2015 жылғы 15 қыркүйекте Душанбеде жасалған Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |