай-ақ БҰҰ Ғаламдық терроризмге қарсы стратегиясының, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті терроризмге қарсы қарарларының, терроризмге қарсы әмбебап конвенциялар мен хаттамалардың ережелерін дамыта отырып,
экстремизм идеологиясы мен практикасының кез келген нысаны мен көрінісін батыл айыптай отырып және экстремизмге жария түрде шақыру мен айдап салуға жол бермеушілікті растай отырып,
осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттер қандай жағдайда болсын ақталмайтынын, ал осындай іс-әрекеттерді жасауға кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылуға тиіс екенін мойындай отырып,
халыққа және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерге, сондай-ақ дүниежүзілік қоғамдастыққа қауіпті экстремистік актілердің ауқымы мен сипатын және осы саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын ескере отырып,
экстремизмге қарсы күрес бойынша күш-жігерді арттыру қажеттігін түсіне отырып және барлық тиісті шаралар құқық үстемдігі, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары сақталған кезде қолданылуға тиіс екендігін тағы да растай отырып,
мемлекеттердің егемендігі мен тең құқықтылығы қағидаттарын бұзуға, сондай-ақ саяси және геосаяси мақсаттарды жүзеге асыру құралы ретінде терроризмнің дем беретін елеулі ортасы болып табылатын экстремизмді пайдалануға жол берілмейтіндігін ерекше атап көрсете отырып,
экстремизмге қарсы іс-қимылда және осы бағыттағы кез келген халықаралық ынтымақтастықта шешуші рөлдің мемлекеттерге және олардың құзыретті органдарына тиесілі екенін тани отырып,
халықаралық қоғамдастық экстремизмге, ең алдымен оның қауіпті көріністеріне қарсы тиімді іс-қимылға тек қана әріптестік іс-қимыл шеңберіндегі бірлескен күш-жігер арқылы қол жеткізе алатындығын ұғына отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Конвенция Тараптардың экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастығының тиімділігін арттыру мақсатында жасалады.
2-бап
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін онда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар мыналарды білдіреді:
1) "Тарап" - осы Конвенцияға қатысушы мемлекет;
2) "экстремизм" - саяси, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни қақтығыстарды күшпен және басқа да конституцияға қайшы келетін әрекеттер арқылы шешуге бағытталған идеология және практика;
3) "экстремистік акт":
2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясының 1-бабы 1-тармағының 3-тармақшасында көзделген іс-әрекеттер;
қарулы бүлікті ұйымдастыру және оған экстремистік мақсаттарда қатысу; экстремистік ұйымды құру, оған басшылық жасау және қатысу; саяси, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни араздық пен алауыздықты қоздыру;
адамдардың саяси, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни тиесілігінің белгілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау;
көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға жария түрде шақыру; экстремизмді насихаттау мақсатында экстремистік материалдарды жаппай дайындау, сақтау және тарату;
4) "экстремизмді қаржыландыру" - осы Конвенцияда қамтылған іс-әрекеттердің ең болмағанда біреуін ұйымдастыру, дайындау және жасау жөніндегі әрекетті қаржыландыру мақсатында не экстремистік ұйымның қызметін қамтамасыз ету мақсатында қаражатты қасақана жинау және (немесе) ұсыну не қаржылай қызмет көрсету;
5) "экстремистік материалдар" - экстремизм идеологиясы қамтылған не экстремистік актіні жүзеге асыруға шақыратын, оның қажеттілігін негіздейтін немесе ақтайтын кез келген жеткізгішпен таратуға арналған ақпарат;
6) "экстремистік ұйым":
осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
Тараптардың ұлттық заңнамасында көзделген негіздер бойынша экстремистік әрекетті жүзеге асыруына байланысты қызметін жою және (немесе) оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешім қабылданған қоғамдық немесе діни бірлестік немесе өзге де ұйым;
7) "заңды тұлға" - Тараптардың ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған және (немесе) қызметін жүзеге асыратын ұйым;
8) "осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттер" — қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық-құқықтық жауаптылыққа әкеліп соқтыратын саяси, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни араздық немесе алауыздық себептерімен жасалған іс-әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіздік);
9) "экстремизмге қарсы іс-қимыл" - Тараптардың экстремизмнен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыстың негізін қорғауға, аумақтық тұтастықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, экстремизмнің алдын алуға, анықтау мен жолын кесуге және оның салдарын жоюға, сондай-ақ оны жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметі.
2. Осы бапта қолданылатын терминдер мен ұғымдарды неғұрлым кеңінен қолдану туралы ережені қамтитын немесе қамтуы ықтимал қандай да бір халықаралық шартқа немесе Тараптардың кез келгенінің ұлттық заңнамасына осы бап нұқсан келтірмейді.
3-бап
Тараптар өз құқықтары мен міндеттерін мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына сәйкес осы Конвенцияға сай жүзеге асырады.
4-бап
1. Осы Конвенция Тараптардың экстремизмге қарсы іс-қимыл аясында өзара іс-қимыл жасауы үшін қолданылады.
2. Осы Конвенцияда көзделген құқықтық көмек көрсету және ұстап беру саласындағы ынтымақтастық осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстар біреуден көп Тараптың юрисдикциясын қозғағанда жүзеге асырылады.
5-бап
1. Тараптар, егер:
1) қылмыс осы Тараптың аумағында жасалса;
2) қылмыс осы Тараптың туы астында жүзетін теңіз кемесінің бортында немесе осы Тараптың заңдарына сәйкес тіркелген әуе кемесінің бортында жасалса;
3) қылмысты осы Тараптың азаматы жасаса, осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын белгілеу үшін қажетті шаралар қолданады.
2. Әрбір Тарап, егер:
1) қылмыс осы Тараптың азаматына қатысты жасалса;
2) қылмыс дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің үй-жайларын қоса алғанда, осы Тараптың шетелдегі мүлкіне қатысты жасалса;
3) қылмыс осы Тарапты қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу мақсатында жасалса;
4) қылмысты осы Тараптың аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам жасаса;
5) қылмыс осы Тарап пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесінің бортында жасалса, осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын да белгілей алады.
3. Әрбір Тарап, егер болжамды қылмыскер оның аумағында болса және ол осы қылмыскерді қандай да бір өзге Тарапқа ұстап бермесе, осы Конвенцияда қамтылатын қылмысқа қатысты өзінің юрисдикциясын белгілеу үшін талап етілетін шараларды қолданады.
4. Осы Конвенция Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес кез келген қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыруды жоққа шығармайды.
5. Егер біреуден көп Тарап осы Конвенцияда қамтылатын қылмысқа қатысты юрисдикцияға үміткер болса, тиісті Тараптар қажет болған кезде консультациялар өткізеді.
6-бап
1. Осы Конвенцияда көзделген ынтымақтастықты Тараптардың әрқайсысы айқындайтын құзыретті органдар жүзеге асырады.
2. Осы Конвенцияны ратификациялау туралы құжатты немесе оған қосылу туралы хабарламаны тапсырған кезде Тарап осы Конвенцияны орындауға жауапты өз құзыретті органдарының тізбесін депозитарийге ұсынады, оны депозитарий басқа Тараптарға жібереді. Тараптар депозитарийге өз құзыретті органдарының тізбесіндегі барлық өзгерістер туралы дереу хабарлайды, депозитарий басқа Тараптарды бұл туралы хабардар етеді.
3. Тараптардың құзыретті органдары осы Конвенцияда көзделген мәселелер бойынша өз өкілеттіктері шегінде бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды. Тараптардың аумақтық және өзге де құзыретті органдары осы Конвенцияны орындау мақсатында Тараптардың құзыретті органдары айқындайтын тәртіппен тікелей байланыс орната алады.
4. Тараптардың құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл екіжақты және көпжақты форматта сұрау салу негізінде, сондай-ақ Тараптардың бірінің құзыретті органының бастамасы бойынша хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
5. Өзара іс-қимыл процесінде дипломатиялық арналар, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің немесе Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының арналары пайдаланылуы мүмкін.
7-бап
1. Тараптар осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында ұлттық заңнама сақталған жағдайда, қажет болған жерде үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның басқа да институттарын қамтитын дінаралық және мәдениетаралық диалогты көтермелейді.
2. Әрбір Тарап өз құқықтық жүйесінің негізге алынатын қағидаттарына сәйкес экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды ұлттық деңгейде әзірлейді және жүзеге асырады, бұл шаралар:
1) экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы жетілдіруді, экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің тиімділігін мерзімді бағалауды;
2) Тараптың тиісті органдарының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын органды немесе органдарды айқындауды;
3) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына экстремистік ұйымдар мүшелерінің кіруін болғызбау бойынша мүше мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастықты күшейтуді;
4) экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруда тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды;
5) экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша насихат жұмысына және экстремистік идеологияның таралуына қарсы насихат жұмысын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет желісінде күшейтуді;
6) экстремистік идеологияның таралуын уақытылы анықтау және оның жолын кесу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет желілерінің мониторингін;
7) ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде Интернет желісінде орналастырылған экстремистік материалға қолжетімділікті шектеу;
8) азаматтардың экстремизмге саналы түрде қарсы тұруға деген сезімін оятуға үндейтін мәдени дәстүрлерді, рухани, адамгершілік және патриоттық тәрбиені нығайтуды;
9) экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын құзыретті және өзге де органдар қызметкерлерінің кәсіби деңгейін, сондай-ақ осы органдар мен олардың қызметкерлерінің қаржылай, материалдық жағынан және өзгедей қамсыздандырылуын арттыруды;
10) экстремизмге қарсы іс-қимыл аясында, оның ішінде Тараптар қатысушысы болып табылатын халықаралық алаңдарда зерттеулер жүргізуді;
11) жәбірленушілерді, куәларды және қылмыстық сот ісін жүргізудің өзге де қатысушыларын, сондай-ақ қажет болған жағдайда, осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуде оның құзыретті органдарына жәрдем көрсететін адамдарды қорғауды қамтуы мүмкін.
3. Тараптар ұлттық заңнамаларға сәйкес осы Конвенцияда көзделгендерге қарағанда экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша неғұрлым қатаң шараларды қолдана алады.
8-бап
Тараптар өз құқықтық жүйелерінің негізге алынатын қағидаттарын ескере отырып, экстремизмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық және өзге де шараларды қолданады.
9-бап
1. Тараптар өз құқықтық жүйелерінің негізге алынатын қағидаттарын ескере отырып, қажетті заңнамалық шараларды мынадай іс-әрекеттерді жасағаны үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік не қылмыстық жауаптылықты белгілеу үшін қабылдайды:
1) экстремистік акт;
2) барлық Тараптар қатысушысы болып табылатын экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық шарттардың бірінде қылмыс ретінде танылатын қандай да бір іс-әрекет;
3) экстремизмді қаржыландыру;
4) экстремистік актілерді дайындауға не жасауға адамдарды азғыру немесе өзге де тарту тәсілдері, экстремистік актілерді жасау мақсатында адамдарды оқыту, экстремистік актілерді жасауға айдап салу, ұйымдастыру, жоспарлау, дем беру;
5) осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттерді жасау мақсатында шығу және (немесе) жоспарлау, айдап салу, басқа адамдарды шетелге шығуға дайындау;
6) экстремизмді насихаттау мақсатында нышандарды, белгілерді, жалауларды, эмблемаларды, атрибутикаларды жасау, тарату, көрсету;
7) Тарап уәкілеттік берген органның экстремистік материалдарға қолжетімділікті шектеу туралы талаптарын ақпараттық-коммуникациялық желілерге, оның ішінде "Интернет" желілеріне қолжетімділік бойынша қызметтер көрсететін тұлғалардың орындамауы;
8) саяси, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни араздық немесе алауыздық себептерімен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және (немесе) оларға қатысу.
2. Тараптар өз ұлттық заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көзделген қандай да бір қылмысты жасауға қатысуды, дайындауды және оқталуды қылмыстық жазаланатын іс-әрекет ретінде тануы мүмкін.
10-бап
1. Тараптар өз аумақтарында заңды тұлғалардың осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттерге қатысты болуына жол бермеу үшін өздерінің құқықтық қағидаттарын ескере отырып, қажетті заңнамалық және өзге де шараларды қолданады.
2. Тараптар заңды тұлғалардың осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттердің ең болмағанда біреуіне қатысы болған жағдай үшін олардың жауаптылығын белгілеу үшін талап етілуі мүмкін шараларды қолданады.
3. Тараптардың құқықтық қағидаттары сақталған жағдайда заңды тұлғалардың жауаптылығы азаматтық-құқықтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық болуы мүмкін.
4. Заңды тұлғалардың жауаптылығын белгілеу оның әрекетіне қатысқан, осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды жасаған жеке тұлғаның қылмыстық жауаптылығын жоққа шығармайды.
5. Тараптар осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттерге қатыстылығы үшін жауаптылыққа тартылатын заңды тұлғаларға қатысты ұлттық заңнамаға сәйкес шаралардың қолданылуын қамтамасыз етеді, атап айтқанда:
1) ескерту;
2) айыппұл;
3) заңды тұлға қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу;
4) заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру;
5) заңды тұлғаның мүлкін тәркілеу;
6) заңды тұлғаны тарату;
7) заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын немесе өзге де мүлкін оқшаулау (тыйым салу).
6. Заңды тұлға осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттерді жоспарлауды, ұйымдастыруды, дайындау мен жасауды жүзеге асырған жағдайда Тараптар заңды тұлғаны экстремистік ұйым деп тануға және оны таратуға мүмкіндік беретін заңнамалық шараларды қолданады.
7. Осы баптың ережелері осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттерге қатысы болған жағдайда Тараптардың аумақтарында әрекет ететін шетелдік заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне (өкілдіктеріне, филиалдарына) қолданылады.
11-бап
1. Тараптар осы Конвенцияда қамтылатын және тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер деп танылған іс-әрекеттерді ұстап беруге, сондай-ақ сотталғандарды беруге және өзінде дәл осындай іс-әрекет қылмыстық жазаланатын болып табылатын Тарапқа құқықтық көмек көрсетуге әкеп соқтырған қылмыстар ретінде қарастырады.
2. Егер ұстап беруді және (немесе) құқықтық көмекті шарттың болу себебімен байланыстыратын Тарап ұстап беру және (немесе) құқықтық көмек туралы шарты жоқ басқа Тараптан тиісті сұрау салуды алған болса, сұрау салынатын Тарап осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарға байланысты осы Конвенцияны ұстап беру және (немесе) құқықтық көмек үшін құқықтық негіз ретінде қарастырады.
3. Ұстап беруді шарттың болу себебімен байланыстырмайтын Тараптар сұрау салынатын Тараптың заңнамасында көзделген шарттарды ескере отырып, осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды өздерінің арасындағы қатынастарда ұстап беруге әкеп соқтыратын қылмыстар ретінде қарастырады.
4. Егер ұстап беру және құқықтық көмек мәселелеріне қатысты тиісті іс-әрекетті екі жақтың да қылмыс деп тану қағидатын сақтау талап етілетін болса, бұл қағидат, егер сұрау салушы немесе сұрау салынатын Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес құқықтық көмекті немесе ұстап беруді сұратуға себеп болған осы іс-әрекет қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп танылса, тиісті іс-әрекет сұрау салынатын Тараптың заңнамасымен қылмыстардың сол санатына енгізілу-енгізілмеуіне немесе осы заңнамада сұрау салушы Тарап ретінде оның осындай терминдердің көмегімен сипатталу-сипатталмауына қарамастан, сақталған болып есептеледі.
5. Осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстар ұстап беру мақсаты үшін осы Конвенцияның 5-бабына сәйкес белгіленген, осы Тараптың юрисдикциясы шегінде осы қылмыстардың іс жүзінде жасалған орнына қарамастан, тиісті Тараптың аумағында жасалған қылмыстар ретінде қарастырылады.
6. Осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды және оларды жасауға қатысы бар заңды тұлғалар жауаптылығының негіздерін айқындау Тараптардың ішкі заңнамасының аясына кіреді.
7. Үкім шығарған Тараптың немесе осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың ең болмағанда біреуі үшін сотталған адам азаматы болып табылатын Тараптың сұрау салуы бойынша осы адам, оның келісімімен қолданыстағы шарттар немесе өзара уағдаластық негізінде ол азаматы болып табылатын Тарапқа жазасын өтеу үшін берілуі мүмкін.
8. Егер осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың ең болмағанда біреуін жасаған адам аумағында жүрген сұрау салынатын Тарап мұндай адам оның азаматы болуы негізінде ғана оны ұстап бермесе, онда осы Тарап қолда бар материалдар, оның ішінде сұрау салушы Тарап берген қылмыстық іс материалдары негізінде өзінің заңнамасына сәйкес осы адамды қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
12-бап
1. Экстремизмге қарсы іс-қимыл мақсатында Тараптардың құзыретті органдары сұрау салуы бойынша немесе өзінің бастамасы бойынша жеке мәліметтерді қорғау саласын реттейтін ұлттық заңнаманың талаптарын ескере отырып, бір-біріне осы Конвенцияда қамтылатын мәселелер туралы ақпарат береді.
2. Тараптардың құзыретті органдары сұрау салудың түсу фактісін және оның мазмұнын жарияламайды және оны тек осы сұрау салуды орындау мақсатында пайдаланады, егер бұл сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарымен ескертілсе, сондай-ақ сұрау салынатын Тарап берген мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді және оларды тергеуді, сот талқылауын жүзеге асыру үшін немесе сұрау салумен көзделген рәсімдерді орындау үшін пайдаланады.
13-бап
1. Тараптардың құзыретті органдары осы Конвенцияның қолданылу саласын қамтитын барлық мән-жайлар мен мәселелер бойынша сұрау салуларды орындайды.
2. Жәрдем беру туралы сұрау салуды орындау осы Конвенцияның және сұрау салынатын Тарап заңнамасының негізінде жүзеге асырылады.
3. Егер сұрау салынатын Тараптың заңнамасында өзгеше белгіленбесе, сұрау салушы Тараптың құзыретті органының сұрау салуы бойынша оны орындау кезінде осы Тараптың заңнамасы қолданылуы мүмкін.
14-бап
1. Сұрау салу жазбаша түрде жасалады және ол:
1) сұрау салушы және сұрау салынған Тараптардың құзыретті органдарының атауын;
2) сұрау салудың мәні мен негізін;
3) сұрау салудың мәні бойынша ақпаратты (қылмыстық не әкімшілік іс болған кезде - істің мән-жайлары туралы, оның ішінде осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекетпен келтірілген залалдың мөлшері туралы мәліметтерді), тиісті нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін;
4) сұрау салушы Тарапта бар, сұрау салу жолданып отырған адамдарға қатысты туған күні және жылы, азаматтығы, тұратын жері немесе болған жері, айналысатын қызметінің түрі және басқа да мәліметтерді қамтитын деректерді;
5) қолжетімділікті шектеу дәрежесі туралы ақпаратты (қажет болған кезде) қамтуы тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа заңды тұлғаларға қатысты сұрау салу:
1) заңды тұлғаның атауын, оның орналасқан жері туралы ақпаратты, заңды мекенжайы, басшылары туралы деректерді;
2) соттың немесе сұрау салушы Тараптың өзге де құзыретті органының жауапкершілік шаралары туралы шешімінің (бар болса) куәландырылған көшірмесі;
3) тыйым салынуға, тәркіленуге немесе мемлекеттің кірісіне алынуы мүмкін мүлік туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
3. Сұрау салуға уақытылы және тиісінше орындауға қажетті басқа да материалдар қоса берілуі мүмкін.
4. Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше келісілмесе, сұрау салынатын Тарап сұрау салушы Тарапты сұрау түскен күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей:
1) сұрау салу бойынша қабылданған іс-қимылдар және олардың нәтижелері туралы;
2) сұрау салуды орындауға кедергі келтіретін немесе оның орындалуын айтарлықтай кідіртетін кез келген мән-жайлар туралы хабардар етеді.
5. Сұрау салушы Тарап сұрау салынатын Тарапқа кідіріссіз:
1) заңды тұлғаларға қатысты жауапкершілік шараларды қолдану туралы шешімнің толық немесе ішінара күшін жоғалтуына байланысты шешімді немесе басқа да мән-жайларды қайта қарау туралы;
2) осы Конвенцияға сәйкес қолданылуы негізсіз болатын өзгерістер туралы хабардар етеді.
6. Бірнеше Тараптар алдында заңды тұлғаға қатысты қандай да бір шешім негізінде жауапкершілік шарасын қолдану туралы өтініш беруші Тарап бұл туралы осы шешімді орындауға мүдделі барлық Тараптарға хабарлайды.
15-бап
1. Сұрау салуға сұрау салушы Тараптың құзыретті органының уәкілетті лауазымы адамы немесе оларды ауыстыратын адамдар қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
2. Кідіртілмейтін жағдайларда сұрау салу ауызша берілуі мүмкін, бірақ 72 сағаттан кешіктірілмей сұрау салу және қоса берілген құжаттар, қажет болған кезде мәтінді берудің техникалық құралдарын пайдалана отырып жазбаша расталған болуы тиіс.
3. Сұрау салудың төлнұсқалығына, оның мазмұнына немесе оған қоса берілген құжаттарға күдік туындаған жағдайда олардың қосымша растауы немесе түсіндірмесі сұратылуы мүмкін.
4. Осы Конвенцияға сәйкес келіп түскен және бірдей мән-жайларды қозғайтын сұрау салулар көп болған жағдайда сұрау салынатын Тарап қандай сұрау бірінші кезекте орындалатынын дербес анықтайды және 14-баптың 5-тармағына сәйкес сұрау салушы Тарапты хабардар етеді.
5. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынған Тараптың құзыретті органының құзыретіне кірмесе, ол сұрау салуды кідіртпей өз мемлекетінің басқа құзыретті органына береді және бұл туралы сұрау салушы Тараптың құзыретті органына дереу хабарлайды.
6. Сұрау салынған Тараптың құзыретті органы өз пікірі бойынша сұрау салуды орындау үшін қажетті қосымша мәліметтерді сұрата алады.
16-бап
1. Егер осы шаралар сұрау салынған Тараптың құзыретті органдары жүзеге асыратын жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге, тергеуге немесе сот талқылауына залал келтіруі мүмкін болса, сұрау салынған Тараптың құзыретті органы сұрау салу бойынша шара қабылдауды кейінге қалдыруы мүмкін.
2. Егер бұл сұрау салынған Тараптың егемендігіне, ұлттық қауіпсіздігіне залал келтіруі мүмкін болса немесе сұрау салынған Тараптың заңнамасына қайшы болса не 15-баптың 2-тармағында көзделген мерзім ішінде сұрау салушы Тараптың ауызша сұрау салуының жазбаша растауы болмауына байланысты сұрау салынған Тараптың құзыретті органы сұрау салуды орындаудан бас тарта алады.
3. Сұрау салуды орындаудан бас тартпастан немесе кейінге қалдырудан бұрын сұрау салынған Тараптың құзыретті органы қажет болған жағдайда сұрау салуды жолдаған сұрау салушы Тараптың құзыретті органынан консультация алады.
17-бап
1. Осы Конвенцияда қамтылған қылмыстарды жасаған сезіктілерді немесе айыпталушыларды қудалауды жүзеге асыратын және олардың екінші Тараптың аумағында жүргендігін анықтаған Тарап, осы Тараптың құзыретті органдарының рұқсатын алғаннан кейін өзінің қызметкерлерін жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу амалдарын жүзеге асыру кезінде қатысу үшін сұрау салынған Тарапқа жібереді.
2. Сұрау салушы Тараптың жіберілген құзыретті органдарының қызметкерлері сұрау салынған Тараптың аумағында сұрау салынған Тараптың заңнамасына және оның қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу амалдарын жүзеге асыру кезінде қатыса алады.
3. Сұрау салынған Тарап қызметкерді жіберу туралы сұрау салудың негізінде сұрау салған Тарап қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу амалдарын жүзеге асыруға қатысуы үшін рұқсат берудің тәртібін анықтайды.
4. Жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу амалдарын жүзеге асыру кезінде қатысу үшін құзыретті органдардың қызметкерлерін жіберген жағдайда жіберу туралы сұрау салуда мынадай мәліметтер:
1) жіберілетін қызметкерлер туралы деректер;
2) іссапар мақсаты, тергеу амалдарының тізбесі, оларды орындау тәртібі мен мерзімдері;
3) көлік пайдаланылған жағдайда, көлік құралдарының түрін, олардың санын және тіркеу нөмірлерін қоса алғанда, ол туралы мәліметтер;
4) басқа да қажетті ақпарат қосымша қамтылуы тиіс.
5. Қызметкерді жіберу туралы сұрау салу бойынша шешімді сұрау салынған Тараптың құзыретті органы сұрау салу түскен күннен бастап 5 күннен кешіктірмей қабылдайды, ол туралы сұрау салушы Тараптың құзыретті органына дереу хабарланады. Осындай шешім сұрау салынған Тараптың құзыретті органы анықтаған шарттармен ескертілуі мүмкін.
6. Егер қызметкерді жіберу туралы сұрау салу осы баптың 4-тармағында көрсетілген талаптарды ескермей жасалса немесе ақпарат толық көлемде берілмесе, онда сұрау салынған Тараптың құзыретті органы қосымша деректерді сұратуға құқылы.
7. Белгіленген тәртіппен сұрау салынған Тараптың аумағына келген Сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарының қызметкерлері өз функцияларын келген Тараптың заңнамасына және олардың келуін және тапсырманың орындалуын регламенттейтін шарттарға сәйкес орындайды.
8. Сұрау салынған Тараптың аумағында жүрген Сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарының қызметкерлері Сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарының қызметкерлері жүргізетін жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу амалдарын жүзеге асыру кезінде өздері аумағында жүрген Тараптың заңнамасын сақтауға, сондай-ақ келген Тарап органдарының заңды талаптарына бағынуға міндетті.
9. Жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу амалдарын жүзеге асыру кезінде Сұрау салушы Тараптың құзыретті органдары қызметкерлерінің қатысуы, тергеу амалдары жүзеге асырылып жатқан аумақ Тарапының құзыретті органы талап қойған кезде тоқтатылады.
10. Осы бапта көзделген қағидалар бойынша Тараптар өз арасында жекелеген келісімдер жасай алады.
18-бап
Сұрау салуды орындаудың нәтижесінде сұрау салынған Тараптардың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдары алған дәлелдемелер сұрау салушы Тараптың аумағындағыдай заң күшін пайдаланады;
19-бап
1. Осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды жасауға қатысы бар жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың мүлкін тәркілеу туралы шешімді орындау кезінде сұрау салынған Тарап сұрау салған Тараптың үшінші тұлғаларға қатысты сот шешімін таниды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мынадай:
1) егер үшінші тұлғалардың өз құқықтары туралы мәлімдеуге жеткілікті мүмкіндіктері болмаған;
2) егер үшінші тұлғалар өздерінің құқықтары туралы бір мағыналы және негізді өтініш берген;
3) егер шешім осы мәселе бойынша сұрау салынған Тарап шығарған шешімге қайшы келген;
4) егер шешім сұрау салынған Тараптың заңнамасына қайшы келген;
5) егер шешім сұрау салынған Тараптың заңнамасында көзделген ерекше юрисдикцияға қатысты ережелерге қарамастан шығарылған;
6) егер қабылданған шешім сұрау салынған Тараптың жария тәртібінің негіздеріне қайшы келген жағдайлардың бірінде сот шешімін танудан бас тартылуы мүмкін.
20-бап
1. Осы Конвенцияға сәйкес жолданатын құжаттар оларды заңдастыру жөніндегі барлық формальдылықтан босатылады.
2. Бір Тараптың аумағында құзыретті орган не болмаса оған арнайы уәкілетті тұлғаның оның құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берілген немесе куәландырылған, сондай-ақ елтаңбалы мөрмен бекітілген құжаттар қандай да бір арнайы куәліксіз барлық басқа Тараптардың аумағында қабылданады.
3. Тараптардың бірінің аумағында ресми құжат ретінде қаралатын құжаттар басқа Тараптар аумағында ресми құжаттардың дәлелдеу күшіне ие болады.
21-бап
Тараптар осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарға қатысы бар адамдарға босқын мәртебесін және оның растайтын құжаттарды беруге жол бермеу жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.
22-бап
1. Тарап ұлттық заңнамаға сәйкес екінші Тараптың сұрау салуы бойынша осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттерге қатысы бар заңды тұлғаның жауапкершілігін қамтамасыз етудің қажетті шараларын, атап айтқанда:
1) нәтижесінде тәркілеу объектісі болуы мүмкін оның мүлкіне тыйым салуды;
2) заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын немесе өзге де мүліктерін оқшаулауды (тоқтатып қоюды);
3) оның қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұруды қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар сұрау салынған Тараптың заңнамасына және осы Конвенцияға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды болдырмаудан бұрын сұрау салынған Тарап бұл туралы сұрау салушы Тарапты хабарландырады және оған осы шаралардың орындалу пайдасына өз дәлелдемелерін баяндау құқығын береді.
23-бап
1. Осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттердің бірін жасауға қатысы бар және мүлкі орналасқан немесе бар немесе оның аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаға (оның құрылымдық бөлімшесіне) қатысты жауапкершілік шарасын қолдануға байланысты сұрау салуды алған Тарап:
1) не сұрау салынған жауапкершілік шарасын қолдану туралы сұрау салушы Тараптың сотының немесе өзге де құзыретті органының шешімін орындайды;
2) не сұрау салушы Тараптың сотының немесе өзге де құзыретті органының шешімінде берілген фактілер мен қорытындылардың негізінде сұрау салынған жауапкершілік шарасын қолдану туралы өздерінің заңнамасына сәйкес сот талқылауын жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаға қатысты жауапкершілік шарасы сұрау салынған Тараптың заңнамасына сәйкес қолданылады.
24-бап
Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында:
1) қару немесе іс-әрекеттер жасау құралы ретінде пайдалануға арналған (немесе пайдаланылған) не осы Конвенцияда қамтылатын іс-әрекеттердің бірін қаржыландыру үшін ақша қаражатына, бағалы қағаздарға, бағалы заттарға және басқа да мүлкіне тыйым салу үшін;
2) егер осы бапта көрсетілген мүлікке тыйым салу мүмкін болмаса осындай мүліктің құнына сәйкес ақша сомасын алуды қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.
25-бап
1. Осы Конвенцияға сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін тәркілеуге байланысты жіберілген сұрау салу сұрау салынған Тараптың осы жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты тәркілеу туралы өз шешімін орындау құқығын қозғамайды.
2. Сұрау салу бойынша тәркіленетін мүліктің жалпы сомасы тәркілеу туралы шешімде көрсетілген сомадан аспауы тиіс. Егер сол немесе өзге Тарап осылай болады деген деген қорытындыға келсе, онда Тараптар осындай салдарларға жол бермеу мақсатында консультациялар өткізеді.
3. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырған соң осы Конвенцияда көзделген негіздер бойынша таратылатын заңды тұлғаның қалған мүлкі де тәркіленуге жатады.
4. Сұрау салу бойынша мүлікті тәркілеген Тарап өзінің заңнамасына сәйкес оның сақталуын қамтамасыз етеді және тәркіленген мүлікке билік етеді.
5. Осындай мүліктің құнына сәйкес тәркіленген мүлік немесе ақша сомасы тиісті Тараптардың келісімі бойынша тәркілеу туралы шешім шығарған Тарапқа толық немесе ішінара берілуі мүмкін.
26-бап
Егер өзгедей тәртіп келісілмесе, Тараптар осы Конвенцияны орындауға байланысты шығыстарды дербес көтереді.
27-бап
1. Егер осы Конвенция шегіндегі ынтымақтастыққа байланысты заңсыз әрекетпен немесе әрекетсіздікпен келтірілген залалды өндіріп алу туралы талап қою берілсе, Тараптар осы залалды өтеу есебіне төлеуге жатқызылған соманы бөлу туралы уағдаласуға қол жеткізу мақсатында бір-бірімен консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастырады.
2. Залалды өндіріп алу туралы талап қою берілген Тарап бұл жөнінде мүдделі басқа Тараптарға хабарлайды.
28-бап
Осы Конвенция Тараптардың осы Конвенцияның мәні болып табылатын және оның мақсатына қайшы келмейтін мәселелер бойынша басқа халықаралық шарттарды жасасу құқықтарын шектемейді, сондай-ақ олар қатысушылары болып табылатын өзге де халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
29-бап
1. Осы Конвенция белгіленбеген мерзімге жасалады.
2. Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер оны ратификациялайды. Ратификациялық грамоталар депозитарийге сақтауға тапсырылады. Конвенция төртінші ратификациялық грамотаны депозитарий алған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
3. Осы Конвенцияны ратификациялаған Тарап үшін төртінші ратификациялық грамотаны депозитарий алған күннен бастап, ол ратификациялық грамотаны осы Тараптың алған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
4. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы осы Конвенцияның депозитарийі болып табылады.
30-бап
1. Шанхай ынтымақтастық ұйымының барлық мүше мемлекеттерінің келісімімен қосылу туралы хабарламаны депозитарийге беру арқылы оның ережелерін бөлісетін басқа мемлекеттердің қосылуы үшін осы Конвенция ашық.
2. Осы Конвенция қосылатын мемлекет үшін қосылу туралы хабарламаны депозитарийдің алған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
31-бап
Осы Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тіркеуге жатады.
32-бап
Осы Конвенцияға оның ажырамас бөлігі болып табылатын, жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Тараптардың кез келгені депозитарийге тиісті хабарламаны беру арқылы өзгерістер мен толықтыруларды ұсына алады, ол оларды қарау үшін басқа Тараптарға жібереді.
33-бап
Әрбір Тарап шығудың болжанған күнінен кемінде алты ай бұрын бұл жөнінде депозитарийге жазбаша хабарлама жіберіп, осы Конвенциядан шыға алады. Шығу туралы хабарламаны алған күннен бастап отыз күн ішінде депозитарий бұл туралы басқа Тараптарға хабарлайды.
34-бап
Осы Конвенцияның ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты Тараптар арасында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда мүдделі Тараптар оларды консультациялар өткізу және келіссөздер жүргізу жолымен шешеді.
35-бап
1. Тараптардың ынтымақтастығын жүзеге асыру кезінде осы Конвенция шеңберінде жұмыс тілі орыс қытай және тілдері болып табылады.
2. Осы Конвенцияның төлнұсқасы осы Конвенцияның куәландырылған көшірмелерін оған қол қойған мемлекеттердің барлығына тарататын депозитарийдің сақтауына тапсырылады.
________ қаласында 20 __ жылғы _______ орыс және қытай тілдерінде бір данада жасалды әрі екі мәтіннің де бірдей заңды күші бар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЬІ ҮШІН
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН
ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН