"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 622 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығымен

  Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметі актілерінің жинағында және
республикалық баспасөзде жариялануға тиіс

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.03.2022 № 826 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Орталық атқарушы органдар басшыларының, əкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 53-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер, Қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уəкiлеттi органның келісумен, республикалық телеарнада тікелей қосылым жəне өңірлермен бейнеконференцбайланысын ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер туралы хабардар етсін.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орталық жəне жергілікті атқарушы органдар:

      1) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық жəне өңірлік бұқаралық ақпарат баспа құралдарында, ресми интернет-ресурстарда жəне "электрондық үкіметтің" веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында есеп беру кездесулерін өткізу кестелерін жəне алдағы есеп беруге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тəсілдері туралы ақпаратты жарияласын;

      2) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын ашық деректердің интернет-порталына жəне орталық, жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының блог платформасына, сондай-ақ өтініштердің басқа да нысандарында келіп түскен ұсыныстар мен сұрақтарды жинауды, талдауды жəне іріктеуді қамтамасыз етсін.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Орталық атқарушы органдардың басшылары есепті кездесу аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізілген есепті кездесулердің қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөз сөйлесін.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады