"Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 152 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 514 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
  Президенті мен Үкіметі актілерінің
  жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 152 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 26, 269-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа 1 және 2-қосымшаларымен бірге (2-қосымша - құпия) Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады