Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Орта білім беруді жаңғырту жобасы) қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 530 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президентіні мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Орта білім беруді жаңғырту жобасы) жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Орта білім беруді жаңғырту жобасы) қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 11 тамыздағы
№ 530 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
  Жоба

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Орта білім беруді жаңғырту жобасы)

      201__ жылғы __________ Қазақстан Республикасы ("Қарыз алушы") мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі ("Банк") арасындағы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:

I БАП – ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге қосымшада айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптерден басталатын терминдер Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге қосымшада оларға бекітілген мағыналарға ие болады.

II БАП – ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-толықтыруда келтірілген жобаны ("Жоба") қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімнің ("Қарыз") 2.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес осы Келісімде айтылған немесе онда оларға сілтемелер жасалған мерзімге және шарттарда Валюталарды конверсиялау арқылы кезең-кезеңмен конвертациялауға болатын алпыс жеті миллион (67000000) АҚШ долларына тең соманы беруге келіседі.

      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.

      2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс Біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды. Қарыз алушы Біржолғы комиссияны күшіне енгеннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей төлейді.

      2.04. Қарыз алушы төлеуге тиіс резервке қою үшін комиссия Қарыздың алынбаған қалдығының жылдық бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды.

      2.05. Қарыз алушы әрбір Пайыздық кезең ішінде төлеуге тиіс пайыздар Қарыз валютасы үшін Референттік мөлшерлемеге Өзгермелі спрэдті қосқанда тең болатын мөлшерлеме бойынша есепке жазылатын болады; бұл ретте төленуге тиіс пайыздар ешбір жағдайда жылына нөл пайыздан(0%) кем болмауға тиіс,сондай-ақ Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін конвертациялау кезінде осы сома бойынша конвертациялау кезеңі уақытында Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері Жалпы шарттардың ІV бабының тиісті ережелеріне сәйкес айқындалатын болады. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың Алынған қалдығы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалса және отыз (30) күн ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері мұндай жағдайда Жалпы шарттардың 3.02 (e) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептеледі.

      2.06. Әр жылдың 15 ақпаны мен 15 тамызы төлем күндері болып табылады.

      2.07. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-толықтыруда келтірілген өтеу графигіне сәйкес өтеледі.

      2.08. (a) Қарыз алушы борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз шарттарының мынадай Конвертацияларының кез келгенін жүргізуді: (і) алынған да, алынбаған да Қарыз валютасының Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін Мақұлданған валютаға өзгертуді; (іі) мыналарға: (А) Өзгермелі мөлшерлемеден Тіркелген мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне; немесе (В) Референттік мөлшерлеме мен Өзгермелі спрэдке негізделген Өзгермелі мөлшерлемеден Тіркелген референттік мөлшерлеме және Өзгермелі спрэдке негізделген Өзгермелі мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне; немесе (С) Өзгермелі спрэдке негізделген Өзгермелі мөлшерлемеден Тіркелген спрэдке негізделген Өзгермелі мөлшерлемеге Қарыздың алынған және өтелмеген барлық негізгі сомасына қолданылатын пайыздық мөлшерлеме базисін өзгертуді; және (ііі) Өзгермелі мөлшерлеме немесе Референттік мөлшерлеме үшін пайыздық мөлшерлеменің Жоғарғы шегін немесе Төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын Өзгермелі мөлшерлеменің немесе Референттік мөлшерлеменің шектерін айқындауды кез келген уақытта сұрата алады.

      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес сұратылған және Банк қабылдаған кез келген Конвертация Жалпы шарттарда айқындалғандай, "Конвертация" болып саналады және Жалпы шарттардың IV бабы мен Конвертация жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.

III БАП – ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсатына қол жеткізуді ұстанатыны туралы мәлімдейді. Осы мақсатта Қарыз алушыЖалпы шарттардың V бабының ережелеріне сәйкес Жобаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – "БҒМ") арқылы іске асырады.

      3.02. Егер Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмесе, осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелерімен шектелмей, Қарыз алушы осы Келісімге 2-толықтырудың ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.

IV БАП – КҮШІНЕ ЕНУІ; ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ

      4.01. Қарыз алушының Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арқылы Банк талаптарын қанағаттандыратын Жоба бойынша Операциялық нұсқаманы әзірлеуі және бекітуі Келісімнің күшіне енуінің қосымша шарттары болып табылады.

      4.02. Осы Келісімге қол қойылған күннен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім болып табылады.

V БАП – ӨКІЛДЕР; МЕКЕНЖАЙЛАР

      5.01. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.

      5.02. Қарыз алушының мекенжайы:

      Қаржы министрлігі

      Жеңіс даңғылы, 11

      Астана, 010000

      Қазақстан Республикасы

      Телекс:                        Факс:

      265126 (FILIN)                  (7) (7172) 717785

      5.03. Банктің мекенжайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі

      1818 Н, N.W. көшесі

      Вашингтон, Колумбия округі, 20433

      Америка Құрама Штаттары

      Телекс:                        Факс:

      248423 (MCI)немесе                  1-202-477-6391

      64145 (MCI)

      _______, __________, жоғарыда көрсетілген жылы және күні КЕЛІСІЛДІ.

                                          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

                                          Кім:

                                          _____________________________________

                                                      Уәкілетті өкіл

                                          Т.А.Ә.: _______________________________

                                          Лауазымы: __________________________

                                          ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ

                                          ДАМУ БАНКІ

                                          Кім:

                                          _____________________________________

                                                      Уәкілетті өкіл

                                          Т.А.Ә.:________________________________

                                          Лауазымы: __________________________

1-ТОЛЫҚТЫРУ Жобаның сипаттамасы

      Жобаның мақсаты бастауыш және орта білім берудің, атап айтқанда, ауылдық және осал мектептерде білім берудің сапасын арттыру және теңдікке қол жеткізу болып табылады.

      Жоба мынадай бөліктерді қамтиды:

      1-бөлік. Бастауыш және орта білім беру жүйесін жетілдіруді қолдау

      A. Білім берудің мазмұнын жаңғырту

      Қарыз алушыға қолдау көрсетуге бағытталған техникалық көмек, өзгелермен қатар: (a) бастауыш және орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде пилоттық іс-шараларды мониторингілеу мен бағалауды жүргізу; (b) мүдделі тараптармен мәселелерді талқылау; (c) білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес оқулықтарға қатысты қолданылатын стандарттарды жаңартып отыру; (d) оқулықтарды бағалау және іріктеу өлшемшарттарын қайта қарау; сондай-ақ (e) оқулықтардың сапасына сараптама жүргізетін техникалық сарапшылардың әлеуетін арттыру арқылы берілетін болады.

      B. Бағалау жүйелерін білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес келтіру

      БҒМ-нің оқушыларды ұлттық бағалауға жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдарына техникалық көмек пен тауарларды беру мынадай мақсаттарда көзделеді:

      (i) (a) тест тапсырмалары базасын қалыптастыру және (b) осы Жобаның 1.А-бөлігінде көрсетілген білім берудің жаңартылған мазмұнын және жаңа дағдыларды өлшеуге арналған тестілерді әзірлеу саласында қызметкерлердің әлеуетін арттыру;

      (ii) тестілердің жаңа стандарттарын жасауда, сондай-ақ тиісті ұйымдардың қызметкерлерді оқыту бөлігіндегі әлеуетін күшейту: (а) оқушылардың оқу үлгерімі көрсеткіштерін бағалау және жақсарту мақсатында ОЖСБ мен ҰБТ үшін және мектепті бітіргеннен кейін қорытынды аттестаттауға арналған тестілердің жаңа стандарттарын әзірлеу және сақтау; және (b) мұғалімдерге, әкімшілерге, жергілікті атқарушы органдарға, ата-аналарға және басқа да мүдделі тараптарға арналған ақпаратты бағалау және беру жөніндегі деректерге анағұрлым тиімді талдау жүргізу;

      (iii) қызметкерлер мен тест тапсырмаларын әзірлеушілерді тест тапсырмалары базасын әкімшілендіру, қолдау және жаңарту мәселелері бойынша оқыту.

      C. Педагогикалық білім беруді жаңғырту

      БҒМ-ге арналған техникалық көмек пен тауарлар мынадай мақсаттарда көзделеді:

      (i) (a) мұғалімдерді педагогикалық ЖОО-ларда даярлау моделін байқаудан өткізуді және (b) бағаланған модель негізінде жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуді;

      (ii) тиісті жабдықтарды беруді қоса алғанда,жаңа оқу бағдарламаларын оқыту бөлігінде жекелеген педагогикалық ЖОО-лардың әлеуетін күшейтуді;

      (iii) педагогикалық ЖОО-лардың профессорлар-оқытушылар құрамын жаратылыстану-математика циклінің пәндерін ағылшын тілінде оқытуға даярлау.

      D. Мектептерді инспекциялау арқылы есеп берушілікті арттыру

      Мұғалімдерді, мектеп директорларын және мүдделі тараптардың өкілдерін мектепті басқару және мектептерді инспекциялау мәселелері бойынша оқыту арқылы техникалық көмек берілетін болады.

      2-бөлік. Оқыту нәтижелеріндегі алшақтықты қысқарту үшін ауылдық және осал мектептерге қолдау көрсету

      A. Ауылдық мектептерге нұсқаулық материалдар мен мультимедиялық жабдықтар беру қамтамасыз етілетін болады.

      B. Педагогикалық және басқарушылық әлеуетті арттыруға бағытталған техникалық көмек және оқыту өткізу көзделеді.

      C. Инклюзивті білім беруді қолдау

      Техникалық көмек пен оқыту мынадай мақсаттарда көзделеді:

      (i) Инклюзивті білім берудің ұлттық тұжырымдамасына сәйкес жалпы білім беру процесіне ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды интеграциялау моделін әзірлеуде БҒМ-ге жәрдем көрсету;

      (ii) инклюзивті білім беру ұйымдарына жоғарыда көрсетілген модельді практикалық енгізуде және әдістемелік нұсқамаларды әзірлеуде жәрдем көрсету;

      (iii) мұғалімдер мен жергілікті білім беру органдарының өкілдерін жоғарыда(i) тармағында сипатталған модельді енгізу мәселелері бойынша оқыту.

      3-бөлік. Азаматтарды тартуды, Жобаны мониторингтеуді және оның іске асырылуын бағалауды қолдау

      A. Мүдделі тараптарды тартуға және олардың хабардар болуын арттыруға қолдау көрсетілетін болады, бұл: (i) консультациялар; (ii) ақпараттық-түсіндіру жұмыстары; (iii) шағымдарды қарау жүйесін құру және (iv) жобаның іске асырылуын тәуелсіз мониторингтеу және бағалау арқылы жасалады.

      B. Мониторингтеу және бағалау бастамаларын қолдау үшін мынадай мақсаттарда техникалық көмек берілетін болады:

      (i) (а) осы Жобаның A (a) және (d), 1.C (i) және (iii) бөліктерінде көзделген нақты бастамаларды; және (b) бүкіл Жобаны бағалау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүргізу;

      (ii) саясатты тұжырымдау мақсатында жүргізілетін бағалау нәтижесінде алынған тәжірибені БҒМ-нің талдауы;

      (iii) 4-сынып оқушыларының жетістіктерін бағалауды Жобаны іске асырудың үшінші (бастапқы деңгейді бағалау) және бесінші жылдарында (әсерін бағалау) әзірлеу және жүргізу;

      (iv) сыныпта оқыту әдістемесін оқытуға дейін және оқытудан өткеннен кейін бағалау құралын әзірлеу және/немесе жаңартып отыру;

      (v) Консультациялар беру және Жобаның іске асырылуын қолдау үшін Консультациялық-техникалық кеңес құру.

      C. Жобаны іске асыру

      Операциялық шығындарды қаржыландыруды және Консультациялық-техникалық кеңестің қызметін қамтамасыз етуді қоса алғанда, БҒМ мен ЖБТ-ның Жобаны іске асыруына қолдау көрсетілетін болады.

2-ТОЛЫҚТЫРУ Жобаны орындау

      I бөлім. Іске асыру тетіктері

      A. Институционалдық тетіктер

      1. Жалпы шарттардың V бабының ережелерімен шектелмей және Банк өзгеше келісетін жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы БҒМ арқылы:

      (а) Жобаны жалпы іске асыру және қадағалау үшін жауапты болады;

      (b) Жобаны орындауға байланысты ЖОН-да белгіленген талаптарды, өлшемшарттарды, саясаттарды, рәсімдерді және ұйымдастырушылық уағдаластықтарды қолдануды қамтамасыз етеді; және

      (c) ЖОН-ды немесе оның кез келген ережелеріне өзгерістер енгізуге, оның күшін жоюға немесе одан бас тартуға, сондай-ақ Жобаны іске асыру үшін, Банктің пікірі бойынша елеулі теріс салдарлары болуы мүмкін деген тәртіппен оның ережелерін, оған өзгерістер енгізуге, оның күшін жоюға немесе одан бас тартуға жол беруге құқылы емес.

      2. Осы Келісім күшіне енген Күннен бастап отыз (30) күннен кешіктірмей Қарыз алушы Банктің талаптарын қанағаттандыратын құрамда, ресурстармен қамтамасыз ету деңгейінде және техникалық тапсырмалармен функцияларға сәйкес БҒМ-нің ресми бұйрығымен Жобаны басқару тобын құруға және содан кейін Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі бойына оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      3. (а) Осы Келісім күшіне енген Күннен бастап тоқсан (90) күннен кешіктірмей Қарыз алушы Банктің талаптарын қанағаттандыратын құрамда,ресурстармен қамтамасыз ету деңгейінде және техникалық тапсырмаларға сәйкес БҒМ арқылы Консультативтік техникалық кеңесті құрады және содан кейін Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі бойына оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ол Жобаны іске асыру барысына мерзімді шолу жүргізу және қажеттілігіне қарай, түзету шаралары бөлігінде БҒМ-нің консультациялар беруі арқылы Жобаны іске асыру барысында стандарттарды қанағаттанарлық деңгейде ұстауды қамтамасыз етуге және алдыңғы қатарлы әлемдік стандарттарға негізделген саяси реформалар бағыттарының сақталуына жауапты болады.

      (b) Қарыз алушы БҒМ арқылы мұғалімдерді даярлау, оқу жоспарларын жасау және бағалауды жүргізу жөніндегі саясат саласында, сондай-ақ Консультативтік-техникалық кеңесті Қазақстанда мектепте білім беру аясында жүргізілетін реформалар саласында әлемдік үрдістерде терең білімі бар халықаралық және қазақстандық сарапшылармен жасақтауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап қырық бес(45) күннен кешіктірмей Қарыз алушы БҒМ арқылы бухгалтерлік есеп бойынша өзінің қолда бар автоматтандырылған бағдарламалық қамтылымы шеңберінде Банктің талаптарын толығымен қанағаттандыратын, аудиттелмеген аралық қаржылық есептерді қалыптастыру және Жобаның шоттарынан деректерді жинау мүмкіндігі бар модульді әзірлеуге және енгізуге тиіс.

      B. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

      Қарыз алушы Жобаның іске асырылуын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді.

      II бөлім. Жобаны мониторингтеу,оның есептілігі және оны бағалау

      A. Жоба бойынша есептер

      1. Қарыз алушы БҒМ арқылы Жобаның іске асырылу барысын мониторингтеуді және бағалауды жүргізетін болады және Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банк үшін қолайлы индикаторлар негізінде Жоба бойынша Есептер әзірлейтін болады. Жоба бойынша әрбір Есеп бір күнтізбелік тоқсан кезеңін қамтуға және осындай есепте қамтылатын кезең аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірілмей Банкке берілуге тиіс.

      B. Қаржылық басқару, қаржылық есептер мен аудиттер

      1. Қарыз алушы БҒМ арқылы Жалпы шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізетін болады.

      2. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережелерімен шектелмей, Қарыз алушы БҒМ арқылы Жоба бойынша әрбір Есеп шеңберінде әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей нысаны және мазмұны бойынша Банк талаптарын қанағаттандыратын тиісті күнтізбелік тоқсан үшін Жоба бойынша аудиттелмегена аралық қаржылық есептерді әзірлеп, Банкке ұсынатын болады.

      3. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09 (b) бөлімінің ережелеріне сәйкес өзінің қаржылық есептілігіне аудиторлық тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының бір қаржылық жылы кезеңін қамтуға тиіс. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік тиісті кезең аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей Банкке ұсынылуға тиіс.

      III бөлім. Сатып алу

      A. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар және консультациялық емес көрсетілетін қызметтер. Жоба үшін талап етілетін және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен консультациялық емес көрсетілетін қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінде қамтылатын немесе оларға сілтемелер қамтылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынуға тиіс.

      2. Консультациялық көрсетілетін қызметтер. Жоба үшін талап етілетін және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық консультациялық көрсетілетін қызметтер Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың I және IV бөлімдерінде қамтылатын немесе оларға сілтемелер қамтылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынуға тиіс.

      3. Анықтамалар. Осы Бөлімде сатып алудың жекелеген әдістерін немесе Банктің жекелеген келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін төменде пайдаланылатын, бас әріптерден басталатын терминдер, нақты жағдайға қарай, Сатып алу жөніндегі нұсқаманың II және III бөлімдерінде немесе Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың ІІ, ІІІ, IV және V бөлімдерінде сипатталған тиісті әдіске жатады.

      B. Тауарлармен консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жекелеген әдістері

      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарлар мен консультациялық емес көрсетілетін қызметтер Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар рәсімдеріне сәйкес берілетін келісімшарттар шеңберінде сатып алынуға тиіс.

      2. Тауарлар мен консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтардан басқа, Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша тауарлармен консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алудың мынадай әдістері пайдаланылуы мүмкін: (а) осы 2-толықтыруға қосымшада көрсетілген қосымша ережелер қолданылатын Ұлттық конкурстық сауда-саттықтар, (b) еркін саудада сатып алу және(c) тікелей келісімшарттар.

      C. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жекелеген әдістері

      1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық көрсетілетін қызметтер Сапа және құн негізінде іріктеу рәсіміне сәйкес берілетін келісімшарттар шеңберінде сатып алынуға тиіс.

      2. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Сапа және құн негізінде іріктеуден басқа, Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алудың мынадай әдістері пайдаланылуы мүмкін: (а) Тіркелген бюджет кезінде іріктеу; (b) Ең төмен құны бойынша іріктеу; (с) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу; (d) Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың 3.8-тармағына сәйкес Консалтингтік фирмаларды бір көзден іріктеу және (е) Жеке консультанттарды бір көзден іріктеу рәсімдері.

      D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді қарауы

      Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар көрсетілуге тиіс. Барлық басқа келісімшарттар Банктің кейіннен қарауына жатады.

      IV бөлім. Қарыз қаражатын алу

      A. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушы төмендегі 2-тармақта келтірілген кестеге сәйкес Заңды шығыстарды қаржыландыру үшін, Жалпы шарттардың II бабының, осы бөлімнің және Қарыз алушыға хабарламада Банк көрсететін қосымша нұсқаулықтардың (2006 жылғы мамырдағы, Банк кезең-кезеңімен қайта қарайтын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын "Дүниежүзілік Банктің жобалар қаражатын игеру жөніндегі нұсқамасын" қоса алғанда) ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.

      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін Заңды шығыстардың санаттары ("Санаты"), әрбір Санат бойынша Қарыздың бөлінетін сомалары және әрбір Санат бойынша Заңды шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі көрсетілген.

Санаты

Қарыздың бөлінетін сомасы (АҚШ долларымен көрсетілген)

Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесі (Салықтарды қоспағанда)

1) Тауарлар, консультациялық емес көрсетілетін қызметтер, консультанттардың көрсететін қызметтері, Оқыту, Жоба бойынша Операциялық шығыстар

67000000

100%

ЖАЛПЫ СОМА

67000000


      B. Алу шарттары; алу кезеңі

      1. Осы бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат:

      (а)Банк Біржолғы комиссияның толық сомасын алғанша,Қарыз Шотынан; немесе

      (b) осы Келісім жасалған күнге дейін төлемдерді жүзеге асыру үшін алынбауға тиіс.

      2. Жабылу күні – 2022 жылғы 31 желтоқсан.

2-ТОЛЫҚТЫРУҒА қосымша

      Ұлттық конкурстық сауда-саттықты өткізу кезінде пайдаланылатын сатып алу рәсімдері "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген конкурстық сауда-саттықтарды өткізу рәсімдері болады; бұл ретте, мұндай рәсімдерге Сатып алу жөніндегі нұсқаманың І бөлімінің және 3.3 пен 3.4-тармақтарының ережелері, сондай-ақ мынадай қосымша ережелер қолданылатын болады:

      (a) Құқықтылық: Сауда-саттыққа қатысушылардың сатып алу процесіне қатысуға және Банк қаржыландыратын келісімшартты жасасуға құқықтылығы Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөліміне сәйкес айқындалуға тиіс; тиісінше, ешбір сауда-саттықтарға қатысушы немесе сауда-саттықтарға әлеуетті қатысушы Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінде көрсетілгендерден басқа, өзге десе бептер бойынша Банк қаржыландыратын келісімшарттарды жасасу үшін құқыққа сыйымсыз деп жариялануы мүмкін емес. Сауда-саттыққа шетелдік қатысушыларға Ұлттық конкурстық сауда-саттық (ҰКС) рәсімдеріне қатысуға рұқсат етіледі және оларға сатып алу процесіне қатысу үшін сауда-саттықтарға жергілікті қатысушылармен әріптестік қатынастарға түсу міндеті жүктелмейді.

      (b) Тіркеу: Конкурстық сауда-саттық алдын ала тіркелген фирмалармен шектелмеуге тиіс, сондай-ақ сауда-саттыққа шетелдік қатысушылардың конкурстық өтінімдерді беру шарты ретінде жергілікті билік органдарында тіркелуі талап етілмейді.

      (c) Преференциялар: Қандай түрдегі болмасын, ешқандай преференциялар сауда-саттыққа қатысушының азаматтығы; тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің немесе жұмыс күшінің шыққан жері; жергілікті қамту; жергілікті меншік үлесі; және/немесе преференциялардың кез келген басқа да бағдарламалары негізінде конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде қолданылмауға тиіс.

      (d) Конкурстық құжаттама: Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар Банк талаптарын қанағаттандыратын келісімшарттардың ережелерін қоса алғанда, конкурстық құжаттаманың тиісті үлгілік топтамасын пайдалануға тиіс.

      (e) Сметалық шығындар: Сметалық шығындар құпия ақпарат болып табылады және сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға ашылмауға тиіс.

      (f) Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі: Конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімін ұзарту, егер бұл айрықша мән-жайларға байланысты болса, мұндай ұзарту бағалауды аяқтау және (немесе) келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңді ғана қамту шартымен, өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін және бағалауды аяқтау немесе келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңге сауда-саттыққа барлық қатысушыдан жазбаша нысанда сұратылуы мүмкін және ол төрт (4) аптадан аспауға тиіс. Ешқандай қосымша ұзарту Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз сұратылмауға тиіс.

      (g) Конкурстық өтінімдерді беру және ашу: Сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға конкурстық өтінімдерді дайындау және беру үшін конкурстық сауда-саттыққа қатысуға шақыруды жариялаған күннен бастап немесе конкурстық құжаттама әзір болған күннен бастап, көрсетілген оқиғалардың қайсысы кешірек басталуына қарай, кемінде отыз (30) күн берілетін болады. Өтінімдерді ашу оларды берудің соңғы мерзімі басталғаннан кейін тікелей, жария түрде жүргізіледі. Конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасының көшірмесі конкурстық өтінімдерді берген сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына және Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттарға қатысты Банкке бірден берілуге тиіс.

      (h) Біліктілік: Біліктілік өлшемшарттары конкурстық құжаттамада анық көрсетілуге тиіс. Онда көрсетілген өлшемшарттардың барлығы және осы көрсетілген өлшемшарттар ғана сауда-саттықтарға қатысушының біліктілігін айқындау үшін пайдаланылуға тиіс. Біліктілік "өтті немесе өткен жоқ" деген әдіс бойынша бағалануға тиіс, бұл ретте ешқандай балл пайдаланылмауға тиіс. Мұндай бағалар: (i) тиісті жалпы және нақты тәжірибенің және белгілі бір кезең ішінде осындай келісімшарттарды табысты орындаудың қанағаттанарлық қызметтік тізімінің болуын; (ii) қаржылық жағдайды; және мән-жайларға қарай (iii) құрылыстық және (немесе) өндірістік қуаттың сәйкестігін қоса алғанда, объективті және өлшенетін факторлар ескеріле отырып, келісімшартты тиімді орындау үшін қажетті сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының мүмкіндіктері мен ресурстарына толық негізделуге тиіс.

      (i) Алдын ала біліктілік пайдаланылмайтын жағдайларда, келісімшартты беруге ұсынылған, сауда-саттыққа қатысушының біліктілігі жоғарыда (d) тармақта сілтеме жасалған конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік өлшемшарттары қолданыла отырып, біліктіліктен кейінгі процесте бағаланатын болады.

      (j) Конкурстық өтінімдерді бағалау: Бағалау өлшемшарттары конкурстық құжаттамада нақты көрсетілуге тиіс. Конкурстық өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада мәлімделген, санмен өлшенетін өлшемшарттарға қатаң сәйкестікте жүргізілуге тиіс. Бағаны қоспағанда, басқа да бағалау өлшемшарттары ақшалай мәнде санмен айқындалуға тиіс. Балдар мен шекті мәндер әдісі пайдаланылмауға тиіс, бұл ретте конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде бағаның маңыздылығын айқындау үшін ешқандай да ең төменгі балдар немесе пайыздар қолданылмауға тиіс. Сауда-саттыққа қатысушылар болмашы, елеусіз ауытқулар негізінде шеттетілмеуге тиіс. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысушылардан олар берген өтінімдерді бағалау үшін қажетті түсініктеме сұратуы мүмкін, алайда ол өтінімдер ашылғаннан кейін сауда-саттыққа қатысушылардан өздерінің конкурстық өтінімдерінің мазмұнын немесе бағасын өзгертуді сұрай алмайды немесе оған рұқсат бере алмайды.

      (k) Келісімшарттар конкурстық өтінімі: (i) негізінен конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келуші; және (ii) ең аз бағалау құнын ұсынушы ретінде айқындалған сауда-саттықтарға білікті қатысушыға берілуге тиіс. Бағаға немесе конкурстық өтінімнің мазмұнына қатысты ешқандай келіссөздер жүргізілмеуге тиіс.

      (l) Конкурстық өтінімдерді қабылдамау және қайтадан беру: Ешқандай конкурстық өтінімдер бағасы төмен болғандықтан немесе бағалау құнынан асып кеткендіктен, конкурстық өтінімдер құнының диапазоны шегінен немесе шекті мәндері шеңберінен асып кететін болғандықтан ғана қабылданбауға тиіс емес.Конкурстық өтінімдердің барлығы (сауда-саттықты ұйымдастырушылар екеуден кем өтінім алған жағдайларды қоса алғанда) қабылданбауға тиіс емес, сатып алу процесі тоқтатылмауға тиіс және жаңа конкурстық өтінімдерді беруге шақыру Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияланбауға тиіс.

      (m) Кепілдіктер: Конкурстық өтінімдерге және келісімшарттардың орындалуына кепілдіктер конкурстық құжаттамада көрсетілген форматта берілуге және қажетті қолданылу мерзімі болуға тиіс, оған жоғарыда (d) тармағында сілтеме берілген. Қажет болған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін және келісімшарттың сметалық құнының екі пайызынан (2%) аспауға тиіс. Аванстық төлемнің тиісті кепілдігі болмайынша мердігерлерге ешқандай аванстық төлемдер жүргізілмеуге тиіс.

      (n) Құпиялылық: Конкурстық өтінімдерді бағалау процесі келісімшартты беру туралы ақпарат жарияланғанға дейін құпия болуға тиіс.

      (o) Электрондық сатып алу жүйелері: Банк өзгелермен қатар олардың қауіпсіздігін және берілетін өтінімдердің тұтастығын, құпиялылығын және теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, жүйелердің параметрлерімен қанағаттанған жағдайда, электрондық сатып алу жүйелері пайдаланылуы мүмкін.

      (p) Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық: Сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес барлық конкурстық құжаттама мен келісімшарттар Сатып алу жөніндегі нұсқамада айқындалғандай, алаяқтығы, сыбайлас жемқорлық әрекеті, сөз байласуы немесе кедергі келтіретін практикасы әшкереленген фирмаларға немесе адамдарға санкцияларды қолдану бойынша Банк саясатына қатысты ережелерді қамтуға тиіс.

      (q) Тексерулер мен аудиттер жүргізуге қатысты құқықтар: Сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес конкурстық құжаттаманың әрбір топтамасында және Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын әрбір келісімшартта сауда-саттықтарға қатысушылар, өнім берушілер мен мердігерлер, сондай-ақ олардың қосалқы мердігерлері, агенттер, қызметкерлер, консультанттар, көрсетілетін қызметтердің провайдерлері немесе өнім берушілер Банкке өздерінің шоттарын, есептік және конкурстық өтінімдер берумен келісімшарттарды орындауға қатысты басқа да құжаттамасын тексеруге рұқсат беретіні, сондай-ақ Банк тағайындаған аудиторларды шоттар мен есептік құжаттамаға аудит жүргізуге жіберетіні туралы ережелер қамтылуға тиіс. Сатып алу жөніндегі нұсқамада көзделген тексерулер мен аудит жүргізу бойынша Банктің өз құқықтарын қолдануына елеулі қиындықтар жасауға бағытталған іс-әрекеттер Сатып алу жөніндегі нұсқамадағы анықтамаға сәйкес кедергі келтіретін практика болып табылады.

      (r) Келісімшарттарды жасасу туралы ақпаратты жариялау: Сауда-саттықты ұйымдастырушы ашық веб-ресурстарда немесе Банк үшін қолайлы басқа да ақпарат көздерінде келісімшарттарды беру туралы мынадай ақпаратты: (i) әрбір өтінім берген сауда-саттыққа қатысушының атауын(атын);(ii) өтінімдерде көрсетілген және оларды ашу рәсімі шеңберінде жарияланған бағаларды; (iii) атауын және бағалану рәсімінен өткен әрбір өтінімнің бағаланған бағасын; (iv) өтінімдері қабылданбаған,мұндай қабылданбау себептері көрсетіле отырып, сауда-саттықтарға қатысушылардың атауын(атын); (v) сауда-саттықтардың жеңімпазының атауын(атын), ол ұсынған бағаны, сондай-ақ онымен жасалған келісімшарттың қолданылу мерзімі мен мазмұнын жариялауға тиіс.

3-ТОЛЫҚТЫРУ Өтеу графигі

      1. Мына кестеде Негізгі борышты өтеу төлемдерінің күндері және Негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге тиіс Қарыздың жалпы сомасының пайыздық үлесі ("Өтеу үлесі") көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты Негізгі борышты өтеудің бірінші күніне толық алынатын болса, онда Негізгі борышты өтеудің осындай әрбір күні Қарыз алушы өтеуге тиісті Қарыздың Негізгі сомасын Банк: (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші күні алынған Қарыз сомасын және (b) Негізгі борышты өтеудің әрбір күні Төлемді өтеу үлесін көбейту арқылы айқындайтын болады,өтелуге тиіс мұндай сомаосы Толықтырудың 4-параграфында атап көрсетілген, валюта Конверсиялау қолданылатын кез келген сомаларды шегеру үшін қажеттілігіне қарай түзетілетін болады.

Негізгі борышты өтеу күні

Өтеу үлесі
(пайызбен көрсетілген)

2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2033 жылғы 15 тамыз аралығында әрбір 15 ақпан мен15 тамызда

4,35%

2034 жылғы 15 ақпанда

4,30%

      2. Егер Қарыз қаражаты Негізгі борышты өтеудің бірінші күні толық алынбаған болса, онда Негізгі борышты өтеудің осындай әрбір күні Қарыз алушы өтеуге тиіс Қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалатын болады:

      (a) Негізгі борышты өтеудің бірінші күні алынған кез келген Қарыз қаражатын Қарыз алушы осы Толықтырудың 1-тармағына сәйкес осындай күні алынған Қарыз сомасын өтеуге тиіс шамада.

      (b) Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез келген сома алымы Негізгі борышты өтеудің осы күні үшін осы Толықтырудың 1-тармағындағы кестеде көрсетілген Өтеу үлесінің бастапқы сомасы ("Төлемді өтеу үлесінің бастапқы сомасы") болып табылатын, ал бөлімі осындай күнге немесе одан кейінгі күнге Негізгі борышты өтеу күні Төлемдерді өтеу үлесінің барлық қалған Бастапқы сомалары болып табылатын бөлшекке әрбір осындай алу сомасын көбейту арқылы Банк айқындайтын сомаларда осындай алу күнінен кейін Негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге тиіс, өтелуге тиіс сома, қажет болғанда, осы Толықтырудың 4-тарауында атап көрсетілген, валюта конвертациялау,қолданылатын кез келген сомаларды шегеру үшін түзетілетін болады.

      3. (a) Негізгі борышты өтеудің кез келген күнінің алдындағы күнтізбелік екі ай ішінде алынған Қарыз сомалары Негізгі борышты өтеудің кез келген күні төленуге тиіс Негізгі борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана алынған күннен кейінгі Негізгі борышты өтеудің екінші күні алынды және өтелмеді деп есептеледі және алынған күннен кейінгі Негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап Негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге тиіс болады.

      (b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер Банк кез келген уақытта Негізгі борышты өтеудің тиісті күні немесе одан кейін шоттар жазылатын төлем мерзімдері негізінде шоттарды шығару жүйесін енгізсе, бұл тармақшаның ережелері шоттарды шығарудың осындай жүйесі енгізілгеннен кейін жасалған кез келген алуға қолданылмайтын болады.

      4. Осы Толықтырудың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Қарыздың алынған қалдығының барлық немесе қандай да бір бөлігінің валютасын Бекітілген валютаға Конвертациялағаннан кейін, Конвертация кезеңі ішінде басталатын Негізгі борышты өтеудің кез келген күні өтелуге тиіс, Бекітілген Валютаға осылайша айырбасталған соманы Банк тікелей Конвертациялау алдында мұндай соманы мыналардың кез келгеніне: (і) Конвертациялауға жататын Валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банк төлеуге тиіс Бекітілген валютадағы негізгі борыштың сомасын көрсететін айырбастау бағамына; немесе (іі) егер Банк Конвертациялау жөніндегі нұсқамаға сәйкес тиісті шешім қабылдаса, Экрандық мөлшерлеменің валюталық құрамдасына оның деноминацияланатын валютасына көбейту арқылы айқындайтын болады.

      5. Егер Қарыздың алынған қалдығы Қарыздың біреуден астам Валютасында деноминацияланған болса, осы Толықтырудың ережелері әрбір осындай сома үшін өтеудің жеке графигін ресімдеу үшін әрбір Қарыз Валютасында көрсетілген сомаға жеке қолданылады.

ҚОСЫМША

      I-бөлім. Анықтамалар

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқама" 2011 жылғы қаңтардағы өзгерістері мен толықтырулары бар 2006 жылғы 15 қазандағы "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде, алаяқтықпен сыбайлас жемқорлықты болғызбау және жолын кесу жөніндегі нұсқаманы" білдіреді.

      2. "Санат" осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөліміндегі кестеде көзделген санатты білдіреді.

      3. "Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқама" 2011 жылғы қаңтардағы "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі нұсқаманы" (2014 жылғы шілдедегі өзгерістермен және толықтырулармен)білдіреді.

      4. "Оқу жетістіктерін сырттай бағалау" немесе "ОЖСБ" білім беру қызметтерінің сапасын және негізгі орта білімді және жоғары білімді аяқтау кезінде осы Жобаның 1.B (ii) бөлігінде көрсетілгендей, белгілі бір мамандықтар бойынша оқушылардың білім беру бағдарламаларының мазмұнын меңгеру дәрежесін ұлттық кең ауқымды бағалауды білдіреді.

      5. "Жалпы шарттар" осы Қосымшаның ІІ бөлімінде көзделген өзгерістер бар, 2012 жылғы 12 наурыздағы "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыздарына арналған жалпы шарттарды"білдіреді.

      6. "Білім және ғылым министрлігі" немесе "БҒМ",Қарыз алушының Білім және ғылым министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.

      7. "Қаржы министрлігі" Қарыз алушының Қаржы министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.

      8. "Операциялық шығыстар" байланысқа, ауызша және жазбаша аударма қызметтеріне, комиссиялық алымдарға, кеңсе тауарларына, хабарландыруларға, конференцияларға, семинарларға, Жоба жөніндегі ақпаратты таратуға, офистік үй-жайларды жалға алуға және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, сақтандыруға, техникалық қызмет көрсетуге және офистік жабдықты жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және көлік құралдарын жөндеуге, Жоба бойынша сапарларға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстарды және Жобаға тікелей байланысты өзге де шығындарды қоса алғанда, БҒМ және ЖБТ-тың Жобаны іске асыру, басқару және мониторингілеу процесінде тікелей көтеретін операциялық өсімдер шығындарын білдіреді, әрбір жағдайда олар Банк үшін қолайлы кезеңдік дайындалатын бюджетке негізделеді, бірақ бұл ретте, Қарыз алушының кез келген мемлекеттік қызметшісіне еңбекақы төлеу қосылмайды.

      9. "Жобаны басқару тобы" немесе "ЖБТ" Жобаны басқаруда және үйлестіруде қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Қарыз алушы осы Келісімге 2-толықтырудың І.2-бөліміне сәйкес құрған және осы Келісімге 2-толықтырудың I.A.2 (a) бөлімінде көрсетілген Жобаны басқару тобын немесе Банк үшін қолайлы оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.

      10. "Жоба бойынша операциялық нұсқама"немесе "ЖОН"Банк үшін қолайлы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаманы білдіреді, онда өзгелермен қатар Банктің келісімімен кезең-кезеңмен енгізілетін ықтимал өзгерістермен Жобаны іске асыру мақсатында институционалдық тетіктер, есептілік және қадағалау, қаражаттарды игеру, сатып алу, экологиялық және әлеуметтік басқару тетіктері жазылады; бұл ұғым ЖОН-ға кез келген қосымшаны қамтиды.

      11. "Сатып алу жөніндегі нұсқама" 2011 жылғы қаңтардағы "ХҚДБ қарыздары мен ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша Дүниежүзілік банктің Қарыз алушыларының тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жөніндегі нұсқаманы (2014 жылғы шілдедегі редакцияда)білдіреді.

      12. "Сатып алу жоспары"Қарыз алушының Сатып алу жөніндегі нұсқаманың 1.18-параграфында және Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың 1.25-параграфында көрсетілген және көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес кезең-кезеңмен жаңартылып отыруға тиіс Жобаға арналған 2017 жылғы 18 қаңтардағы Қарыз алушының сатып алу жоспарын білдіреді.

      13. "Консультативтік техникалық кеңес" осы Келісімге 2-толықтырудың І.3-бөлімінде көрсетілген техникалық консультациялық топты немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.

      14. "Оқыту" оқу материалдарына, үй-жайлар мен жабдықтарды жалға алуға, іс-сапарларға жұмсалатын шығыстарды, білім алушылар мен оқытушылардың тұру және тәуліктік шығыстарын,оқытушылардың гонорарлары және оқытумен байланысты өзге де шығыстарды қоса алғанда, Жобамен байланысты оқу сапарларына, оқыту курстарына, семинарларға, тренингтерге және басқа да оқу іс-шараларына жұмсалған негізделген шығыстарды білдіреді (консультациялық көрсетілетін қызметтерге немесе тауарларға жұмсалатын шығыстарға байланысты емес), әрбір жағдайда олар Банкпен келісілген жылдық бюджетке негізделеді.

      15. "ҰБТ" Ұлттық Бірыңғай тестілеуді білдіреді.

      II бөлім. Жалпы шарттардағы өзгерістер

      Осы арқылы Жалпы Шарттарға мынадай түрлендірулер енгізіледі:

      1. Мазмұнында бөлімдерге сілтемелер, олардың атаулары мен нөмірленуі төмендегі тармақтарда белгіленген өзгерістерді көрсету үшін өзгертілді.

      2. 3.01-бөлімге. (Біржолғы комиссия)мынадай өзгеріс енгізіледі:

      "3.01-бөлім. Біржолғы комиссия; Резервке қою үшін комиссия

      (a) Қарыз алушы Банкке Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме бойынша Қарыз сомасына Біржолғы комиссияны төлейді ("Біржолғы комиссия").

      (b) Қарыз алушы Банкке Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме бойынша Қарыздың алынбаған қалдығына қатысты Резервке қою үшін комиссия төлейді ("Резервке қою үшін комиссия"). Резервке қою үшін комиссия Қарыз туралы Келісім күнінен кейін алпыс (60) күн өткен күннен бастап Қарыз алушы Қарыз шотынан соманы алған немесе оның күшін жойған тиісті күндерге дейін есепке жазылады. Резервке қою үшін комиссия әрбір алты ай сайын әр кезеңнің соңында әрбір Төлем күні төленуі тиіс.".

      3. "Анықтамалар"деген қосымшада бөлімдер мен тармақтардың нөмірлеріне барлық тиісті сілтеме жоғарыда 2-параграфта көзделген өзгерістерді көрсету үшін қажеттілігіне қарай өзгереді.

      4. Қосымшаға барлық кейінгі тармақтың нөмірленуі тиісінше өзгертіле отырып,"Резервке қою үшін комиссия" деген келесі анықтамамен жаңа 19-тармақты қосу арқылы өзгеріс енгізіледі:

      "19. "Резервке қою үшін комиссия" 3.01(b) бөлімі мақсатында Қарыз туралы келісімде көзделген резервке қою үшін комиссияны білдіреді".

      5. Қосымшаның қайта нөмірленген 49-тармағында (бастапқы 48-тармақ) "Біржолғы комиссия" деген анықтама 3.01-бөлімінен 3.01 (а) бөліміне сілтемелерді ауыстыру арқылы өзгертілді.

      6. Қосымшаның қайта нөмірленген 68-тармағында (бастапқы 67-тармақ) "Қарыз бойынша төлем" деген сөздердің анықтамасы мынадай түрде оқу үшін өзгертілді:

      "68. "Қарыз бойынша төлем" Қарыздың алынған қаражатының, сыйақының,Біржолғы комиссияның,Резервке қою үшін комиссияның,мерзімі өткен төлем үшін пайыздық мөлшерлеменің (егер ондай болса)қандай да бір көлемін, мерзімінен бұрын өтеу үшін қандай да бір айыппұлды, конвертациялау үшін немесе конвертациялауды мерзімінен бұрын тоқтату үшін қандай да бір операциялық алымды, Ауыспалы спрэдті тіркеу үшін төлемді (егер ондай болса),пайыздық мөлшерлеменің тіркелген Жоғарғы немесе Төменгі шегін белгілегеннен кейін төленуге тиіс қандай да бір сыйлықақыны және шарттардың өзгеруіне байланысты Қарыз алушы төлеуге тиіс кез келген соманы қоса алғанда (бірақ шектелместен),Заңдық келісімдерге немесе осы Жалпы шарттарға сәйкес Қарыз Тараптарының Банкке төлеуге тиіс сомасын білдіреді.".

      7. Қосымшаның қайта нөмірленген 73-тармағында (бастапқы 72-тармақ) "Төлем күндері" деген анықтама"пайыз" деген сөзден кейін"болып табылады" деген сөздерді алып тастау және "және Резервке қою үшін комиссия" деген сөздерді қою арқылы өзгертілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады