Қазақстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 шілдедегі N 152 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шарттың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа 1 және 2-қосымшаларымен бірге (2-қосымша - құпия) Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.07.2017 № 514 Жарлығымен.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      РҚАО-ның ескертуі: 1-қосымшаның мәтіні қоса берілмеген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады