Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 133 Жарлығы.

      2020 жылы Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық жəне мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан əрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сəйкес құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін.

      4. Мемлекеттік комиссия:

      1) Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2019 жылғы 1 қарашаға дейін бекітсін;

      2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 26 тамыздағы
№ 133 Жарлығына
ҚОСЫМША

Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға

      Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі, комиссияның хатшысы

      комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің əлеуметтік мəселелер жөніндегі орынбасары

      Nur Оtan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      мемлекеттің өңірлік саясаты саласындағы жұмысқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі

      Нұр-Сұлтан қаласының əкімі

      Алматы қаласының əкімі

      Түркістан облысының əкімі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

      Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      "Қазақстан Жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан Жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі "əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "М.О.Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыс тану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі "əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының əл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісім бойынша)

      "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы – Халықаралық түркі мəдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас директоры (келісім бойынша)

      Қыдырəлі Дархан Қуандықұлы – Халықаралық Түркі академиясының президенті, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Сатаев Ахан Қарғамбайұлы – кинорежиссер, сценарийст, продюсер (келісім бойынша)

      Сейтахметова Наталья Львовна – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі "Философия, саясаттану жəне дінтану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (келісім бойынша)

      Сырғақбаева Ақмарал Сəлімжанқызы – фарабитанушы, философия ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады